1.Қаржылық менеджменттің мақсаты және міндеттері


Басқару объектісінің қызметтеріне



бет3/13
Дата05.05.2023
өлшемі49,65 Kb.
#90074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1. аржылы менеджментті ма саты ж не міндеттері

Басқару объектісінің қызметтеріне мыналар жатады:ақшалай айналымды ұйымдастыру; қаржылық құралдармен және инвестициялық құралдармен қамтамасыз ету; қаржылық жұмысты ұйымдастыру; негізгі және айналым қорларымен қамту; активтерді, капиталды, инвестицияларды және қаржылық тәуекелді басқару.
Активтерді басқаруда қаржылық менеджменттің негізгі қызметтері - кәсіпорын операциялық қызметі көлеміне байланысты активтердің жеке түрлеріне қажеттілікті анықтау, оларды кешенді пайдаланудың кешенділігі тұрғысынан, активтердің құрамын оңтайландыру, айналым құралдарының өтімділігін қамтамасыз ету және олардың айналым циклын жылдамдату, оларды қаржыландырудың тиімді түрлері мен көздерін таңдау.
Капиталды басқару қызметін жүзеге асыруда кәсіпорын активтерін қаржыландыру үшін капиталға деген жалпы кажеттілік аталады оны тиімдірек колдану максатында капитал құрылымы оңтайландырылады, тиімдірек активтер түрлеріне капиталды қайта қаржыландыру бойынша шаралар жүйесі жасалады.
Инвестицияларды басқару қызметтері: кәсіпорын инвестициялық қызметінің маңызды бағыттарын қалыптастыру; жеке нақты инвестициялық жобалар мен қаржылық құралдардың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен олардың ең тиiмдiсiн таңдау; нақты инвестициялық бағдарламалар мен қаржылық инвестициялар қорын қалыптастыру; инвестицияларды қаржыландырудың ең тиімді түрін таңдау.
Ақшалай ағымды басқару қызметтері кәсіпорын иелігіндегі ақшалай ағымдарын қалыптастыру, уақытша бос ақшалай активтердi тиiмдi пайдалану.
Қаржылық тәуекелді басқаруды жүзеге асыруда кәсіпорын шаруашылық кызметіндегі орын алатын негізгі қаржылық тәуекелдер құрамы анықталады, тәуекелдер деңгейі және олармен байланысты жалпы шаруашылық қызмет пен жеке операциялар бойынша мүмкін қаржылық шығын көлемi бағаланады; жеке қаржылық тәуекелдерді төмендету және оларды сақтандыру бойынша шаралар жүйесі қалыптастырылады; тұрақты мониторинг негізінде банкротқа ұшырау қаупі деңгейі талданады және оның жоғарғы деңгейiнде кәсіпорында дағдарысқа қарсы қаржылық басқарудың механизмдері қолданылады. Қаржылық менеджменттің кәсіпорынды арнайы басқару обьектісі ретіндегі ерекшеліктерін ескерумен нақтылануы мүмкін. Мұндай нақтылауды жүзеге асыруды есепке ала отырып, кәсіпорында қаржылық кызметті басқарудың көп деңгейлі функционалдық жүйесі құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет