Жүйенің ішкі энегиясы (U) - молекуланың, атом ядросының, электрондарының қозғалысының толық энергиясынан, молекулалық әрекеттесу энергиясынан және т.б. энергиялардан тұрады.
Термодинамиканың бірінші заңы- энергия сақталу заңының жеке көрінісі болып есептеледі және оған мынадай анықтама беруге болады.
5.”Химиялық реакцияның жылдамдығы. Химиялық тепе-теңдік” тақырыбы бойынша конспект жазу Химиялық реакциялардың қарапайым, иондық және радикалды механизмі Органикалық реакциялар бейорганикалық реакциялардың заңдылықтарына бағынғанымен, біраз ерекшеліктері де бар. Органикалық реакциялар, негізінен, молекулалардың арасында жүреді. Сондықтан иондар қатысатын бейорганикалық реакциялардай емес, органикалық реакциялар баяу жүреді. Оларды тездету үшін өршіткілер (катализаторлар) пайдаланылады және қажетті жағдайда температура мен қысымды жоғарылатады. Осындай себептерден органикалық реакциялар өнімінің шығымы төмендеу болып, қосымша заттар түзе жүреді.
Органикалық реакцияларды теңдеу түрінде емес, сызбанұсқа түрінде жазып, онда бастапқы заттарды, реакцияның негізгі өнімдерін және реакцияның жүру жағдайларын көрсетеді. Теңдік белгісінің (=) орнына бағдарша (→) қойылады. Кейде бағдаршаның үстінде реакцияның жүру жағдайы көрсетіледі.
Реакциялардың жіктелуі[
Органикалық реакцияларды жіктеудің бірнеше жолы бар. Оларды химиялық айналымдардың сипатына және реакциялардың жүру механизмдеріне, т.б. белгілеріне байланысты жіктеу жиі қолданылады.
Химиялық айналымдардың сипаты
Химиялық айпалымдардың сипатына байланысты органикалық реакцияларды орынбасу, қосылу, айырылу, қайтатоптасу (изомерлену), тотығу, полимерлену, т.б. түрлерге бөледі.
1. Орынбасу реакциялары. Бастапқы молекуладағы атомның (не атомдар тобының) орнын басқа атом (не атомдар тобы) басып, жаңа молекула түзіледі:
СН4 + HONO2→CH3-NO2+ Н2O
2. Қосылу реакциялары. Екі немесе одан да көп заттардан бір жаңа зат түзіледі. Көміртек қаңқасы бар бастапқы молекулаға басқа атом не атомдар тобы қосылады:
СН2 = СН2 + Cl2→СН2Cl-СН2Cl
3. Айырылу (ыдырау ) реакциялары. Бастапқы органикалық қосылыстан құрылымы қарапайым бірнеше зат түзіледі (бастапқы молекуладан атомдар тобы үзіледі):
СН4→С + 2Н2 4. Изомерлену (қайтатоптасу)реакциялары. Реакциялардың бұл түрлерінде реакцияға түскен заттың молекулалық формуласы өзгермейді, атомдар мен атом топтарының молекула ішіндегі байланысу реті өзгеріп, жаңа зат түзіледі.
5. Тотығу және тотықсыздану реакциялары. Тотығу реакциясы көміртектің өзінен электртерістігі үлкенірек элементпен (галоген, оттек, т.б.) жаңа байланыс түзуі арқылы жүреді. Реакция барысында көміртек атомының тотығу дәрежесі өседі. Тотықтырғыштың әсерінен (оның формуласын жазбай-ақ [О] арқылы белгілеуге де болады) реагент оттек қосып алады немесе сутек бөлінеді:
CH4+[O]→CH3OH
Жану реакциясы тотығу реакциясының жиі үшырасатын түрі.
Реакция толық жүрсе, көміртек диоксиді мен су түзіледі:
2С2Н6 + 7O2→4СO2+6Н2O
Тотықсыздану реакциясы барысында көміртек атомының тотығу дәрежесі кеміп, жаңа С—Н байланыстар түзіледі. Тотықсыздандырғыштың әсерінен ([H] деп белгілеуге болады) реагент сутек қосып алады немесе оттектен айырылады.
Гидрлеу реакциясы тотықсыздану реакциясының жиі ұшырасатын түрі. Сутек еселі байланысқа қосылады. Реакция өршіткі (VIII топ металдары: Ni, Pt, Pd) қатысында өтеді:
C2H2+H2→C2H4 6. Полимерлену реакциялары. Құрамында еселі байланысы бар қарапайым заттар — мономерлер бір-бірімен қосылып, құрамы күрделі жоғары молекулалы қосылыс — полимер түзеді:
nCH2=CH2→(-CH2-CH2-)n Органикалық реакциялардың бұлардан басқа түрлерін кейін қарастырамыз.
Органикалық реакциялардың механизмдері[
Органикалық реакцияларды олардың жүру механизмдеріне байланысты жүйелеу қолайлы. Әрбір реакция белгілі бір механизммен жүреді. Механизм— химиялық реакцияның қарапайым сатылар арқылы жүру реті. Реакцияның механизмі бастапқы заттардағы химиялық байланыстың үзілу түріне тәуелді болады.
Коваленттік байланыстың үзілу механизмі екі түрлі өтуі мүмкін: гомолитті (симметриялы, радикалды) және гетеролитті (ассимметриялы, ионды).