1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


«Көбе» сөзі жыраулық поэзияда қайсы жырау шығармаларын да кездеседі, мәнін түсіндір?



бет12/42
Дата24.05.2023
өлшемі482,8 Kb.
#96805
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
DOC-20230513-WA0021.

27. «Көбе» сөзі жыраулық поэзияда қайсы жырау шығармаларын да кездеседі, мәнін түсіндір?
Көбе, көбе сауыт – дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың соғыста кебенек (киіз кеудеше) сыртынан киген сауыты. Оның 2 түрі болған:

  1. жүрек тұсын, білекті, тізені, иықты садақ оғынан, қылыштан, найзадан қорғау үшін жалпақ темірден жасалған көбе;

  2. бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мыс, кейде алтын мен күміс табақшаларды қатпарлап тізіп немесе металл шынжырларды біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасаған көбе.

Ол үшін алдымен қалың қатты теріден, сүйектерден, темірден белгілі бір пішінде тілікшелер берік мата, киіз немесе теріден жасалған астарға қайыспен немесе сыммен тігіп бекітіледы. Адам қимылына кедергі келтірмес үшін, көбелер жоғары және орта тұсынан ғана бекітіліп, төменгі жағы бос қалдырылады.
Көбе сауыттың сыртқы пішіні әр түрлі болып келеді. Ұзын немесе қысқа етекті, жеңді немесе жеңсіз, жағалы немесе жағасыз түрлері де кездеседі. Көбе сауыттың жеңдері ішкі қолтық жағынан ашық болып жасалады. Көбе сауыт бүйірлерінен ашылып, мойыннан киіледі де жеңдері, бүйірлері баулармен байланады. Ұзын етекті сауыттар да қозғалуға кедергі келтірмес үшін алдынан және артынан немесе екі бүйірінен жырылып жасалады. Көбе сауыттан денеге оқ, қару өтпес үшін кейде кеуде, арқа тұсына, иықтарына болат тақташалар орнатылады.


Шалкиіздің “Алаштан байтақ озбаса” жырында:
Күлікке тастай болып тимесе,
Үстіме көбе сайлап кимен-ді!

Доспамбет жырауда:
Кілең бұздай кілшейтіп, 
Көбелер киген өкінбес. 

Шалкиіз бен Махамбетте:
Көн садақтың ішінде 

Көбе бұзар жебе бар. 



28. Асан Қайғы туралы зерттеулер мен деректер.
Аты аңызға айналған біртуар тұлға Асан қайғы Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген. Қазақ тарихшысы Құрманғали Халитұлы «Тауарих хамса» атты кітабы бойынша, Асан қайғы- Майқы бидің алтыншы ұрпағы делінген еді.
Асан қайғыға қатысты аңыздарды өз кезінде бірқатар Ш.Уәлиханов, Г.Потанин секілді этнограф-ғалымдар өз зерттеу нысанына айналдырған еді. Ш.Уәлиханов Асан есімін өзінің зерттеу еңбектерінде бірнеше рет атап көрсеткен. Зерттеуші ғалым Асан абызды қазақ ханы Жәнібек ханның билік құрған тұсымен байланыстыра отырып, дала халқы күні бүгінге дейін пәслсапашы Асан қайғы туралы аңыздар мен оның адамгершілік туралы өсиеттерін аузынан тастамайтынын баса айтып өтеді. Сонымен қатар, ғалым Г.Потанин де Асан қайғы туралы аңыздарға көңіл бөліп, көшпелілер философы туралы екі аңыз нұсқасын жазып алған.
Қ.Халид «Тауарих хамса» еңбегінде Асанның өмірі мен шығармашылығы турасында ел аузынан тарихи деректер жинап, Асан Қайғының өмір сүрген мезгілін анықтауға тырысады. Асан қайғыны әуелі Кіші Мұхаммед хан жанында Сарайда болған, кейін Ұлық-Мұхаммед хан қасында болған деген пікір айтқан болатын. Бұл пікірдің зерттеуші-ғалым Ә.Дербісалин тарихи шындыққа сәйкес еместігін атай отырып, аңыз Асанды Жәнібек заманының адамы етіп көрсететінін айтады. Ғалым М.Әуезов «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты еңбегінде Асан қайғы туралы ойды толғай отырып, ол туралы аңыздарды халық аңсаған арман-тілек бейнеленген кейіпкер екенін аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет