1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз


Асан қайғы туралы ақиқат пен аңызды салыстырмалы кесте арқылы көрсетіңіз



бет10/42
Дата24.05.2023
өлшемі482,8 Kb.
#96805
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
DOC-20230513-WA0021.

25. Асан қайғы туралы ақиқат пен аңызды салыстырмалы кесте арқылы көрсетіңіз.
Ақиқат:
Мұхтар Мағауин алғаш рет 1984 жылғы шыққан «Бес ғасыр жырлайды» кітабында Асанқайғы (ХV ғасыр) туралы: «Асанқайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы 1361-1370 жылдар аралығында Еділ бойында туса керек. (Дүдәмал!А.Н.). Тарихи аңыздар Асанның әкесі саятшы екен дейді. Революциядан бұрын жасаған қазақ тарихшыларының еңбектеріне қарағанда, Асан Алтын Орда ханы Ұлұғ-Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болады. ХV ғасырдың 20-жылдарында Ұлұғ-Мұхамед ордадан қуылғанда Асан өз әміршісімен бірге кетеді. Көп ұзамай Қазанда билік құрған Ұлұғ-Мұхамедтің ақылгөйлері қатарында болған ақын хан өлген соң Дешті-Қыпшаққа қайтып оралады. 1450 жылдарда Әбілхайыр ұлысындағы тартыс кезінде Керей, Жәнібек сұлтандарды жақтайды. 1456 жылы Шу алқабында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады. Сірә, Асан қазақтардың бұрынғы Көк Орда жеріндегі үкімі артып, қазіргі Қазақстанның орталық және солтүстік-батыс алқабын қайтадан иеленген уақыты – 1465 жылы әлі тірі болса керек. Аңыздың айтуынша, ақын Сарыарқада-Ұлытауда дүние салыпты» деседі
Аңыз:
Асан қайғы төңірегіндегі аңыздар ішіндегі ең тан-даулысы – Асан қайғының Жерұйықты іздеуі жайлы аңыз. Асан қайғы елдің көшіп отырған тұрмысына қанағаттан-байды, халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойын-ша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, аты – «Жерұйық». Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төртбұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге тиісті баға беріп отырады. Ақыры Жерұйықты таба алмай, өксіп дүние кешеді...
Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы дәулескер күйші де болған. Көптеген күйдің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады
Аңызда Асан қайғының баласы Абат туралы да жиі айтылады. Әке тапсырмасымен Жерұйық іздеп шыққан Абат сондай жерді Ойыл бойынан тауып, әкесіне қуанышты хабарды жеткізуге асығады. Бірақ жол үстінде желмаядан құлап қаза болады. Қобда жеріндегі атақты Абат-Байтақ кесенесі сонда тұрғызылады.
Енді бір деректе Асан қайғының әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткені, қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан қайғы мазары екендігі айтылып жүр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет