1.Қазақ хандығы қалыптасуының жыраулық поэзияның дамуына әсерін сипаттап көрсетіңіз



бет19/42
Дата24.05.2023
өлшемі482,8 Kb.
#96805
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
«Айналайын Ақ Жайық...» толғауында Доспамбет жырау өз дәуіріндегі көшпелі қазақ өмірін, қазақ жұртына қалқан болған ерлердің қарекет сипатын, олардың асқақ рухты болмысын романтикалық әсерлерге жетелейтін айшықты бояуларын қанықтыра, әрі сол суреттерді аңсау сезімімен қабыстыра бейнелейді. Толғаудың қай тұсын алсаңыз да, мүлтіксіз суреттелген көріністер мен сол көріністерді аңсау сезіміне жолығасыз. Мәселен:
«...Қара бұлан терісін Етік қылар күн қайда?!
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?!
Күмбір-күмбір кісінетіп

Күреңді мінер күн қайда?!.» –деген үлгіде келетін жолдардан қалың елдің қамы үшін қай уақытта да бес қаруын бойынан тастамай, қапысыз қамданып жүретін батыр ұлдар бейнесі көрінсе:
«...Еділдің бойын ел жайлап, Шалғынына бие біз байлап, Орындықтай қара сабадан Бозбаламен күліп, ойнап, Қымыз ішер күн қайда?!.» – деген жыр жолдарынан жорық, жортуылдардан тыншу тапқан бейбіт ел тірлігі көрінеді және осы көріністердің қай-қайсы да «күн қайда?!» деген сөздер арқылы аңсай түйінделіп отырады. Толғауда суреттелген көріністердің романтикалық сипат иеленуінің сыры да – аңсау сезімімен байланысты.
Доспамбет жырау шығармашылығынан, жоғарыда сөз болғандай, көркемдік сипаттардың, әсерлі бейнелердің сан алуан түрлерінің молынан ұшырасуы оның аса дарынды тұлға болғандығын айғақтайды.

44. Бөгембай өлімін Абылай ханға кім естіртті, идеялық мазмұны.
Жалпы Бөгенбайдың бөлімін Абылайға естірткен Аты аңызға айналған Үмбетей жырау болатын.Үмбетей жас күнінен-ақ кедейліктің зардабын тартады. Ақындық даңқы шыққан Үмбетейді Абылай хан өз айналасында ұстайды, ол сол кезден-ақ жырау атанған. Ол Бөгенбай батырға серік әрі оның жыршысы болған. Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте болып, тарихи оқиғаларды нақты жырлаған. Ол халық мүддесі үшін хан көңіліне қарамай, әділ,тура өлеңдер қалдырған. Жырау Ақмола өңірінде жүз жасап дүниеден өткен.

Үмбетей жырау- елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. "Бөгенбай өліміне", "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен.
Үмбетей жырау - елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. "Бөгенбай өліміне", "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың,Бөгенбай" деп қастерлейді. Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін-Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау- бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды.
Үмбетей:
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ақшәуілге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың.
-деп, халқына Бөгенбайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсететі. Жырау тек Бөгенбайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың - Қаракерей Қабанбай, Қаз дауысты Қазыбектің, батыр Жәнібектің, Баянның және т.б ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.
Үмбетей жырау елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында ол Бөгембай бастаған халық батырларын дәріптеген.
Үмбетей жырау Бөгембай батырдың ерлік бейнесін танаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке, «темір жұмсап, оқ атқан қорғасынға», балайды.
«Болмашыдай анадан болат тудың, Бөгембай», — деп қастерлейді. Атамекенін жаудан қорғап қалған, салқымыздың ұлан – байтақ жерін Баянаула, Қызылтау, Арбасы, Шыңғыстау бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгембай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды.
Ақын Бөгембайдың ерлік істерін ардақтап, оның өлуіне өкініш білдіреді. Жоқтауды ол Абылай алдына келіп, бір жағы естірту ретінде толғапты. Үмбетейдің Бөгембай туралы түсінігі тарихи шындыққа сай. Ақын батырдың рөлін дұрыс танытады. Жоңғардың бетін қайыруда қол бастаған жойқы батырдың қаһармандық істерін үлгі етеді.
Бөгембай өлімін «Естріту» ретіндегі толғауында ақын Абылайдың өткен өмірін, хан болғанға дейінгі жалшылық жайын Бұқар сияқты ашық айтады.
Оның атын шығарған атышулы қазақ батырлары екенін, соның бірі Бөгембай батыр болғанын атап көрсетеді. Бұдан кейін Үмбетей қазақтың бас кестерер батырлары мен билерін санап өтеді. Олардың жоңғарға қарсы күресте атқарған ерлік істерін дәріптейді. Әрқайсысының кескін, келбеті, тұлға-тұрпатын, ерлік мінезін сипаттап, даралай бейнелейді. Ақын батыр өліміне деген ел қайғысын өз жеке басының қасіретін ретінде ауыр өкініш арқылы баяндайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет