Арғы атамды сұрасаң, Сексен жүйме, Райымбек Сексеннен туған ұл ма? Райымбек сен де қоя алмайсың, Райымбек би болса, Рай құлай ма?, -деген өлең жолдары ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөйлемдерге ұқсайды. Көтеш ақынның өлеңдерінің бір ерекшелігі тақырыбы жоқ. Оның өлеңдерінің алғашқы шумағындағы бірінші жолын өлең тақырыбы етіп аламыз. Көтеш өлеңдерінің көпшілігі шешендік, нақыл түрінде халыққа көбірек таралған. Ақын шығармаларының көркемдікқұндылығы жоғары, идеясы терең, мазмұнды болып келеді. Өлеңдерінде көшпелі халық өмірінің шындығын көрсетіп, екіншіден, сараң байларды келекелеп, астарлы сөзбен әжуалап отырғанын байқатады.
51. Қарағайлы көдік бойында Қамшым қалды ойында: атты жырдың көркемдігі. Қарағайлы көдік бойында Қамшым қалды ойында: Бүлдіргесі бұлан терісі, Өрімі құнан білдің қайысы, Шырмауығы алтын, сабы жез. Бейазының бойында Күзен, қарсақ жер ме екен?! Бұл қатарларда қамшының ерекшелігін, жалпы сипаттама беріп кетеді Жалпы өмірдегі күйбең тіршілікті қозғап,өмірдегі қарапайым тіршілікпен адам өмірін сипаттап қалдырған.Қамшының сипаттамасын, адамның өмірімен сипаттап бейнелейді.
52. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы. Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – әйгілі жырау, Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне-көп Абылай ханның өтінішімен, «сәуе айтшы» деген тілегімен түсінде көрген істерін болжап айтады екен, бұлары дәлме-дәл келіп отырған. Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Ал «Садыр, қайда барасың?», «Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға» деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз еткен. Бұқар жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен саралаған М. Әуезов: «Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді.
53. Үмбетейдің «Бәкеге» атты жырының мазмұны. Үмбетейде әділдікті, адамдықты ардақ тұтуға үндеген Бәкеге,Жауқашарға деген сияқты біраз жырлар бар. Олардың мазмұны нақты өмір оқиғасынан алынған. Бұл туралы бабалар сөзі жыраулар жырларына арналған Алдаспан кітабында біршама айтылған. Мысалы, Жауқашар деген дәулетті адамның бірінен-бірі өткен сойқанды сотқар тоғыз ұлы барымтаға шығып, көршілес ағайын ауылдың бурасын әкеліп, сойып алады. Екі елдің арасында дау туып, Бәке деген биге жүгінеді. Сонда ол Бәке Жауқашар жағына бұрмалық жасайды. Осыны білген Үмбетей араға түседі. Сонда "Бәкеге" деген жырымен әділдікке шақырады. Ақын "тоқымы кеппей топтанып, ел тонауға аттанып" жүрген тоғыз тентекті сынға алады: Ұл он беске келгенше, Қолға ұстаған қобызың. Ұл он бестен асқан соң, Тіл алмаса-доңызың. деп, жақсы ұлдың, жаман ұлдың қандай болатынын мысалдап айтады. Үмбетайдың тоғаулары зиялы ойларымен, өрнекті көркемдігімен, ерлік рухымен жыраулар поэзиясында көрнекті орын алады. Оның поэзиясы нақтылыққа құрылған. Тақырыпты өзінің өмірінен алып жырлайды 54. “Боташық” сөзінің мағынасын түсіндір. Ә.Нұрмағанбетов «Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні» деген кітабында «аскелді», «боташық», «келімдәрі», «көмбеқонақ» – деген сияқты өсімдік атауларының төркінін ашуға талпынған. ондай-ақ ғалым «боташық» сөзінің түп төркіні арабтың «бататис» сөзінен, ал керімдәрі, келімділі (қызыл бұрыш) сөздері арабтың «керім» сөзінен шыққандығын дәлелдеген.
55. Мәшһүр Жүсіп «Көмекей әулие» атаған жырау. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына ықпал жасаған. олғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше «Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек» — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқар жырау мұсылманша хат білген, сауатты болған. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Алғаш рет ғылыми-зерттеушілік сипатта бағалауға талап жасаған Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды. Оның «Қара мес» аталатын әдеби мұра үлгілерін жинаған қолжазба кітабында «Ақын-жыраулар мұрасы» бөлімінде жырау өмірі мен ататегі туралы дерек тұңғыш рет айтылады.