42. Тәтіқара ақынның өмірі, шығармашылығын менталдық картаға түсіріңіз.
43. Доспамбет толғауларындағы ұлттық салт-дәстүр көрінісі. Жыраудың «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т.б шығармаларында өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді.
Ол кісінің:
Озушылар, озмаңыз! Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз. Бізім бетке барсаңыз, Есақай, Қосай – екі ұл, Алдыңызға жыр құшақлай,
жылай шықса, не айтарсыз?
деген өлеңіндегі сөз түбірі – ақыл-ой картасының шағын ғана орталығы іспетті, одан жан-жаққа әр түрлі реңк пен мағына тарайды. Бұл таралып жатқан тармақтар түбірдің өзіндік микроғаламын түзеді. «Озмаңыз» бен «озушылар» бір түбірден таралған екі ой әлемі. «Озушылар» – бұ дүнияның атрибуты. «Озмаңыз» – о дүниялық адамның бұ дүнияға қарата айтқан сөзі. Бір түбірден басталғанымен, екеуі бір жолдың бойында екі түрлі сапар шегіп барады. Тіпті бұл екеуі бір-бірімен аңдыса қалған о дүния мен бұ дүнияның өрттей ортасынан қылдай ғана жол тауып жарыққа шығып үлгірген жеңімпаздай.Бұл өлеңімен Доспамбет балаларын қалай жұбату керектігін де өзі түсіндіріп тұр. «Жыр құшақлай шығу», яғни, жоқтау – қаза болған адаммен қоштасудың өзіндік ежелгі теориясы. Адамның жарық дүниедегі сапарының аяқталуын баяндау салты. Оларға айтарыңыз сол болсын: Жәмішіден қос айтып, Жараға мамық тосатып, Келе жата дегейсіз. «Жарасын мамықпен бастырып, келе жатыр» деп айт деп, үмітті соза тұрудың амалын тапқандай болады. Бірақ үміттің де кейде созыла беруге күші жетпей қалады.