67. «Бөгембай өліміне» атты шығарма кімдікі? Көркемдік ерекшелігі. Үмбетей жырау «Бөгембай өліміне» толғауында: Жыраудың “Бөгенбай өліміне” атты толғауы 7 шумақтан( 2 тармақ), 30 тармақтан, 2 бунақ, 7-8 буыннан, шалыс ұйқас (А, Б, А, Б) түрінде жазылған.. Үмбетей жырау толғауда теңеумен эпитетті жарыса қолданған. Мысал келтіретін болсақ,
Болмашыдай анадан Болат тудың Бөгембай,
- Асқар тау әкесі Ақша батырдан асып түскенін, «болмашыдай» теңеуі арқылы анасының сырт бітімінің ұсақ болғанын көрсетіп, әкеден асып болат туған Бөгембай бейнесін суреттейді. Бөгембайдың жауға, яғни қалмаққа шапқанда «Қалдамандап», жауға тиген. Қалдаман Жәңгірдің атақты, мықты қаһарманы болған. Осы тармақтарда сол батырды Бөгембайдың ғана жеңе алғанын айтқан. «Ордасындай» теңеуі арқылы Бөгембай батырдың елін, әскер басқаруда дұрыс жолға бағыттай алатын еңселі батыр екенін көрсетеді.Бөгембайдың жауға тигенде, қарсыласқанда еңсермейтінін «Қорғасындай» теңеуі арқылы береді.«Қорғасындай» сөзі арқылы батырдың қорғасын сияқты салмақты екенін тұспалдап көрсетеді. Бөгембайдың басқа батырлардан асып, үлкен туғанын «Пәйкесіндей» деген теңеу арқылы суреттейді. Мұндағы «Пәйке» сөзі бұғының дәуі деген мағына. Автор бұл толғауында «Пәйке» сөзі арқылы Бөгембайдың басқа батырлардан өзгешелігін айта отырып, метафоралы теңеуді қолданған. Үмбетей жыраудың «Уа, Алатаудай Ақшадан, Асып тудың Бөгембай» деп басталатын толғауында Бөгембай батырдың өшпес образы сомдалады, батырдың ерлігі, батырға тән соғыс, батырлық іс-әрекеттері көркем суреттеледі. Бөгембайдың басқыншыларға күресін көрсетеді.
Түсіндірме сөздік
Жалаңқия – шөп өспейтін тасты, таулы аймақ. Тегеурін – қыран құстың алдыңғы үш тырнағына қарсы біткен артқы жалғыз тырнағы. Шәулі- еркек бүркіт.
68. Шал ақын айтыстарының ерекшеліктері. Әйгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің деректерінде Шал ақынның айтыс өнерінің де үздігі болғандығы айтылады. Оған «Өске мен шал», «Шал мен кемпірі», «Бәйбіше мен Шал ақын», «Шал ақын мен қыз» атты айтыстары куә болмақ. Айтыстарының бәрі де өмірдің шын көрінісін ашық айтып, адамның құмарын қандыра білетін озық ойлы, алмас кездіктей өткір тілді әзілге бай келеді.Ақын өзіне дейінгі жыраулар тәрізді импровизатор ақын. Ал, жыраулардан өзгешелігі – айтыс ақыны екендігінде. Оның ірі айтыстарға түскені жайында дерек болмаса да, кішігірім айтыстарының өзі Шалдың қазақ поэзиясы үшін осы байырғы жанрда ұсталығын, тапқырлығын байқатады. Оның әсіресе, қыздармен сөз қақтығысы біздің заманымызға көбірек жетті. Жалпы, ақын шығармашылығына тән жеңіл юмор, тапқыр сқақ, өтімді әзіл оның айтыстарының негізгі ерекшелігі.Кезінде Шал ақын бір көрші ауылдың сауатты ақын қызымен хат арқылы айтысыпты деген де сөз бар. Шал ақын мен қыз айтысынан да ақындық шабыт айқын көрінеді. Шалдың сөзге басым екенін айтысқа түскен қыздың өзі де мойындайды. Тәкаппар қыз әуелі тосын келген қонаққа онша сый көрсетпей, оны сөзге тартады.