60. Бұқардың «Садыр қайда барасың» жырындағы көркемдік нақыштар. Халықтық поэзияның даму жолында сұрыпталған көркемдегіш нақыштар үлгілерінің əуені мен ырғағындағы əр алуан құбылыстар, ұтқыр сөз қолданысы, бейнелегіш тəсілдер бұған айқын дəлел. Қазақ поэзиясында халықтық дəстүрде жасалған теңеу, эпитет, метафоралар өте мол. Туған халқының фольклорлық мұрасын бүкіл шығармашылық ғұмырында жанына жақын тұтқан ақын халық ұғымына қонымды теңеуді, көркем ой өрнектерін шебер қиюластырады. Жыраудың бұл толғауында сол замандардағы тарихи оқиғалар көрініс табады.Толғауда ақ сойылмен,жарты лашық,қара көзден деген эпитеттер жырдың айрықша сипатын,сапасын,белгісін білдіріп тұр. Жауған күндей,дулығадай деген теңеулер жырдағы кейіпкерлерді затпен, құбылыспен салыстыра суреттеп тұр. Мен арғын деген арыспын, Азуы кере қарыспын. Сен бұзау терісі шөншіксің, Мен өгіз терісі талыспын. Құдандалы таныспын. Атасын білмес алыспын.-деп суреттелген затты айқындай түсу үшін метафора қолдану арқылы ұқсас затттарға балап тұр. Осындай көркемдегіш құралдарды пайдалану арқылы сол кездегі тарихы оқиғаларды өлең жырмен көркем жезкізеді. 61.Тәтіқаратолғауларындағы батырлар образына талдау жасаңыз. Жұрт тағдырын жоғары қойып, елінің бірлігін, ауызбіршілігін, жерінің бүтіндігін мұра етіп қалдырған батырларымыз Тәтіқара ақынның толғауларында кездеспеуі мүмкін емес. Әрине қазақ тарихының көтерілуінде қаһармандар тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни ол жандар рухы биік тұлғалар болған деп айтсақ қателеспейміз. Осы ұлттық тұлға биігіне көтеріле алғандар кімдер? Тәтіқара ақынның: ...Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт, Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт, Найзасының ұшына жау мінгізген. Еменәлі Керейде, ер Жабайды айт, — деп келетін өлең - жырында Бөгембай батырға қарасты ержігіттік пенен ер мінезділікті үлгі ретінде көрсетіледі. Ақын Бөгембай, Жәнібектермен жауға аттанып жүрген тұсында ержүрек бойындағы батылдықты, табандылықты куәгердей суреттеп, қаһармандардың күш-қайраттарына сүйсініп өз толғауына қосып отырған. Арыстандай жүректі болғандары сондай: алдынан су тіреліп, артынан жау қысқанда қорықпай, ерлік жасап, жауға соққы бере отырып ығысқан. Сол сәтте осы өлеңінде Орта жүз, Ұлы жүздің қыпшақ, уақ, дулат, болат,найза Жәнібектің ерлігін, жаудан басқа батыр қайтса да, еш қайтпаған Сары мен Баянды, найзаның ұшына жау мінгізген Еменәлі, Ержанбай батырлардың күш-жігерін кейінгі ұрпаққа өнеге, үлгі ретінде жазып кеткен.