1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
1178 aza 1179 stan tarikhy bilet

жұмсады.Екі көтерілістің де басшылары халық тарапынан қолдау тапты. С.Датұлын Кіші 
жүздегі қазақ руларының барлығы дерлік қолдады. 1786 жылға қарай ол өз маңайына 7 
мыңдай көтерілісшілерді жинақтады. Кенесарыны үш жүздің халқы дерлік қолдады, ол 
қазақ даласындағы көтерілісшілердің ішінде ең көп әскер (20 мың) жинай алды. Екі 
көтерілісте де отаршылдыққа қарсы күрес аясына саяси бағыттары өзара үйлеспейтін әр 
түрлі әлеуметтік топтар (сұлтандар, батырлар, билер, ру басылары,қарапайым халық 
т.б.) тартылды. Алайда Сырым мен Кенесары олардың барлығының мүддесін бір арнаға – 
отаршылдық жүйеге қарсы тоғыстыра білді.Сырым отаршылдыққа қарсы күрес 
тәжірибесін Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне(1773-1775жж.) белсене қатысу 
арқылы жинады десек, Кенесары туған ағасы Саржан Қасымұлы мен әкесі Қасым 
Абылайұлы бастаған көтеріліске (1825-1836жж.) қатыса жүріп күрес сабағын 
алды.Сырым Датұлы - дәстүрлі билік жүйесі Хандық Кеңестің (1797ж. Кіші жүзде
көтерілісшілерді «тыныштандыру» үшін енді жаңа хан сайланбайтын болды. Кіші жүзді 
басқару Хандық Кеңеске берілді) қайта орнауына қол жеткізіп, осы арқылы 
мемлекеттіліктің соңғы нышандарын сақтап қалды. Кенесары Қасымұлы – Қазақ хандығын 
құрып, мемлекеттілікті қалпына келтірді. Екі көтерілістің жеңілуіне әсер еткен ортақ 
жайттар болды. С.Датұлы екі жақты күрес жүргізсе (патша үкіметі мен Нұралы хан 
мен оның төңірегіндегілерге қарсы), К.Қасымұлы патша үкіметі мен Қоқан хандығына 
қарсы күресті және өзін қолдамаған қырғыздар жеріне басып кірді.Жеке тұлғалық 
қасиеттерімен ерекше көзге түсті. Сырым батыр, шешен, ақын ретінде танымал болса, 
Кенесары да батыр, қолбасшы, хан, мемлекет қайраткері ретінде ел есінде қалды.Екеуі де 
өзге елдің жерінде қаза тапты. Сырым -1802 жылы Хиуа хандығында белгісіз жағдайда көз 
жұмса, Кенесары -1847 жылы қырғыз жерінде қайғылы жағдайда қаза тапты.Екі 
көтеріліс те тұтастай алғанда, кейбір қайшылықтарына қарамастан ұлттық сананың 
өсуіне септігін тигізді. Тәуелсіздікті мұрат етті. 
 
Ерекшелігі: С. Датұлы бастаған көтеріліс қазақ даласындағы ең алғашқы, ең ұзақ 
(14 жылға созылды) және ХVІІІ ғасырдағы жалғыз көтеріліс болса, К.Қасымұлы көтерілісі 


қазақ жеріндегі ХІХ ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды.С. Датұлы көтерілісі барысында 
патша үкіметі Кіші жүзде хандық билікті жою әрекетін (1786-1791жж. О.Игельстром 
реформасы) жасаса, К.Қасымұлы көтерілісіне дейін патша үкіметі Орта, Кіші жүзде 
хандық билікті жойып үлгерген еді(1822, 1824жж. реформа), сондықтан, Кенесары хандық 
билік жойылып кеткеннен кейін, мемлекеттілікті қайта қалпына келтіру әрекетін жасады 
және сол мақсатына уақытша болса да жете алды. 
 
Айырмашылығы:Сырым Датұлы Кіші жүз, байбақты руының басшысы болса, 
Кенесары хан ұрпағы, Абылай ханның немересі еді. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің 
құрамы көп ұлтты болды. Оған қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, поляк т.б. халықтар 
қатысты.Сырым Датұлы көтерілісіне негізінен қазақ халқы қатысты.Сырым 
отаршылдыққа қарсы көтерілістің алғашқы бастаушысы болды, ол көтерілістің әр 
кезеңінде өз мақсатын өзгертіп отырды (Орынбор губернаторымен уақытша келісімге 
келуі, заңды билеуші ханды тақтан тайдыруы, өз бетімен күресті тоқтатуы – осының 
барлығы қозғалыстың шешуші сәттерінде оның қайшылыққа толы ұстанымда болғанын 
аңғартады).Кенесары күрес тактикасын өзгертіп отырғанымен,көтерілістің басынан 
аяғына дейін өз мақсатынан айнымады, аяғына дейін күресті, сол мақсат жолында өз 
өмірін құрбан етті. 
3. Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз 
және оның зардаптарын талдаңыз. 
 
Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр, Сарышоған. 
1966-1979 жж. аралығында Азғыр атом полигонында 10 алаңда 17 ядролық жарылыс 
жүргізілді. Жарылыстар нәтижесінде жалпы көлемі 1,2 млн.м болатын 9 жер асты 
жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды. Бірінші жарылыс 300 
тұрғыны бар Азғыр кентінен 1,5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс 


ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ шықты.
Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты. Полигон 80-
жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық 
ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті биік. 
Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында орналасқан және 
Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына жазғы сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 
млн.га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 
зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. 
Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою 
барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылған. 
Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және 
табиғат кешені бірнеше жылдар бойы Азғыр және Тайсойған полигондарының қиылысқан 
әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа 
лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері). Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі 
құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша – мың 
рет, кадмий – 20 есе, қорғасын – 10 есе, мыс – 10-15 есе артық, фтор – 1,5-4 есе артық. 
Никель, қалайы, мырыш, кобальт, күміс, қорғасынның өсімдіктердегі құрамы сындарлы 
деңгейден асып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет