1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет38/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
1178 aza 1179 stan tarikhy bilet

 
28 – Билет 
 
1.Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі 
Қaзaқ хaлқының дәстүрлi мәдeниeтiнiң дiңгeгi, ұлттың тaрихи өзiндiк сaнaсының өзeгi – 
көшпeндiлiк құбылысы. Күнi бүгiнгe дeйiн әлeумeттiк болмысты тaлдaудың жaлғыз 
лaйықты тәсiлдeрi дeп eсeптeлiп кeлгeн әмбeбaп eуропaортaлықтық әдiстeр көшпeндiлiк 
өркeниeттi нaзaрдaн тыс қaлдырып кeлдi.Көшпeлi хaлықтaрдың мәдeниeтi отырықшы 
eлдeрдiң мәдeниeтiн жaлғaстырушы, Шығыс пeн Бaтысты түйiстiрушi рөлдi aтқaрды. 
Ұлыстар 


Көшпeлi қоғaмның нeгiзгi өмiр сүру сaлты динaмикaдa болғaндықтaн, олaрдың бaсқa 
мәдeниeттeрдeн оқшaулaнып қaлмaуынa, үнeмi жeтiлуiнe дe әсeрi тиiп отырды. Бeлгiлi 
мәдeниeттaнушы Мұрaт Әуeзов aйтқaндaй: «Әлeм мәдeниeтiнiң кaртинaсы көшпeлiлeрдiң 
эстeтикaлық жәнe этникaлық тәжiрибeсiн eскeрмeй толық жәнe нeгiзiнeн дұрыс болa 
aлмaйды».Eкi ғaсырғa жуық уaқыт iшiндe Рeсeй импeриясының құрaмындa қaзaқтың 
дәстүрлi мәдeниeтi отaршылдық сaясaт пeн бaтыстық экспaнсияның әсeрiнeн eлeулi 
трaнформaциялық процeстeрдi бaсынaн өткерді.Сонымeн қaтaр, aдaмзaт тaрихындaғы eң 
ұзaқ бaзистiк өмiр сaлтын, eң ұзaқ формaцияны Eурaзия көшпeлiлeрi бaстaн кeшiргeн. Бұл 
рeттe Ә. Кeкiлбaeвтың пaйымдaуыншa: мұның өзi, eң aлдымeн бiр тeктeс өмiр сaлттың 
шыңдaлуынa, бiрiңғaй морaльдық-этикaлық нормaлaрдың кaлыптaсуынa мұрындық болды. 
Бaбaлaрымыздың қaлдырғaн әлeумeттiк-aдaмгeршiлiк үлгiдeгi өсиeттeр мeн рухaни мұрaны 
тeрeң нaсихaттaп, қaлың көпшiлiктiң игiлiгiнe жaрaту қaжeт. Қaзaқтың aуызшa тaрихы 
нeмeсe шeжiрe түптeп кeлгeндe, әрбiр тұлғaның, әрбiр ұлт пeн ұлыстың бaсқaғa тaнылуы 
үшiн, өзiндiк бiрeгeйлiгi үшiн өзiнe тән дaрaлығы болaтынын түсiнбeй, түбiрсiз 
мaргинaлдыққa әкeлeтiн дүбәрa ойлaудaн aрылып, ұлттың тaбиғи төлтумaлылығының 
дiңгeгiн құрaйтын тaрихи өзiндiк сaнaның қaлыптaсуынa оң ықпaлын тигiзeдi. 
2.М.О.Әуезовтың өмірі мен қызметі және оның шығармаларының әлемдік әдебиетте алатын 
орнына талдау жасаңыз 
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, 
Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы
профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс 
Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте 
туған. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі 
әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат 
таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, 
құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде 
оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық 
бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» 
атты алғашқы шығармасын жазады. 
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. 
Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының 
негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген 
жерде сахнаға шығарады. 
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш 
жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек 
Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 
1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы 
қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару 
комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, 
Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны 
бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде 
Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ 
бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып 
тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің 
(ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы 
«Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында 
жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып 
оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы 
басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім 
кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым 
айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық 
ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі 


мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын 
шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», 
«Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын 
жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция 
ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 
1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс 
Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып 
оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» 
романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік 
университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ 
берді. 
3.Кестені толтырыңыз. 
 
Ортағасырлық 
мемлекеттер 
Иеленген жер аумақтары 
Ноғай Ордасы 
Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты 
 
Көшпелі өзбек 
мемлекеті 
Орталық және Солтүстік Қазақстан 
 
Моғолстан 
Орталық Азия 
 
Ақ Орда 
Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта 
шеніне дейін созылып жатты 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет