1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет37/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
1178 aza 1179 stan tarikhy bilet

27 - Билет 
1. Ежелгі ғұндар. Орналасуы мен саяси тарихы 
ұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің 
заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде Солтүстік 
Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанып, Қытай жылнамаларында «гуй фаң», 
«гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген. Біздің заманымыздан 
бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді. 
Жоғары билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды. Жылқының асыл 
тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс 
кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен 
бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін 
қалыптастырды. Ғұндар (грекше Hunnoі, латынша Chunnі, Hunnі) әскерінің негізі атты 
әскерден тұрды. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай 
қорғанын салдырды. Біздің заманымыздан бұрынғы 209 жылдан ғұндарды Модэ (Мөде) 
басқарды. Модэ билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық 
аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы берді. Қазіргі Кореядан Тибетке және 
Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұндардың қол 
астына көшті. Біздің заманымыздан бұрынғы 177 жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий 
теңізіне дейінгі жерлерді өздеріне қаратты. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 ғасырдың 
орта шеніне қарай ғұндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан, орталыққа бағынғысы 
келмеген күштердің әсерінен әлсірей бастады. Біздің заманымыздан бұрынғы 56 ж. ғұндар 
Хуханье бастаған оңтүстік және Чжичжи (Шөже) басшылық еткен солтүстік топтарға 
бөлінді. Оңтүстік ғұндар Ордос өңірінде қоныстанып қалды да, солтүстік ғұндар өз 
тайпаластарының қысымымен Саян және Байкал өңіріне ығысты. Солтүстік ғұндардың 
бір бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияда өз мемлекетін құрып, 
Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды. Хань империясының 
бодандығындағы оңтүстік ғұндар 304 ж. Лю-хан атты өз мемлекетін құрды. Оңтүстік 
ғұндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейді. 5 ғасырдың бас кезінде олардың әйгілі 
қолбасшысы Хэлян Баба Ся патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды. 
Ордос пен Наньшан (қазіргі Қытай Халық Республикасының Ганьсу провинциясы) өңірінде 
құрылған осы екі мемлекет 439 ж. табғаштардың (тоба) шабуылы нәтижесінде қирады. 
Солтүстік ғұндардың Еділ – Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғасырдың 2-жартысында Қара 
теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе бүктірген соң, 


аландармен күрес жүргізді. 375 ж. остгот, герул, генид тайпаларын бағындырып, Еуропада 
өз империясын құрды. Ғұндардың Батысқа жорығы «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» 
түрткі болды.
 
2. 1986 жылы «Желтоқсан оқиғасының» негізгі себептері мен нәтижелерін талдаңыз.
Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы болып өтті. Күн тәртібінде бір ғана 
ұйымдастыру мәселесі қойылды. Пленум бр-жоғы 18 минутқа созылды. Осындай қысқа 
мерзім ішінде аса мағызды мәселелердің бірі –республиканы ширек ғасырдай басқарған 
саяси қайраткерді ауыстыру мәселесі шешілді.Д.А.Қонаевтың орнына бұған дейін 
республикада еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс, КОКП-ның Ульяновск обкомының 
бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды. 
1986 жылы 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды., кейінірек ол 
басқа қалаларға да таралды. Оның басталуына жылдар бойы қордаланған себептер де әсер 
етті. 
Желтоқсан қозғалысы-ұлт-азаттық тарихында ерекше орын алды. Бұл ұлттық рухтың 
жаңғыру, қайта түле кезеңінің басы болды.Ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сатыға көтерілді. 
Ол бүкіл халықтың рухани өміріне ісер етіп, ұлттық сананы өсірді, ұлттық рухты 
жандандырды. 
3.ХІІІ ғ. Қазақстан аумағында құрылған ұлыстар мен олардың құрамына кірген өңірлерді 
кесте бойынша толтырыңыз. 
 
Жошы ұлысы 
Шығысты Ертіс 
өзенінен батысы 
Еуропа жеріне 
дейінгі аумақ, қазақ 
жерінен Шығыс 
Дешті Қыпшақ, 
Арал, Сырдың 
төменгі ағысы, 
Жетісудың 
солтүстік-шығысы
қарады 
 
 
Шағатай ұлысы 
Оңтүстік және Оңтүстік –
шығыс Қазақстан (Жетісу 
аймағы) мен Орта Азия 
жерлері қарады. 
 
 
 
Үгедей ұлысы 
Батыс Монғолия мен 
Алтай, Тарбағатай
Ертістің жоғары ағысы 
бойындағы жерлер қарады 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет