1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі


Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан



Pdf көрінісі
бет19/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан 
Ішкі саясат 
Сыртқы саясат 
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап 
Республиканың саяси басшылығы өз 
азаматтарының құқықтарының сақталуын 
қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. 
Кеше ғана 30—тамызда қабылданғанына 16 
жыл болған еліміздің Конституциясында 
адамды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық 
және мүліктік жағдайына, нәсіліне, діни 
көзқарасына байланысты ешқандай 
кемсітуге болмайтындағы анық айтылған. 
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы 
Қазақстанның сыртқы саясатындағы 
жүргізілген жоспарлы да мақсатты 
қызметінің нәтижесінде еліміз бүкіл 
әлемге бейбітшілікті қолдаушы, оны іс 
жүзінде дәлелдеуші мемлекет ретінде 
айқындалды. Қазақ Елі егемендіктің 
алғашқы бірнеше жылдарында 
дүниежүзінің барлық құрлықтарындағы 
беделді мемлекеттерімен көпсалалы 


Елімізде Президент қызметінің енгізіліуі 
қоғамдық—саяси өмірде терең саяси 
реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. 
Қазақстанда бір партиялық жүйенің орнына 
көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. 
1996 жылдың 30—қаңтарынан бастап екі 
палаталы парламент жұмыс жасап келеді. 
Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік 
берілді. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім 
сапасы жақсарды. Қазақстан 
Республикасының азаматтары экономикалық 
еркіндіктің арқасында меншік иелеріне 
айналды. 1993 жылы 15—қарашада Ұлттық 
валюта—теңге айналымға шықты. Осы 
күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы 
бірлігі болды. Жаңа Тәуелсіз Қазақстан 
Республикасы халықтың жаңа тиімді 
тұрмысын қалыптастыру жолындағы 
күрделі экономикалық реформаларды өте 
сәтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор 
өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді. Жетпіс 
жылдан астам қалыптасқан сананы, 
дүниетанымды өзгерту міндеті де оңайға 
соқпады. Меншікке қатысты көзқарастың 
өзгеруіне өмірдің өзі түрткі болғандықтан, 
жаппай жекешелендіру экономикалық қайта 
құру жолындағы алғашқы батыл қадам 
болды. Сыртқы сауданы одан әрі 
ырықтандыруға және елді дүниежүзілік 
шаруашылық жүйесіне енгізуге бағытталған 
сыртқы экономикалық қызмет реформасы 
табысты жүргізілді. Банк жүйесі батыл 
түрде реформаланды, халықтың банкке деген 
сенімі арты және жеке тұлғалардың банк 
жүйесіндегі салымдары тұрақты түрде өсті. 
байланыс орнатты. Солардың ішінде 
АҚШ, Қытаймен арадағы қатынас 
іскерлік, өзара түсіністік, теңдік 
талаптары негізінде қалыптастырылды.
Осылармен бірге Қазақстан Республикасы 
әлемдегі беделді экономикалық 
жиындарға, кездесулерге қатыса отыра, 
өзінің құнды ұсыныстарын жария етумен 
айғақтанды. Әлем Қазақстанды 
экономикасы нарық қатынастарына нық 
қадам жасаған, саяси-әлеуметтік дамуы 
тұрақты ел ретінде бағалай бастады. 
Қазақ Елі басшысының сындарлы сыртқы 
саясаты оны әлемге өзіндік дүнижүзі 
халықтары мүддесі жолындағы маңызды 
бастамалар мен ұсыныстар жасаушы 
және оны іске асырушы дәйекті мемлекет 
қайраткері ретінде таныды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет