1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет27/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Жер иелену 
түрлері 
Мағынасы 
Інжу 
 
Шыңғысхан өулетінен шыққан билеушілерге бөлініп берілген 
жер үлесі. 
Вакфтық 
жерлер 
 
Дін ірі жер иеленушілер, басыларға, діни мекемелерге, 
көшпелі әскербасылар өсиет етіп қалдырған жерлер. 
Вакфтық жерлерден салық алынбаған. 
Сойырғал, иқта 
 
әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет 
істегендерге берілген жерлер. Иқта - билеушілердің өздерінің 
туысқандары мен жақындарына сыйлаған жер үлестері, 
феодалдық жер сыйлықтары. Мұндай жерлер ірі, орташа 
және ұсақ болып бөлінген 
Шаруалардың 
мүліктік 
жерлері 
 
отырықшылық аудандардағы жерлер 
18 - Билет 
1.Сақтардың тәуелсіздігі үшін күресі 
Б.з.б. 530 жылы Кир бастаған парсы әскері Сырдарияға дейін келіп, сақтармен соғысты. 
Томирис патшайымның баласы Спаргапис парсылардың қолына түсіп, қаза табады. 
Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды: 
“Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, 
қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы 
жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі.” 
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң, парсылар сақтарға қайта шабуылдады. Бұл 
жорықты Дарий патша басқарған. “Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” - 
деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған. 
Б.з.б. 519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады. Cақтардың көсемі 
Скунха жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді. 
Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға қашып 
барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін алдап, шөлге 
апарып қырады” - деп жазған. 
Дарий көп әскерінен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақтың ерлігі 
арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 
Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б.з.б. 570-520 ж.ж.) 
парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жау шапқыншылығынан қорыққан жоқ. Томирис 
көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді” - деп жазды 
Помпей Трог. 


Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған гректер Орта 
Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы Арриан 
А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған. 
Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны орналасқан 
Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А.Македонскийдің ірі әскери бөлімін 
қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды 
қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды” - деп жазады Арриан. Кейбір 
деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының жебесі тиіп, санынан жараланды деп 
көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа жүретін жолын бөгеп тастады. 
Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып, гректерге 
қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі және Грекиядағы соғыстарға 
қатысқан. 
2. Қазақстандағы экологиялық проблемалар және оның негізгі себептерін талдаңыз.
Табиғи пайдалы қазбалардың аса мол қорлары бар, бірақ табиғат қорғаудың құқықтық 
базасы жоқ, қндірістің төменгі мәдениетінің жағдайында Қазақстан аумағы ғылым мн 
техника жетістіктері тегеурінінің алдында қорғансыз болып шықты. Экономиканың 
дамуы, жаңа кен орындарын игеру, жаңа елді мекендер салу табиғи ресурстарды көп 
мөлшерде қажет етті. Ұзақ уақыт бойы республикадағы табиғи байлық сарқылмайтындай 
көрініп, ол экстенсивті жолменигерілді. Тек 80-жылдардың екінші жартысында ғана 
Қазақстанның экологиялық жағдайын сауықтыру мен оның табиғи байлықтарын тиімді 
пайдалануға бетбұрыс жасалды. Алайда Қазақстандағы табиғатты қорғаудың іс-
тәжірбиесі өте қанағаттанғысыз жағдайда еді. Жауапсыз шаруашылық қызметтің 
нәтижесінде топырақ эрозиясы республикадағы 5 млн гектардан аста жыртылатын 
жерді қамтыды. 
Республикада химикаттар мен тыңайтқыштарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде су 
қоймаларының ластану оқиғалары да кең орын алды. Су мен ауаның ластануы адам 
денсаулығы үшін қте қауіпті, экологиялық тепе-теңдікті бұзатын, ең көп тараған 
проблемаға айналды. Республикада Семей полигонымен қатар аумағы жағынан кем 
түспейтін басқа да сынақ алаңдары салынды. Капустин Яр, Азғыр, Сарышаған 
полигондарында бірнеше мәрте жер асты ядролық жарылыстары жасалынды. Бұл 
сынақтар аймақтың экологиялық жағдайын одан әрі асқындырды. 
Арал теңізінің тартылуына байланысты Арал апаты қалыптасты. Аралмен бір мезгілде 
табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде Балқаш проблемасы да 
қалыптасты. Балқаш алабын тиімсіз пайдаланудан 1970-1985 жылдары көлге құятын 
өзендер суыны көлемі азайып кетті. Металлургия кәсіпорындары өндіріс қалдықтарының 
әсерінен көлде ауыр металдар мен күкірт оксидтерінің мөлшері артты. 
3. Қыпшақ мемлекетінің алып жатқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз. 
Қимақ қағанатының жері XI ғасырда жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына 
толығымен көшеді. Ол жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Еділ 
мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құланды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі 
мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақты алып жатты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет