1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет21/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
Байланысты:
1178 aza 1179 stan tarikhy bilet

13 - Билет 
1.Қарлұқ қағанаты ( территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың 
ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын 
талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон Йабғу 
қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы 
одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-ок бодун) байырғы жерінде», 
Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты 
мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде 
олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. 
қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, 
Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси 
үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан 
кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. 
Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының 
алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында 
өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының 
құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ 
халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс 
аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың 
Суй әулетінің (581—618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. 
Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын 
мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік (618—907) хроникасына 
сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. 
Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы 
мұсылман тарихнамасында да жинақталған. 


Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына 
жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым 
күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ 
тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен 
түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Қарлұқ 
тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс 
аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған 
шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз 
билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. 
Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге 
мәжбүр болды. 
2.М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз. 
Міржақып Дулатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам 
қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Дулатов Міржақып (1885 жылы, 
қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы 
(Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір 
жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ 
ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті 
мен әдебиетінің көнкеті өкілі. 
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-
1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , 
« Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш 
автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне 
белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) 
редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, 
Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты 
хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда 
жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.
Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, 
дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) 
қуатты ұран болып естілді. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы) , 
«Азамат» (1913 жылы), «Терме» (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» 
поэмасы (1917 жылы), «Балқия» пьесасы (1922 жылы), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» 
(1914 жылы), «Ахмет Байтұрсынов» (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, 
мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер 
жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір 
туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов – библографиялық көрсеткіштің ( 
1-2 бөлімі, 1926 жылы) , «Есеп құралы» (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен «Оқу 
құралы» атты оқулықтардың авторы. 
3.Әбілқайыр хандығының (Көшпелі өзбек мемлекеті) жер аумағын картадан белгілеңіз
Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш 
көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде 
Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – 
алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет