1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет25/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40
орындаудағы жалпы заңдар және оларды орындамағандарды жазалаудың түрлі 
ережелерінен құралды. 
"Жасақ" бойынша үкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Ол жылына бір рет
1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, 
ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды. 
1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік 
Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан 
әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына 
жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды. 
Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. 
Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды. 1200 жылы Тұғырыл хан 
мен Темучин тайшуыттарға қарсы бірлескен жорыққа шықты. 1202 жылы Темучин 
татарларға қарсы жорыққа аттанды. Ол жорық алдында шайқас кезіндегі түскен олжаны 
иемденуге тыйым салып, оларды тек шайқастан соң бөлісу керектігі жайлы бұйрық берді. 
Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. 
Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий теңізі мен Арал төңірегіне 
дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, 
Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай 
аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды. 
2. Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықта алатын орны мен қызметіне 
талдау жасаңыз 
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, 
Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық 
байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана 
орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол 
арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, 
Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды 
болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық 
қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық 
көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай 
байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық 


жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты 
өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан 
Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам 
елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық 
және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік 
елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс 
істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – 
солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше 
назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, 
ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. 
Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей 
Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы 
өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта 
құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен 
мәні бар екендігі атап көрсетілді. Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың 
одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен 
ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет 
арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын 
бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы 
Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-
қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда 
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел 
арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны 
баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар 
төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭқ, ШЫҰ 
шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, 
интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді. 
3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз. 
Алғашқы адамдар тобыры — адамдардың тас дәуіріндегі тіршілік үшін бірлесіп күресу 
қажеттілігінен туған алғашқы тобы. Археологияда төменгі және орта палеолит дәуірін, 
антропологияда архантроптар — питекантроп, синантроп, атлантроп, Гейдельберг 
адамдарының өмір сүрген кезеңін қамтиды. Б.з.б. 1,9 млн — 36 мың жыл аралығында 
үңгірлерде өмір сүрген, отты пайдалана білген. Тастан, ағаштан, сүйектен құралдар, 


қарулар жасаған. Табиғатқа толық тәуелді болған Алғашқы адамдар тобырына ұжымдасу 
адамдарға қорғануды, шабуыл жасауды, аң аулауды, жиын-терін жүргізуді, ұрпақ 
жалғастыруды үйретті. Рудан бұрынғы бұл әлеуметтік құрылымның өзгешелігі — 
қоғамдық қатынастар қалыптаспаған, әлсіз болды, қауым-үй шаруашылығы болмады, 
туысқандық қатынас тым қарапайым сипат алды. Сонымен қатар бұл құрылымға неке 
байланыстарының біршама реттелгендігі тән. Алғашқы адамдар тобырының мекендері 
Қазақстанда Сарыарқадан, Батыс және Оңтүстік Қазақстаннан, Жетісудан, Балқаштың 
солтүстік өңірінен табылды. Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп 
отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталады. Тесені тас тісті ағаш 
соқа алмастырды, нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсті. Сол кезеңдерде металдың 
кейбір түрлері: алтын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде кездесті. Ең бірінші 
қолданылған металл - мыс. Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді. Олардың 
мысты кездейсоқ ашуы да мүмкін. Өйткені мыс отқа таспен бірге жиі түсті. Адамдар 
өздері "тас" деп ойлаған заттың отқа балқығанын, суыған кезде өз пішінін өзгертіп, жаңа 
пішін алатынын аңғарған. Адамзат үшін зор маңызға ие болған жаңалық осылай ашылған. 
Сөйтіп, тас, пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған энеолит кезеңі 
басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет