1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет26/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
17 – Билет 
 
1.Сақтардың мәдени мұралары 
Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле 
өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 
1957, 1959 — 1961 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі 
К. Ақышев) зерттеді. Бесшатыр Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар 
батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты 
алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен 
жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. 
Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің 
диаметрі 45 м-ден 105 м-ге дейін, биіктігі 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 
38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м. 
Бесшатыр обасынан 
·семсер, 
·қола ұшты жебелер, 
·темір пышақтар, 
·шаш түйрегіштер, 
·ақық моншақтар табылды. 
Бұл заттар б.з.б 5-4 ғасырға жатады. 
Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ.ғ) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. 
Алматыоблысы, Еңбекшіқазақауданының орт. Есікқаласының маңында, Есік өз-нің 
жағалауында орналасқан. 1969 — 1970 ж. Жетісу археолог экспедициясы (жетекшісі 
К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, 
А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа 
бөлінеді. 
Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен 
оңтүстікке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ Оның диаметірі 60 метр, 
биіктігі 6 метр) оба бар. 
2.М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз. 
Түркістан халықтарының XX ғасырда жүріп өткен жолы мен тарихи тәжірибесін қорыту 
ісінде Мұстафа Шоқай мұрасының ала- тын орны ерекше. Сондай-ақ бұл қайраткердің 
өмірі мен қызметін Түркістандағы жеке бір халықтың мүддесімен ғана байланысты қарау 
мүмкін емес. Мәселен, М. Шоқай өзінің туған елі қазақ халқының тәуелсіздігін Түркістанда 
көне замандардан бері тұрып келе жатқан туыс өзбек, қырғыз, түрікмен және басқа 


халықтардың тәуелсіздігінен бөліп алып қараған емес. М. Шоқай үшін Түркістан 
халықтарының тұтастығы мен Түркістан халықтарының еркіндігі бірінсіз бірі жоқ егіз 
ұғымдар. М. Шоқай Түркістанда XIX ғасырда әкімшілік басқару жүйесі ретінде орныққан 
орыс билігіне сын көзбен қарады. Ол өзінің «Ақ- қызыл» аталатын мақаласында 
«...патшалық Ресейдің жарты ғасырлық үстемдігі кезінде Түркістанға ешқандай бір 
жаңартқыш сипаттағы рухани ағым енген жоқ. Тіпті заман талабы тұрғысынан 
қарағанда атамекеніміз кері кетті» /3, 152 б./, – деп жазды. Саяси өмірде бүкіл жергілікті 
билік отаршыл әкімшіліктің қолына ауысты. Ресей империализмі мұнда біржола орналасу 
әрекетіне көшті, яғни ішкі ресейлік губерниялардан қоныс аударып келген орыс және басқа 
европалықтардан біртіндеп сандық тұрғыдан Түркістан халқының басым бөлігін құрып 
орыс билігінің жергілікті тірегіне айналуға тиіс болды. Ал түркістандықтар әлемдік 
өркениеттен тыс қалған «түземдіктер» есебінде өзінің «қарабайыр» өмір салтынан, 
тіршілігінен бас тартып, орыстану жолына түсуі керек еді. Бүкіл ақпа- раттық 
құралдарды қолына шоғырландырған метрополия еуро- палық қауымдастықтың көз 
алдында Түркістанның жергілікті жұрты жөнінде жаңа техника мен технологияны, 
қоғамдық қатынастар мен мәдениетті қабылдауға құлықсыз, оған қарсы «түземдіктердің» 
бейнесін жасап, ал өзін тіптен мұнда, яғни Түркістанға еуропалық өркениетпен өмір 
салтын әкеліп енгізуші етіп көрсетуге тырысты. Ежелгі замандардан әлемдік 
орталықтармен тікелей байланыста болып келген Түркістан енді басқа батыс және 
шығыс елдерімен тек Ресей арқылы ғана қатынаса алатын еді. Енді ғана өнеркәсіптік даму 
жолына түскен Ресей болса Түркістанды тек арзан шикізат көзі және өзі өндірген 
тауарларды өткізетін рынок деп білді. Міне, осындай жағдайда Түркістан 1917 жылғы 
төңкерістерге жетті. Патшалық биліктің құлауы, оның артын ала 1917 жылдың соңында 
орнаған кеңестік билік, оның отаршылдық мазмұндағы 28 алғашқы аяқ алысы «бүтін 
Түркістан» идеясының осы тарихи ке- зеңдегі көрінісіне тән мынадай ерекшеліктерін атап 
айтқан жөн. XX ғасырдың басы жеке түркі халықтарының өздерінің дер- бес ұлттық 
мемлекетін құруға ұмтылушылығымен сипатталады. Мұндай тенденция, мәселен, қазақ, 
татар, башқұрт жэне басқа халықтардың зиялыларының саяси қызметінен анық 
байқалды. «Алашорда» мен «Еркін Башқортостан» соның көрінісі болатын. Жеке түркі 
халықтарының дербес мемлекеттікке ұмтылуы олар- дың бірнеше ғасырлық жетілуінің 
нәтижесі болатын, сондықтан да табиғи құбылыс есебінде қабылдануға толық құқылы. 
Дегенмен бұл жағдай «бүтін Түркістан» идеясының жаңа сапа- да қайта жаңғыруына 
кедергі бола алған жоқ. XX ғасырдың алғашқы ширегінде бұл идея, біріншіден, түркі 
зиялыларының екі буынының (патшалық билік тұсында қалыптасқан және кеңестік билікке 
тартылған зиялылардың) бірдей қызметіне арқау болса, екіншіден, сол бұрынғыдай кең 
географиялық ауқымда көрініп, яғни батысын- да Еділ мен Жайықтан бастап, шығысында 
қазақ даласы мен қырғыз Алатауы аралығындағы түркі жұрттарын түгел қамтыды. XX 
ғасырдың басындағы жалпытүркілік азаттық идеясының күш алуына татар (қырымдық 
және қазандық) және башқұрт халықта- рының зиялылары біраз еңбек етті. Бұл табиғи 
құбылыс болатын. Өйткені орыстық отарлық езгінің ең алдымен басынан өткерген, сон- 
дықтан да онымен күрестің бағасын терең ұғынған және осы жолда біраз тәжірибе 
жинаған да осы халықтар еді. Исмаил Гаспирин-скийдің «Тәржіман», Фатих Каримовтың 
«Уақыт» газеттері, татар зиялылары ұйымдастырған баспаханалар, олар бастап берген 
жаңа әдістік оқыту жүйесі белгілі дәрежеде жалпытүркілік азаттық идеясының қайта 
жаң- ғыруына қызмет жасады. Зеки Велиди Тоған өзінің естеліктерінде 1905-1907 
жылдары белгілі ақсүйек сұлтан ұрпақтары Галиасқар Сыртланов пен Сәлімгерей 
Жантөриннің ресейлік түркілердің «территориялық автономия» құқы үшін күресіне қолдау 
жасап, со- лардың көмегімен Габдрашид-Қазый Ибрагимовтың «Автономия» деген 
кітапша бастырып шығарғандығын айтады /13/. Осы сияқты әрекеттерге кейіннен бүкіл 
ресейлік түркі зиялыларының арасында үлкен беделге ие болған федералистер қозғалысына 
ұласты. Дегенмен, XX ғасырдың бас кезіндегі ресейлік түркілік азаттық қозғалыстың 
болмысы бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда анағұр- лым күрделене түскендігін 


мойындау керек. Басқаша айтқанда, ол көзқарастық тұрғыдан тек бір бағытқа бет бұрған 
қолдаушылардан тұрмайтын. Империя көлемін түгелдей қамтыған түрлі саяси ағымдар 
түркі халықтарының азаттық қозғалысына да өз ықпалын тигізуге ты- рысты. Олардың 
арасында кадеттер партиясы, социал-демократтар, 29 дін үшін қозғалыс және басқалары 
бар еді. Осы тарихи кезеңдегі азаттық үшін күрес тәжірибесін таразылаған Мұстафа 
Шоқай оның мынадай үш кемшілігін көлденең тартады. Олар: біріншіден, түркі елі 
зиялыларының орыс революцияшыл демократтарына сеніп, оған арқа сүйеу арқылы 
бостандық алудан үміттенуі; екіншіден, ендігі бір топтағылардың «саяси табысқа дұға 
арқылы жететініне» сенгендігі; үшіншіден, бұларға қосымша қозғалыс басшыларында са- 
яси кемелдіктің жетіспегендігі, жалпы қозғалыстың басын біріктірер ортақ 
бағдарламаның болмауы, өзара түсінісе алмаушылықтың етек алуы еді. 
3.ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет