Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Тәңірліктің қалыптасып орасан зор түріктер империясының дәуірінен бастап, қазіргі заманғы қазақ қоғамының уақыт аралығын қамтиды, яғни 20 ғасыр аралығын қамтиды.
Зерттеудің теориясы және әдістемелік негіздері: Зеттеу еңбегіндегі қаралған мәселелер, ондағы ғылыми тұжырымдар, жинақталған мәліметтер, деректер, қорытындылар мен ұсыныстар түріктердің мұраларына қатысты жайларды тереңірек зеттеуге жол ашады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық ұстанымы обьективтілік, жүйелілік және тарихилық принциптерге негізделген.Зерттеу жұмысында сипаттау, тарихи сараптамалы талдау жасау, деректанулық, тарихи салыстырмалық, диалектикалық талдау, жинақтау, түсіндірмелі баяндау,тарихи құбылыстарды бағалау және т.б. әдістер қолданылды. Дипломдық жұмыста қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдаy зерттеудің логикалық тәсілмен тығыз байланыстылығы жан–жақтылық сияқты негізгі методологиялық принциптері басты наразда болды.