1.ҚАзақ тарихындағы тәҢіршілдікдің Қалыптасуындағы түркі халықтарының РӨЛІ


Түркі қоғамының қалыптастуындағы тәңіршілдіктің ролі



бет8/13
Дата13.05.2022
өлшемі470,5 Kb.
#34224
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
тәңіршілдік туралы диплом жұмысы

1.2 Түркі қоғамының қалыптастуындағы тәңіршілдіктің ролі.
Тәңірі ұлы түркі даласының басты жаратушы құдайы ретінде шамамен біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мыңжылдықтың соңы мен І мыңжылдықтың басында пайда болды, оның өрістеген кезі алғаш біздің дәуіріміздегі Ү-VІ ғасырларда түрік және моңғол тайпаларының елдік ұстанымы бойынша тұтасып, далалық империяларды құрған уақытына сәйкес келетіндігін атап өту керек.Тәңірлік идея ретінде бүкіл түркілердің бірігуіне ықпал етті. Бұған түріктердің жазба ескерткіштері дәлел бола алады.

Ерте түркі мемлекетінде VI—VIII ғасырларда тасқа қашалып жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің дүниежүзілік өркениет тарихында алатын орны ерекше. Бұл ескерткіштер жазба мәдениетінің ғана емес, сол кездегі саяси ойдың да асыл мұрасы болып табылады. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» шығармаларында сол бір тарихи кезеңнің саяси тынысы, түркі халықтары өміріндегі аласапыран оқиғалар, ел билеушілерінің отаншылдық, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі, ұлысаралық қарым-қатынастар, жеңістері мен қателіктері баяндалады.

«Күлтегін» ескерткіш жырының авторы Иоллық тегін өз дәуірінің саяси қайраткері, қағанның кеңесшісі, тарихшысы болған. Ол бұл еңбегінде Түркі қағанатының қашан және қалай құрылғанын, қағанатты құрған және нығайтқан Ұлы қағандар мен олардың қолбасшыларының өмірбаянын, қағандықты ұстап түру үшін жүргізген ерлік күрестерін баяндайды. Қағандық билікті костаған Иоллық тегін түркі елінің бүтіндігі мен тәуелсіздігі үшін әкімдер мен бектерді өз уысында ұстап отыруды, олардың қарсылығын күшпен басуды дұрыс деп есептейді [19,б.85]

«Жоғарыда Көк тәнірі төменде Қара Жер жаралғанда екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласына менің ата-бабаларым Бумын қаған, Істемін қаған үстемдік құрған. Таққа отырып түркі халқының мемлекетін басқарған, үкім-билігін жүргізген. Дүниенің төрт бұрышы түгел оларға дүшпан болған. Әскер құрып, жорыққа аттанып, олар дүниенің төрт бұрышының халқын түгел бағындырған" деп басталатын «Күлтегін» жазуының кіріспесінде түркі мемлекетінің қалай қүрылғаны туралы мифтік кезқарастармен бірге, мемлекетті басқарудағы қаған билігі мсн ол құрған тәртіптер жайы да айтылады.

Жырдың авторы Иоллық тегін түркі мемлекетінің қүрылуын және оны қағандардың басқаруын тәңірінің бүйрығы бойынша жасалған әрекет деп түсіндіреді. «Олар (түркілср) оған дейін өміршісі болмаған көк түріктердің арасында тәртіп орнатып, елді басқарған». Автордың түсінігінше, оған дейін мемлекет те, ел басқару әдісі де, адамдар арасында тәртіп те болмаған. Тәңірінің ризалығымен «бастыны жүгіндірген, тізеліні шөгерген» қағандарды осы көктің, тәңірінің еркімен билік құрып отыр деп есептеген түркілер оларды «Көк тектестер» және «Көкте туғандар» деп атады. Түркі қағандары да өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашан желеп-жебеуге шақырды.

«Күлтегін» жазба ескерткіштерінде түркі мемлекетін орнықтырған алғашқы қағандар акылды да, күшті болып суреттеледі. «Бұл екі қаған дана қаған екен, алып қаған екен. Бұйрықшылары да дана екен, алып екен. Бектері де, сондайлық халқы да азбаган екен, түзу жолда екен». Ақылды қағандар басқарган елдің шенеуніктері де, халқы да ақылды болып келеді, халықтық әдет-ғұрыптар мен зандар мүлтіксіз орындалады, бұзық ниеттегі адамдар болмайды. Билеуші нашар болса, бүрынғы әдет-ғұрыптық жоралғылар сақталмаса, ауыз — біршілік болмаса мемлекеттің шаңырағы шайқалады, қолдан билік кетеді, халқы құл болады.

Осындай себептермен Түрік қағанатының ыдырауы мен баска мемлекетке тәуелді болуы туралы аталмыш шығармада былайша жырланады. «Одан кейін інісі қаған болған екен, баласы да қаған болған екен. Інісі ағасындай іс қылмағанға ұқсайды, Ұлы әкесіндей іс қалдырмағанға ұқсайды. Зердесіз қаған ел билегенге үқсайды. Бұйрыкшылары да біліксіз каганға ұқсайды, жәутік қағанға үқсайды. Бектері мен халқы түзу жолдан шыққаны себепті, табғаш халқының арбаушылығы себепті, аға-інілердің кектескені себепті, әкімі бар халықты шағыстырғаны себепті түркі халқы ел етіп құрған мемлекетін қолдан берген екен, ел билеген қаганынан қолдан айрылған екен. Табғаш жүртына текті ұлың құл болды, сұлу қызың күң болды». Мемлекеттің қуаттылығы мен күштілігі ел бірлігінде екендігін жақсы ұққан жыр авторы бүл мәселені айрықша атап корсетеді.

Ерте түркі өркениетінің саяси-әлеуметтік саладағы құнды табыстарына олардың қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси қүрылымын қалыптастыруын жатқызуға болады. Олардың түркілер қоғамындагы шешуші роль атқаратын қаған бастаған империялык ақсүйектер билігін калыптастыруы — орасан зор Түркі империясының өмір сүруімен тығыз байланысты. Жоғары биліктегі қағанның ең басты міндеті де «ел жұртының қамын ойлау, халқын асырау, елді қорғау, күші мен ісін мемлекет мүддесіне жүмсау» болған. Қаған басына қойылған мәңгілік таска ойып жазылган мақтау сөзде, «ол өзінің халқын армансыз асырады» деп айтылады. Жоғары биліктің қаған мен бектердің қолына шогырлануы да оларға ел тағдыры мен қауіпсіздігі, халықтың бейбіт тұрмысы үшін саяси-құқықтық тұрғыдан да зор жауапкершілік пен міндеттер жүктеген еді.

Елтеріс қаған мен Тоныкөктің басты мақсаты — түркі халқының басын қайта біріктіріп, оны қуатты да күшті елге айналдыру. Басқаның тәтті сөзі мен асыл бұйымдарына алданбау. Тәуелсіздік бәрінен де қымбат. Халықтың ынтымағы мен бүтіндігін ойлаған олар «бір рет қана тойынуды» мақсат еткендермен аяусыз күрес жүргізеді. «Аш-тоғыңды білмейсің, бір тойсаң аштықты ойламайсың. Сондайлығың үшін өзінді тойындырган кағаныңның сөзін алмастан жержерге бардың, соның борінде азып-тоздың» деп өкініш білдіреді. Түркі мемлекстінің төуелсіздігі мен ар-абыройы үшін халықты бірігуге, басқыншы жаумен жан берісіп шайқасуга, өзін қолдауға шақырады. «Табғаш, Оғыз, Құтан — бұл үшеуі біріксе, біз екі ортада каламыз, қорғана алмаймыз. Тозған әлсізді таптау оңай, тозған жіңішкені үзу оңай, жұқа қалың болса, оны алып қана бұзады, жіңішке жуан болса, оны алып қана үзеді» [17,б.115].

Мемлекет билеушісі елдің даңқы мен атағы үшін, халқы мұңсыз, бейбіт өмір сүруі үшін қызмет етуі тиіс. «Әкеміз, ағамыз қүрған мемлекеттің аты, күші, даңқы жоқ болмасын деп, түркі, халқы үшін түнде үйықтамадым, күндіз отырмадым. Осылай елді қүрап, халықты отқа күйдірмедім, суға батырмадым. Тәңірі жарылқап, күтым бар ссбепті, өлмеші халыққа жан кіргізіп, асырадым, жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым. Айбарлы жұрттыққа, қуатты қағандыққа жеткіздім» деп мақтанышпен айтылған бұл сөздерде билеушінің ақылды саясаты мен билігі, көрегендік қасиеті, қолбасшылык дарындылығы айрықша атап көрсетіледі.

Қағандық екімет пен билікті нығайту, халықтың қағанға мойын усынып, сөзсіз бағынуы — олардың тәуелсіздігі мен бейбіт тұрмысының, берекелі тіршілігі мен игілікті ісінің шарты екендігін ұмытпау үшін қағанның өсиеттері кейінгі ұрпаққа қалдырылды.

Түркі халқы Білге қаған «кедей халықты қалай байытқанын, аз халықты қалай кобейткенін» үмытпауы үшін, «түркі халқы неден қауіптеніп, нені білуі үшін» оның сөзі «мәңгілік тасқа» жазылған. «Уа, түркі бектері мен халқы, мынаған құлақ салындар! Сендер өз мемлекеттерінді қалай құрғандарынды, сендер қаншама күнәға батып бөлінгендерінді мен осы жерге, мәңгілік тасқа ойып жаздым. Осыған қарап, біліңдер!» Тәуелсіздік оңай келмеген, бұл мақсатга ел билеушілерінің ерлігі мен көрегендігі қажет болған. «Қызыл қанын ағызып, қара терін ағызып, түркі еліне жау келтірмеген, құлаған мемлекетті қайта мемлекет еткен, жоқ болған халықты кайта халық еткен» түркі каған-билеу-шілерінің үстанган саяси идеалдары мен мақсат-мүдделері, ел билеу принциптері мен адамгершілік қасиеттерінің қандай болғандығы ерте түрік жазбаларында айқын байқалады.

Әлемдік мәдениеттегі Ұлы ескерткіштердің қатарынан саналатын ерте түркі жазбаларында көне түркі тайиаларының идеологиясы, саясаты, ел бірлігі мен ынтымағы көркем баяндалады, билеуші-қағандардың ел билеу тәсілдері мен мақсат-мүдделері айқын көрінеді. Жазба ескерткіштерде аты аталған қағандардың өмірі мен өнегесінің, түркі еліне сіңірген еңбектерінің тарихи маңызы ерекше.

«Біздің еліміздің халықтары ұлы ата-бабаларымызды әбден орынды мақтаныш етуге құқықты, ал Бумын, Естемін, Білге қаган, Күлтегін сияқты алғашқы қағандардың есімдері ежелгі ерте заманның өзге ұлы қолбасшыларының және мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен әбден қатар тұра алады, олардың атқарған істері ешкімнің де атқарған істерінен артық болмаса, тіпті де кем емес» [1,б.95] Олардың өмірі мен өнегесі, артына қалдырған өсиеттері елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін, халықтың еркіндігі мен ынтымағын ардақтауды және қастерлеуді ғибраттайды және үлгі етеді. Ерте туркі дәуірінің ойшылы, философы, асқан күй шебері — қобызшы — Қорқыт Ата туралы халық арасында толып жатқан аңыздар бар. Оғыз мемлекеті түсында өмір сүрген (VIII ғасыр) Қорқыт шығармаларының тақырыбы да осы дәуір тынысы мен мұң-мүқтажы болып келеді. Дегенмен, ол туралы аңыздардың көпшілігі шамандық мазмұнда көрінсді және олардың негізгі философиялық өзегі — мәңгілік, гұмыр, жанның мәңгі-бақи екендігіне сену, мәңгілік өмірге талпыну. Оның өлеңмен жазылған шығармалары данышпандық, философиялық, әлеуметтік ойлар мен толғаулар болып келеді.

Түркі дүниесінің рухани ойшылы ретінде танылган Қорқыт Ата өлімнен қашады, мөңгі өлмеуді ойлайды. Мәңгі өмір сүретін мекен іздейді.

Қазіргі айтылып та, жазылып та жүрген құқықтық мемлекет тек әділеттіліктің белгісі болып қана қоймай, сонымен бірге жеке тұлғаның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократиялық үлгідегі жаңаша мемлекет қалыптастыру. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Сонымен құқықтық мемлекет туралы ойларды қорыта келіп, оның негізгі мазмұны – халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары үстемдік етуі керек. Ондай мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші адам, қалың бұқара. Сондықтан құқықтық мемлекетке толығымен жету үшін, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыруы қажет. Ежелгі заманның тарихи деректері бүгінгі қазақ ұлтының арғы тегі сақ, үйсін, ғұн және қаңлы тайпалары екенін көрсетеді.

Жүргізілген ғылыми зерттеулер Қазақстандағы номадизм тарихы біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ ғасырдан бастау алатынын дәлелдейді, осы кезеңде алғашқы этно-мәдени қауымдастықтар қалыптасып, олардың күн көрісі шаруашылық жүргізудің жаңа тәсілі көшпелі мал шаруашылығымен байланысты болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың: «Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтаған халық», – деуі орынды [1,б 45]. Бүгінгі археологиялық қазба жұмыстарының жәдігерлері, түрлі зерттеулер мен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қол жеткізген жетістіктері қазақ халқының тарихы үш мың жылдық тұңғиықтан бастау алатынын дәлелдеді,бұлардан шығатын қорытынды заң мен демократия құндылықтары тек батыстық үлгіде ғана болады деген жаңсақ пікірден арылатын кез келді. Ежелгі қазақ даласында ру-тайпалар кезеңінен бастау алған әдет-ғұрып салт-дәстүрлері, Қазақ хандығының құрылуымен халықтың саяси мінез-құлқының, ұлттық психологиясының қалыптасу жолдарын уақыттың талай сындарынан өткерді. Қазақтардың тұтас ұлт, өзіндік ел халқы ретінде пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың кең-байтақ аумағындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық процестердің даму қорытындысы болды. Аралас экономика – көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылық қалыптасқан өлкелердің табиғи интеграциясы негізінде XІV-XV ғасырларда тұтас экономикалық аудандардың құрылуы аймақтың бүкіл жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай туындатты. Аймақтың көшпелі және отырықшы халқының экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарының нығаюы қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бірігуіне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу процесінің іс жүзінде аяқталуына себепші болды. Өз кезеңінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы шеңберінде жергілікті этникалық негізде мемлекеттің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігуі қажет екенін түсінуіне жәрдемдесті [10,б.39].

Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары осы жағдайлар болды. Тарихшылардың деректеріне сүйенсек, қазақ мемлекеттілігі Ақ Орданың өзінде-ақ қалыптасқан. Ақ Орда мемлекетінде, Әбілқайыр хандығында, Ноғай Ордасы мен Моғолстанда мемлекеттік даму, шаруашылық, мәдениет саласында монғолдар жаулап алуының теріс саяси зардаптарын біртіндеп жоюмен қатар, XІV-XV ғасырларда қазақ халқының одан әрі бірігу, топтасу процесі жүріп жатты. Нәтижесінде, Әбілқайыр хандығынан көптеген көшпенділер, соның ішінде 200 мың адамнан тұратын қазақ руларының өкілдері Жәнібек пен Керей маңына жинала бастады. Сондықтан да, жалпы танылған және тарих ғылымындағы дәлелді деректерге сәйкес, қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектелуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары – Жәнібек пен Керейдің үлесіне тиді [6,б.138]. Жәнібек пен Керей ханнан кейін хандықта аса ықпалды екі саяси тұлға пайда болады: біріншісі – Керей ханның ұлы Бұрындық хан, екіншісі – Жәнібек ханның ұлы – Қасым хан. Осы екі саясаткердің бақталастығы нәтижесінде жігерлі Қасым сұлтан жеңіске жетіп, беделінен айырылған Бұрындық хан 1511 жылы маңайындағы бір топ адаммен Мәуераннахрға кетеді. Осылайша, XVІ ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан қазақтың кең-байтақ далалық жеріне өзінің билігін нығайтты. Хан билігі оның кезіндегідей ешбір хандықта берік болмаған, қазақ хандарының ешқайсысы Қасым хан сияқты өз билігіне халықты тұтас біріктір-меген, халқы бір миллионнан асқан. «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі заңдар жүйесінің жасалуы Қасым ханның есімімен байланысты. Қасым хан тұсында қолданыста болған құқықтық жүйе өзінің бастауын тарих тұңғиығынан алып, ауыз әдебиетінің көмегімен есте сақталған нақыл сөздер түрінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен, дәстүр сабақтастығының жарқын көрінісі болып табылатын әдет-ғұрыпқа негізделді. Зерттеушілердің жалпы танылған пікірі бойынша «Қасым ханның қасқа жолы» туындауына алғышарт болған жағдайлар:



  1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді.

  2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді.

  3. Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты.

  4. Ел халқының саны бірнеше есе өсті.

  5. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы толықтай жауап бере алмайтын еді.

Яғни қазақ халқын құрайтын түрлі ру-тайпалардың сан ғасырлық тұрмыс-тіршілігін реттеп келген әдет-ғұрып нормаларының «Қасым ханның қасқа жолы сияқты» бір жүйеге келтірілуі өз кезегінде бір орталыққа біріккен мемлекеттілік орнауының жемісі, нағыз саяси билік қызметінің нәтижесі деп айтуымызға толық негіз бар. Осылайша, қазақтардың әдет-ғұрып құқығының нормалары «жол» деген атпен тарихта мәңгі сақталып қалды.

З.Ж. Кенжалиевтің пайымдауынша, «жолдар» – көшпелі қоғамдағы орталық мемлекеттік биліктің жеке дара дербестенуінің бір көрінісі, оның қалыптасқан құқықтық мәдениеті жаугершілік, әскери заманға сай бейімдеп пайдалануға талпыныс жасаудың нышаны. «Жолдардың» пайда болуы мемлекеттік билікті, елді басқару ісін, қоғамдық қатынастарды реттеу мәселесін жаңа негізде –құқықтық-мәдени арнада және сатыда құруға батыл қадам жасағандығының айғағы [33,б.4].

Қазақтың әдет-ғұрып заңдары орта ғасырлардағы ислам дінін ұстанатын Араб, Шығыс және Орта Азияның елдеріндегі жаппай қолданыста болған шариғат заңдарынан мүлдем бөлек болды. Басқаша айтсақ, қазақ халқының әдетғұрыптық жолдары мен құқықтық жарғылары ерекше тарихи кезеңнің, әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістердің туындысы еді.

Ә. Марғұлан Қасым ханның ел басқару ісінде қолданған әдет-ғұрып заңдарының ерекшеліктерін төмендегідей ашып көрсетеді. Біріншіден, өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери диктатура арнасына барып тіреледі. Екіншіден, мал шаруашылығымен айналысатын қазақ бұқарасына исламдық шариғат қағидаларын толық ұстану қиынға соғып, оған селсоқ қарап, ойыса қоймайды. Сондықтан шариғатты кіргіземін деген хандарға халық бұқарасы қатты наразылық білдіріп, кейде ол көтеріліске ұласып отырған. Бұл ерекшеліктерді жақсы білген Қасым хан, саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде, халық бұқарасының, билер тобының, көптен бергі ойына қарсы тұрмай, қайта олармен бірігіп, шариғат заңын үгіттеген Бұхар ишан-қазыларының тіміскілеуін тойтарды. Сөйтіп, халықтың тілегіне жақын, әрі ерте заманнан оларға түсінікті ежелгі «Жарғы» заңын жаңадан күшейтті. Қазақ хандығының заңдары «жарғы» деп аталды. «Негізі орта ғасырларда қыпшақ, шағатай ұлыстарында қолданған ярғұ заңынан алынған. Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудырмай, дәл, әділ айырудан шыққан [34,б.40]. Халық Қасым ханның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – Жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті. Бұл заңға енген ережелер:



  • мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері);

  • қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза); 3) әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны);

  • елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынасында сыпайылық, әдептілік);

  • жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіңдегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті).

Ереже заңдары өзгеріссіз XVІІ ғасырға жетіп, Есімнің кезінде (1598-1645) «Есім салған ескі жол» («Есім ханның ескі жолы») деп аталды [17,б.76].

Әрине, қазақы далалық демократияның құқықтық негізіне айналған «Жеті жарғы» дәл қазіргі кездегі Конституция сияқты жалпы мемлекеттік кешенді сипатта болған жоқ, ол өзінің дәуіріндегі көшпелі қоғамның жалпы және ерекше құрылысына толық сәйкес келетін құқықтық норма еді.

Әсіресе, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ хандығының саяси, әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық қағидаларының конституциялық негізіне айналып, өзінің тәжірибелік икемділігі мен қолданыстағы өміршеңдігін көрсетті. Басқаларын айтпағанның өзінде, «Жеті жарғы» қазақтарда демократияның далалық үлгісі болды деген тұжырымды нақты дәлелдейді.

«Жеті жарғы» бір жағынан Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолы» заңдарының замана талабына сай қайта толықтырылған, елеулі өзгерістер енгізіліп, дамытылған туындысы іспетті. Ал жаңадан қосылған екі тарау жесір дауы мен құн дауына қатысты болды. Бұл кезде Қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды ойрат-жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты жердің тарылуы, мал жайлылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауын жалпы қылмыс заңынан бөліп алып, жеке-жеке тарау енгізуге тура келді [17,б.78]. Жаңа мемлекеттің құқықтық негізіне айналған

«Жеті жарғы» далалық демократияның рухына сай Ата заң болды. Бұл қазақ халқына тән дәстүр сабақтастығын басшылыққа алған, елдің саяси өмірі мен бұқара халықтың тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктеріне сай бейімделген салиқалы заңнама ғана емес, ел ынтымағы мен бірлігін көздейтін саяси идеологияның құқықтық негізі еді. Қазақ хандығы үшін зор маңызы бар осы тарихи құжаттың астына ұлттың барлық игі жақсылары топтасты, барша халық мойындап, бірауыздан басшылыққа алынды. Бұл тұрғыда «Жеті жарғыны» бүкіл ел болып мойындап, күнделікті өмірде кеңінен қолдануын демократияның алтын заңына айналған легитимділіктің жарқын көрінісі десек те болады.

С. Созақбаевтың зерттеуіне сүйенсек, «Жеті Жарғы» өзінің баптарында «қылмыс» деген ұғымды ешқандай мазмұнда түсіндіріп, мәнін ашып көрсетпейді. Негізінде «Жеті Жарғыда» мынандай қылмыстардың құрамдары беріледі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, әйелдің ерінің көзіне шөп салуы, денеге, мүшеге зақым келтіру, әйелді зорлау, әйелді алып қашу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту, сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. «Жеті Жарғының» негізгі талаптарының бірі – жасаған қылмыстық әрекетіне сай жаза тарту, яғни талион принципі (қанға қан, жанға жан). Бірақ талион принципі «Жеті Жарғыда» бекітілгенімен, онша дамыған жоқ, керісінше жаза қолданудың негізгі формасы ретінде мүліктік композиция – құн төлеу қалыптасты [51,б. 110].

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы терең және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан.

Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, әдет-ғұрып нормаларының тағы бір артықшылығы, қолданылатын жазалардың тым қатал емес, яғни ізгіленгенінен айқын көрінеді. Сондықтан да болар, қазақ даласында түрме, абақты, бас бостандығынан айыру деген жазалау шаралары болмаған. Оның есесіне «қанға қан» ұстанымының орнына билердің ықпалымен құн төлеу институты кеңінен қолданылған. Құн төлеу негізінде кісі өлтіргені үшін немесе адамның дене мүшесіне жарақат түсіргені үшін белгілі бір мөлшерде моральдық-материалдық төлем ақы төлеу ұстанымы жатыр [51,б.120].

«Жеті Жарғыға» сай қазақ билері құқық бұзушыларға жаза белгілеуді жасаған қылмыстың ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы деп белгілеген. Даулы істің қаралуы екі сатыға бөлінген: біріншісі, екі дауласқан жақ билердің істі қарауына дейін, өзара келісім дауды шешуге іс-әрекет жасайды.

Қазақ халқы үшін әділдіктің тең таразысы бола білген билер қоғам өмірінің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әскери-дипломатиялық салаларына тығыз араласып, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлестерін қосты. Бүгінгідей ғаламдану мен батыстық сарындағы арзанқол бұқаралық мәдениетке еліктеу заманында өзіміздің осындай асыл мұраларымызды жас ұрпаққа жеткізу, түсіндіру мен насихаттау күн тәртібінен түспейтін мәселе болып қала бермек.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет