46.Көнерген сөздер. Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша:
а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге– кежегесін кейін тарту);
ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді.
Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта).
Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, асадал, дүрия, патсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсібір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ– жасақшы, төре– төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылыс.
47.Неологизмдер. Жаңа атаулар Неологизмдер — өндіріс пен ғылымның, мәдениет пен шаруашылықтың түрлеріне байланысты тілде жаңадан пайда болған және көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздер. Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, кесте (таблица), шөгінді (осадки), т.б. Неологизм сөзжасамдық калькалау, (макроұя, кодтану), сондай-ақ морфологиялық, синтаксистік-морфологиялық, семантикалық-морфологиялық тәсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Неологизм тілдің лексикалық құрамына ауызша және жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мәдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген неологизм ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді.
Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.
Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:
Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.
Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.
Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.
Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.
Жаңадан енген сөздердің тың, жаңа екендігі аңғарылып, сезіліп тұрғанда ғана неологизм болады. Уақыт өткен сайын кейбір сөздер үйреншікті, бұрыннан да бар сөздер секілді болғанда, неологизм болудан қалады.Мысалы:колхоз, комбайн, бригадир, электр, радио, партия т.б.сөздері алғашқы кезде неологизм болса, кейін сөздік қорға еніп кетті.Неологизмдер лексикалық және семантикалық болып екіге бөлінеді.
1.Лексикалық неологизмдерге жаңа заттың ұғымның шығуымен пайда болған сөздер, мысалы: теледидар, космос, баспасөз, аялдама т.б.
2.Семантикалық неологизмдерге сөзбе-сөз аудару жолымен пайда болған сөздер: Мысалы: жүйе (система), шарт (договор), шөгінді (осадки), т.б.