42.СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ Лексиканың белгілі бір тобы өзінің стильдік бояуына байланысты көбінесе сөйлеу стиліне тән болып келеді де, сонда жиірек қолданылады. Ондай сөздер сөйлеу тілі лексикасы деп аталады. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында (баяндамада, лекция да, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стиль дік бояуы әртүрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жатпайды. Тілде де ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын, тіпті көркем әдебиет пен публицистикалық стильдердің өзінде көп кездеспейтін, қайта бұларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы осындай сөздерді қамтиды. Мұндай сөздердің сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы да осы қолданылу аясына байланысты. Сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына қарапайым сөздер, табу, эвфемизм, диалектизм, арго сөздер жатады.
43.Кітаби лексикаға саяси әлеуметтік терминдер, әр алуан техни-калық атаулар т. б. жатады. Бұлар өздерінің стиль түрлеріндегі қолданылу аясына қарай бір-бірінен өз ара ерекшеленеді. Мысалы ғылыми стильде, әр түрлі оқулықтар тілінде терминдер, техникамен байланысты сан сала атаулар көбірек ұшырасады. Мысалы:
Химиялык, элементтердің барлығы дерлік тотықтар түзе алады: Көпшілік қышқылдар суда жақсы ериді: Негізгі жэне қосымша топша дегеніміз оттекбойынша валенттілігі бірдей… (Химия). Өз ара перпендикуляр екі жасаушы арқылы жүргізілген қиманың ауданын табыңдар: Берілген түзуден берілген жазықтыққа пер-пендикуляр етіп… (Геометрия). XIX ғасырдың аяк; кезінде белгілі болған оптикалық құбылыстар жарықтың толқын түрінде тарала-тынын көрсетті. Сол толқындар таралатын орта шартты түрде эфир деп аталады (Физика). Үлгі баулар бойынша өнімді есепке алу дәнді дақылдарға,жэне талшықты жэне жемшөптік дақылдарға қолданылады. Мөлдектен түскен дэннің өнімін мына теңдеу бойынша есептеп шығарады (Биология).
Химия, биология, физика оқулықтарында кездесетін тотықтар, қышқылдар, топша, оттек, валенттілік, теңсіздік, теңдеу, шама, қо-сынды, көбейтінді, жанама, диаметр, кесінді, перпендикуляр, жа-саушы, қима, түзу, жазықтық, жарық, толқын, эфир, тығыздық, тербеліс, серпінділік, дақыл, мөлдек сөздері қазақ тілінің лексика қорына жататын сөздер. Олар ғылыми стиль саласында термин ретінде, атау түрінде қалыптасты. Бұл сөздер көбінесе зерттеу ең-бектерде, оқулықтар тілінде қолданылады. Ал көркем әдебиетте, ресми-кеңсе, публицистикалық стильде сирек ұшырасады. Лекси-калық топтардыд осылай бір-бірінен ара жігі ашылып, өз алдарына даралана түсуі, бас-басына сараланып шығуы — әдеби тілдегі функционалдық стильдердің, көркем әдебиет, сөйлеу стильдерінің әрқайсысыньщ өзіндік табиғатына, мазмұн-мақсатына байланысты. Әрбір стильдің негізгі және қосалқы белгілері болады. Шығармада бастан-аяқ лексикалық қүрамдағы байыргы сөздердің мол қолданылатындығы көркем әдебиет стилінің негізгі белгісі