1.Қазақ тіл білімінің зерттелу тарихына шолу


7. Топонимика және антропонимика



бет4/38
Дата17.10.2023
өлшемі101,11 Kb.
#116957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
1.?àçà? ò³ë á³ë³ì³í³? çåðòòåëó òàðèõûíà øîëó

6.
7. Топонимика және антропонимика.
Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топоним дер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:
семантикасы (мағынасы);
жасалу жолдары;
этимологиясы.
Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Топоним дер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Топонимика тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топоним дердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дұрыс жазылуының маңызы зор. Қазақ тілінің Топонимикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген.[1]
Антропонимика (гр. anthropos - адам, опута ат)— адамдардың өзіне меншікті есімдерін, аты-жөнін, жалған, бүркеншік, жасырын аттарын, ру аттарын — антропонимді зерттейтін ономастиканын тармағы. Антропонимика сонымен бірге әдеби шығармалардағы антропонимдер мен ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердін аттарын зерттейді. Антропонимика халықтық және канондык есімдерді, сол сияқты бір есімнің әдеби және диалектілік, ресми және биресми түрлерін ажыратып қарастырады. Әрбір этностың әр дәуірде өзіне тән антропонимиконы (есімдер тізімі) қалыптасады. Антропонимдердін жиынтығы а н т р о п о н и м и я деп аталады.
Жеке адам есімдері басқа көптеген жеке атаулардай өздерінің дербестігімен ерекшеленеді: әр адамның жеке есімі бар. Есімдер тізілімі шектеулі. Жеке есімдер қайталап отыратындықтан, оларға қосымша атаулар беріледі.[1] Дамыған қоғамда адамның ресми атауларының өзіндік жүйесі болады. Мәселен, антикалық Римдегі есімдердің тұрақты жүйесі мынадай: адамның жеке есімі + ру тегі + жалған аты + ататек есімі + қосымша аты. Үнді елінде бүл жүйе 3 құрамнан тұрады: гороскоптық есімі, жыныстык немесе діни секталық есімі, касталық есімі. Мысалы, Рабиндранат Тагордың есімі: Рабиндра (Күн құдайы), Натх (еркек), Тхакур (жер иеленушілер қастасынан) құралымынан тұрған.
Антропономия есімге қатысты хабарларды: адамның қасиетін, әкесі, руы, отбасымен байланысы, ұлты, кәсібі, қай жерден шыққан т.б. зерттейді. Теориялык антропономия белгілі этнос антропонимдерінің пайда болу, даму зандылыктарын, құрылымын, жүйесін, үлгілерін, тарихи қабаттарын, тілдердің антропонимиялық өзара байланысын қарастырады. Оның зерттеу әдістері ономастиканын басқа түрлеріндегідей (адам есімінін әлеуметгік сипаты, салт-әдет, дін мен моданын ықпалы т.б.).
Қолданбалы антропономия есімдерді нормаландыру мәселесін, есімдердін әртілде берілу тәсілдерін зерттейді. Антропонимиялық сөздіктер жасауға, азаматтық хал актілерін тіркеу (ЗАГС) орындарында ат тандауға, есімдердін даулы құқықтық мәселелерін шешуге көмектеседі. Антропонимия ономастикадан 20 ғасырдың 60—70 жылдарында бөлініп шықты, бірақ олардын бірқатар мәселелері бірге каралады. 60-жылдарға дейін "Антропонимия" термині орнына "ономастика" қолданылып келді.[2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет