3 кезең – ХІІІ ғасырдан бастап Моңғол – қыпшақ көшпелі империялары деп аталады.
4 кезең – ХV ғасырдан бастап ХVІІІ ғасырдың басы аралығындағы тұтас қазақ ханды-ғында қалыптасты.
2.Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы туралы пікірі.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің тарихи-мәдени өмірінде елеулі өзгерістер болды. Өшкенімізді жандырып, жоғалғанымыз табылған тәуелсіздік кезеңінде бірқатар тарихи оқиғалар да орын алды. Соның бірі 2015 жылы Елбасының шешімімен Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуі еді.
Ең бастысы, ұлттық сана жаңғырған тұстағы осынау айтулы тарихи шараны өткізудің маңыздылығы өте зор болды.Себебі Қазақ хандығының 550 жылдығын өткізу еліміздің тарихындағы, ұлтымыздың, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше.
Қазақ хандығының 550 жылдық тарихын дәріптеуде сөз басын ұлт ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына шексіз үлес қосқан сол дәуірдің күәгеріндей болған ғалым,халқымыздың тұңғыш тарихшысы - Мұхаммед Хайдар Дулатидан және оның «Тарих-и Рашиди» еңбегінен бастаймыз.
XVI ғасырдағы Орталық Азияның атақты тарихшысы, әдебиетшісі және көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танымал болған Мырза Мұхамед Хайдар Дулатидың (1499-1551 жж.) өмірі мен шығармашылығы осы қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуына арналған. Ең басты шығармасы «Тарих-и Рашиди» қазақ тарихы мен әдебиетін, мәдениетін, дала философиясын, дінін өткен түркілік дәуірдің исламдық кезеңімен сабақтастыра зерттеуімен аса құнды тарихи дерек ретінде қарастырылады. Кітаптың өзі екі үлкен дәптерден тұрады да, біріншісі – 70 тараудан, екіншісі – 117 тарауды қамтиды. М.Х. Дулатидың айтуы бойынша бірінші дәптердің 17 тарауы толығымен «Зафарнаме» кітабынан алынса, екінші кітаптың 41-тарауы «Тарих-е Жаһангошай» кітабынан, ал 99-шы тарауы осы «Зафарнамеден» алынған.
Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты ең маңызды деректі беретін Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих- и Рашиди» шығармасы XIV-XVI ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі Моғолстан тарихына арналған. Бұл еңбек — Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме. Онда тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы қысқа, дәйекті түрде баяндалғандықтан барлық тарихшы осы еңбекті басшылыққа алады және Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту де осы әйгілі шығарма негізінде алынғандығы тарихи ақиқат.
Достарыңызбен бөлісу: |