салып, әйелдермен балалардыСақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен,
бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен
Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрынғы 519 –518 жж сақтарға
қарсы I-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды
бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер
қырылып қала жаздайды. Дарий ілдабайлап әскерін аппаттан құтқарады, бірақ жалпы
алғанды жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды
бағындырады,оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу
үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы
соғыстарға қатысады. Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы
шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы
күреспен байланысты, ол Ахемедтер мемлекетін талқандап бағындырғаннан кейін Орта
Азияны жаулап алуға кіріседі, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен” грек-македон
әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерілісін туғызады бірақ ол аяусыз
қатыгездікпен жанышталып тасталған.
Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата Шеткі
Александрия деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі
тірек-пункті ретінде саналады. Оны салу сақтарды көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші
бетінен гректерге садақ оғын жаудырады. Александр өз тарапынан көшпелілердің
катапульттерімен атқылап, оларды шегінуге мәжбүр етеді де,өзі әскерімен жеделдетіп
өзеннен өтіп, сақтарды қуалай жөнеледі.бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала
жаздайды, грек әскері қалаға қайта оралады. Александрдың ез басы осы жортуылда
жараланғанға ұқсайды, сөйтіп қалады. Александр Македонскийдің Яксарт \Сырдария\
сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс–талабы сәтсіз
аяқталады.
Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр-талайында сақтар бұдан былай да маңызды рөл
атқара береді. Мәселен б.з.бұрынғы III ғ.-б.з. дейінгі III аралық тарихына ықпал жасап
отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-Бактрия патшалығының талқандалуына
және Кушан империясының құрылуына ат салысады
Мемлекетті патша билеген . Ол соғыс пен бейбітшілік мәселені шешті . Ал тайпалар мен
рулар арасындағы даулы мәселелерді тайпа көсемдері шешті . Қоғамдық құрылысы әскери
демократия болды . Демократия тек әскери жараққа жарамды жастағы ерлерге қатысты
болды .
Сарматтар
Қоғамдық басқаруы әскери демократия . Соғыстарға ерлермен қатар әйелдерде қатысқан .
Деректерде егер әйел адам өзінің 3 жауының басын алмаса үйлене алмаған . Ерлерімен
аңға да шыққан , бірге киінген .
Достарыңызбен бөлісу: