1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Ру-тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы



бет38/86
Дата20.12.2022
өлшемі379,46 Kb.
#58524
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86
42 Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы. Ру-тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал шаруашылығы, егіншілік, қалалары, саудасы.

Қоғамның дамуына байланысты басқару жүйесі күрделене түсті. Ұлттың қалыптасу барысында ұлттық басқару жүйесінің қажеттілігі туындады. Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрды. Ауылдық басқару, ата-аймақ, рулық басқару, ұлыстық билік, жүздік билік, хандық билік, құрылтай немесе мәслихат. Ауылдық басқару туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралды. Ауылды ауылнай немесе ауылбасы басқарған. Ата-аймақ бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралды. Бұл ұйымды ақсақал басқарған. Ру он немесе он бес аймақтан құралған. Ру басшысын ру биі немесе рубасы деп атаған. Ұлыс бірнеше рудан құралды. Әр ұлыс өз жерінен жаугершілік жағдайда он мыңдық жасақ шығара алды. Ұлыстың бас билігі ұлыс сұлтанының немесе ханның қолында болды. Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі болып есептеледі. Жүздің биі ордаби деп аталған. Хандық үш жүзден құралды. Ұлы жүз аумағы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Орта жүз аумағы – Орталық жəне Солтүстік-Шығыс Қазақстан. Кіші жүз аумағы – Батыс Қазақстан. Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды.


Ұлы жүз құрамы: жалайыр, қаңлы, албан, суан, дулат, шапырашты, сіргелі, шанышқылы, ысты, ошақты, сарыүйсін, қатаған
Орта жүз құрамы: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ.
Кіші жүз құрамы: 12 ата байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш), жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан), əлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) тайпалары енеді
Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі – Құрылтай (Мəслихат). Ел басына ауыр күн туғанда күрделі мәселені талқылауға үш жүздің азаматтары құрылтайға түгел қатысады. Хан тағына малы көп шонжар-сұлтандар сайланды. Сонымен бірге хан болып сайлану үшін Шыңғыстың ұрпағы болу басты талап болды.
16-17 ғасырларда қазақ халқының құрамы негізгі екі топтан тұрды. Олар ақсүйектер мен қарасүйектер. Қазақ қоғамында бас бостандығы жоқ құлдар мен күңдер де болған. Оларда ешбір құқық болмаған.
Қазақ хандығы – көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан феодалдық мемлекет болды.Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар далалық өңірлерде қой, жылқы, түйе және сиыр өсірді. Мал – жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды. Талай ғасырлық тәжірибеден туған шаруашылық басқару тәсілі жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырды.
Бұл: жаздағы жайлау, қыстағы қыстау, көктемдегі көктеу, күздегі күзеу.
Көшіп-қону өрісі түрліше болды, малы көп, әсіресе түйесі мен жылқысы бай малшылар алысқа көше алды (кіші және орта жүз жерінде жылына 700-1000 шақырым артық жерге көшіп отырды), 200-300 шақырым жерде әр түрлі жайылым жерлер кездесіп отыратын Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда көшіп-қону әлдеқайда шағын болды. Әрбір рудың өзінің көш жолдары болды. Басқа рулар қол сұға алмады. Малдың дені қой мен жылқы болды. Қазақтар көбінесе еті семіз, қылшық жүнді, құйрықты қойлар өсірді. Қой еті негізгі тамақ болды. Қойдың сүтінен құрт, ірімшік, сүзбе, айран, сары май алды. Қой ең бағалы шикізат – жүн, тері, елтірі өнімдерін берді.
Жетісу және Оңтүстік Қазақстан өңірі ертеден бері егіншілік мәдениетінің бесігі болған орын. Қазақ хандығы тұсында бұл аймақтардың дәстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды.
Сырдария Арыс, Шу, Талас өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы жақсы жолға қойылды. Өзен суларын тартып жер суландыратын каналдар мен арықтар болды. Қазақ егіншілері арпа, бидай, жүгері екті. Егіншілік саймандары тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды.

Оңтүстік Қазақстандағы қалалар 15 ғасырдың аяғынан Қазақ хандығының қол астына қарай бастады. Ал 16-17 ғасырларда ол қалалар толық қазақтардың қолына өтіп, төңірегінде елді мекендер қалыптасты. Қалалар шығыстан батысқа қарай Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.


Сығанақ қаласы қазақтар үшін сауда орталығы, 13 ғасырдан қыпшақтардың орталығы, 15-16 ғасырлардан Қазақ хандығының астанасы болған. Түркістан қаласы 16 ғасырдың соңында Қазақ хандығының астанасына айналды. Қазақ халқының ұлттық негізі Түркістанда бекіген. 18 ғасырдан бастап ортағасырлық қалалар экономикалық жағынан әлсірей бастаған. Бұған жоңғар-қалмақ шапқыншылығы, қазақ-өзбек хандықтары арасындағы жүз жылға жуық болған соғыстар, Ұлы Жібек жолының сауда жасау қуатының әлсіреуі басты себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет