Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................................3
1Қазақстан Республикасындағы нотариат ...................................................................4
2Нотариустың көмкешілерімен тағылымдамадан өтушілердің құқықтары және міндеттері.........................................................................................................................9
3Қазақстан Республикасының нотариус заңнамасының жетілдіру жолдары..........................................................................................................................14
Қорытынды.....................................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................................23
Кіріспе
Мен ҚҚ-149 тобының студенті Серікбай Аружан Ғалымқызы 2022-2023 оқу жылының кестесіне сәйкес өндірістік практикадан 27.02.- 21.04.2023ж күндер аралығында Шымкент қалалық, нотариаттық палатасына барып өттім. Нотариаттық палатасында менің өндірістік практиканың жетекшісі ретінде «Құжаттарды орындау» бөлімінің орындаушысы Жанбулатов Самат Еркинбекович тағайындалды. Жетекшім Жанбулатов С.Е мені, нотариат палатасы атқаратын жұмыстарын және нотариус орындаушылары қандай жұмыстар атқаратынын түсіндіріп, жұмыстың маңыздылығы мен таныстырды. Мамандығыма байланысты қажетті іс материалдарымен танысып, тәжірибе жинақтадым.
Нотариат палатасында, өткен іс тәжірибе күндерге жинақтап тоқталатын болсам, 27.02.2023ж күні яғни іс тәжірибенің алғашқы күнінде Шымкент қалалық, нотариат палатасының кадр бөлімінің ұжымымен таныстым, 28.02.2023ж күні практика барысныда біз құжаттарды тексердік 01.03.2023ж күні Жанбулатов С.Е. архивтегі іс құжаттармен жұмыс жасатты. 02.03.2023ж күні Жанбулатов С.Е. құжаттарды қалай тігіп, орналастыруды көрсетті. 03.03.2023ж күні жетекшім Жанбулатов С.Е, құжаттарды кітап ретінде номерлеуді түсіндірді. 06.03.2023ж күні нотариаттық палатаның қызметі заңмен жарғы мен реттеледі және заңды тұлға болып табылатынын түсіндірді. 10.03.2023ж күні ішкі тәртіп ережелерімен кәсіби нормалармен таныстырды. 13.03.2023ж және 14.03.2023ж күні жетекшім Жанбулатов С, жалпы нотариаттық іс-жүргізу ҚР-ның әділет министрлігі бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылатының түсіндіріп, айттып өтті.
15.03.2023ж күні нотариус ашу үшін қандай құжаттар керек екенін түсіндім. 17.03.2023ж күні Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңы 1997 жылы 14-шілде де қабылданған. 24.03.2023ж нотариатты іс-жүргізу құжаттары қалыптастырылған орны бойынша 10-жыл бойы нотариуста сақталады. 29.03.2023ж күні неке шартының тек жас-жұбайлардың арасында өтетінін айтып өтті. 30.03.2023ж күні нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңседе немесе тыс жасалуы мүмкін екенін түсіндім. 03.04.2023ж және 04.04.2023ж күндер практика барысында іс-құжаттарды тізімі бойынша реттедім . 05.04.2023ж күні нотариаттық палата нотариус ашуға лицензия бере алады және оны алып қоюға құқығы бар екенін айтып өтті. 06.04.2023ж және 07.04.2023ж күндер аралығында жетекшіміз Жанбулатов С.Е нотариаттық палатаның, нотариуыстарға жалпы басшылық жасап олардың қызметін үлестіріп отыратынын айтты. 10.04.2023ж және 11.04.2023ж күндер аралығында Жанбулатов С.Е нотариус заңдарымен міндеттерін атап-өтті. 12.04.2023ж архивте жұмыс жасадық және де қалай құжаттарды іздеу керек екенін түсіндік. 13.04.2023ж күні сонымен қатар нотариаттық іс-әрекеттерді және де мәліметтерді қасақана жариалау қылмыс болып табылады және де олай жасаған адам заңмен жауап береді. 14.04.2023ж күні барлық нотариаттық іс-әрекеттер БНАЖ электрондық тізімінде тіркелетінін көрсетті. 17.04.2023ж күні жалпы нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмайды. 18.04.2023ж күні мүлікті иеліктен айыру және куәландыру шарттарын түсіндірді. 19.04.2023ж күні Жанбулатов С.Е архивтегі іс-қағаздарды не үшін сақталатынын түсіндірді. 20.04.2023ж күні Жанбулатов Самат әрбір құжаттың маңызды екенін және мерзімі өткен соң жою екенін ескертті..04.2023ж практиканың соңғы күні Жанбулатов Самат өндірістік практиканы қорытындыладық. «Шымкент қалалық, нотариат палатасының» төрайымы Г.Т Джунисбековаға, барып осы уақытқа дейін іс-тәжірбиеде жинақтаған тәжірбиемен жәнеде көптеген ақпарат біліп, үйренгенімді айтым. Г.Т Джунисбекова, күнделігіме мөр қойып берді.
1 Қазақстан Республикасындағы нотариат
Нотариат — даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі. Нотариат пен сот азаматтық іс айналымында заңдылықты алдын ала және істен кейін бақылаудың бірыңғай қызметін жүзеге асырады. Бірақ азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауды қарайтын соттан айырмашылығы, нотариат азаматтық құқықтарды заң жолымен бекітуге және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігін алдын алуға бағытталған қызметтерді орындайды.
мәмілелерді куәландыру;
мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесін және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік;
азаматтың тірі екендігін куәландыру;
құжаттардың түсіру уақытын куәландыру;
жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға табыс ету;
атқарушы жазбалар жасау;
құжаттарды сақтауға қабылдау сияқты іс-әрекеттер кіреді.
Нотариат куәландырған шарт — мүдделі жақтың өз құқығын дәлелдеуін жеңілдетеді, өйткені шарттың нотариус ресми түрде белгілеп берген мазмұны, мәмілеге қатысушылардың қойған қолдарының ақиқаттылығы, мәміле жасаған жері (орны), уақыты, өзге де жағдайлар нақты және бұлтартқысыз түпқұжат болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы нотариат-құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге-де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқтары мен заңды мүдделнрін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі. Заңмен белгіленген жағдайлармен шектерде натариаттық іс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
мемлекеттік натариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотатиустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);
жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдар;
Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
Осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар;
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Нотариаттық қызмет-нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы.
Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да адамдар натариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нармативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтінхалықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік береді.
Нотраиус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс -әрекеттерінің құпиясын сақтауға міндетті.
Натариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотаріус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жүргізілген заңды жеке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына ғана бері леді.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талап етуі бойыеша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уәкілдік берілген нотаріат палаталарына бері леді.
Жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.
Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды нотаріус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей нотариусқа табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңдарға өзгеше белгіленсе, өсиет Беруні өлгеннен кейін ғана бері леді.
ҚР-ғы нотариат - жоғарғы заң білімі және әдетт заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке натариус сынағынан өткен, Әділет білктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия бола алады.
Жекеше және мемлекеттк нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі асырған кездегі құқықтары, міндеттерітең болады. Олар ресімделген құжаттардың бірдей заң күші болады.
Нотариат даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куәландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі. Нотариат пен сот азаматтық іс айналымында заңдылықты алдын ала және істен кейін бақылаудың бірыңғай қызметін жүзеге асырады. Бірақ азаматтық іс жүргізуде құқық туралы дауды қарайтын соттан айырмашылығы, нотариат азаматтық құқықтарды заң жолымен бекітуге және олардың болашақта бұзылу мүмкіндігін алдын алуға бағытталған қызметтерді орындайды. Нотариат куәландырған шарт — мүдделі жақтың өз құқығын дәлелдеуін жеңілдетеді, өйткені шарттың нотариус ресми түрде белгілеп берген мазмұны, мәмілеге қатысушылардың қойған қолдарының ақиқаттылығы, мәміле жасаған жері (орны), уақыты, өзге де жағдайлар нақты және бұлтартқысыз түпқұжат болып табылады. «Нотариат саласын реттейтін нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру мәселелеріне қатысты төрағаның орынбасары нотариаттың қазіргі мемлекеттік және жеке меншік құрылымдары «Нотариат туралы» заңда бекітілгенін атап өтті.
Нотариаттың даму жолдарын, оның ішінде жеке нотариустердің қызметін енгізетін және нотариатты ұйымдастыру және оның кәсіби қызметін іске асыратын орган құруды көздейтін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік құқықтық реформа туралы» экс Президенттің Қаулысы Қазақстанға жеке нотариатты енгізудің негізі болды», - делінген хабарламада. «Нарықтық қатынастардың жедел дамуы жылдам және сапалы құқықтық көмек секілді жеке нотариат институтының енгізілуі де уақыттың талабы болды», - деді Қ.Ищанов және ол нотариат жүйесіндегі қазір орын алып отырған күрделі мәселелерді одан әрі зерделеу және олқылықтарды жою қажеттігі туралы айтты.
«Нотариатқа жүктелген міндеттерді толыққанды орындауды қамтамасыз ететін қажетті заңнамалық базаны жасау жөнінде елеулі жұмыстар атқарылды» сонымен бірге ол нотариат қызметі мен өндірісі саласындағы айқындалған проблемалық мәселелердің бар екенін, атап айтқанда ол мәселелерді шешудің қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ нотариаттық іс-қимылды іске асыру аясында нотариустың жаңа міндеті – медиатор болуды енгізу, жеке нотариустердің орталықтандырылған мұрағаттарын жинау және сақтау, сондай-ақ нотариус көмекшісінің рөлі мен мәртебесін көтеру секілді нотариаттың өзекті мәселелерін қарау қажеттігіне назар аударды.
Нотариат қызметі
мәмілелерді куәландыру;
мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесін және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік;
азаматтың тірі екендігін куәландыру;
құжаттардың түсіру уақытын куәландыру.
2 Нотариустың көмкешілерімен тағылымдамадан өтушілердің құқықтары және міндеттері
1. Нотариустың көмекшілері мен тағылымдамадан өтушілері болуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола алады.
3. Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариуста еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттiк нотариат кеңсесінің құрамында бола алады.
4. Жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары нотариустың тағылымдамадан өтушілері бола алады.
Тағылымдамадан өтушілер кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар нотариустарда тағылымдамадан өтеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміттенетін адам нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.
5. Көмекші мен тағылымдамадан өтуші нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен оның нотариаттық қызметті алмастыруға тиісті емес және нотариаттық іс жүргізу бойынша көмекші сипатта болуы мүмкін тапсырмаларын орындауға құқылы.
Көмекші мен тағылымдамадан өтушінің нотариус үшін нотариаттық құжаттарға қол қоюға және нотариустың мөрін пайдалануға құқығы жоқ.
7. Тағылымдамадан өтушінің нотариаттық қызметпен айналысу құқығына кейіннен лицензия алу үшін нотариаттық әрекеттерді жасау, нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша кәсіптік білім мен практикалық дағдыларды алуы тағылымдамадан өту мақсаты болып табылады.
8. Бір нотариустан бір мезгілде екеуден аспайтын тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өте алады.
9. Тағылымдамадан өту нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасы барлық тағылымдамадан өтушілер үшін міндетті болып табылады және онда нотариустың кәсіби және әдеп нормаларын зерделеуді, нотариустар үшін немесе тағылымдамадан өтушілер үшін арнайы ұйымдастырылатын семинар сабақтарына қатысуды қоса алғанда, тағылымдамадан өтушінің арнайы теориялық білім алуына, нотариаттық әрекеттерді жасау және нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды меңгеруіне бағытталған іс-шаралар тізбесі қамтылуға тиіс.
10. Тағылымдамадан өту аяқталған соң нотариус тағылымдамадан өтушінің кәсіптік даярлау бағдарламасын орындағанын көрсететін қорытынды дайындайды, оны он жұмыс күні ішінде нотариаттық палата бекітеді. Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасын тағылымдамадан өтуші толық меңгермеген жағдайда оған қосымша уақыт беріледі.
Тағылымдамадан өту туралы қорытынды бекітілгеннен кейін ол үш жыл бойы жарамды болып табылады.
11. Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасын толық меңгеру тағылымдамадан өтудің міндетті талабы болып табылады.
12. Терiс себептермен атқарып жүрген қызметінен босатылғандарды қоспағанда, осы баптың талаптары мемлекеттік нотариустың жұмыс өтілі бар адамдарға қолданылмайды.
Тағылымыдан өту Республикалық нотариаттық палатамен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министірінің бұйрығымен бекітілетін тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даяарлаудың бірінғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Заңгер мамандығы бойынша кемінде 5-жыл өткен. Бір нотариустан бір мезгілде екіден аспайтын тағылмадмашы өте алады. Тағылымдаманың ұзақтылығы 3-айдан кем болмауы керек.
3 Қазақстан Республикасының нотариус заңнамасының жетілдіру жолдары
Қорытынды
Мен өз ойымды қорытындылай келе 25.01.2021жылы жəне 09.04.2021жылы күндер аралығында өндірістік іс тəжірибеден өтіп көптеген мəліметтермен және істермен танысып үйрендім. Ең біріншіден мен Шымкент қаласының Нотариаттық палатаның ішкі тəртіп ережелерімен таныстым. Жəне ол жердің жұмысы аптасына бес рет, жұмыс уақытысы таңғы сағат 09:00 дан кешкі сағат 18:00 ге дейін жəне сағат 13:00 ден 14:00 ге дейін түскі үзіліс. Жұмыс істейтін қызметкерлер форманы қатаң түрде сақтайды, міндетті түрде ақ көйлек жəне классикалық үлгідегі шалбар киуі тиіс. Жəне ең маңыздысы Нотариаттық палатаның негізі атқаратын қызметін түсіндім, жəне олар мыналар: Республикалық нотариаттық палата (бұдан әрі мәтін бойынша – РНП) аумақтық нотариаттық палаталарды біріктіретін коммерциялық емес кәсіби өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.
Республикалық нотариаттық палата:
- нотариаттық палата қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
- мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда, соның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда, нотариаттық палаталар мен нотариустардың мүдделеріне өкілдік етеді;
- нотариат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің заңжобалық және сараптамалық қызметіне қатысады;
- нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;
- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және нотариат мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды әзірлейді;
- нотариустың Ар-намыс кодексін әзірлейді және бекітеді;
-заңнамаға және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Шымкент қаласының Нотариаттық палатасы және атқаратын жұмыстары мен міндеттері үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Қортындылай келе мен ҚҚ-149 тобының студенті Серікбай Аружан Ғалымқызы 27.02.2023 және 21.04.2023 күндер аралығында Шымкент қаласының Нотариаттық палатасында диплом алды өндірістік іс-тәжірибеден өтіп, өзіме қажетті мағлұматтарды алып түсіндім, және Нотариаттық палатада жұмыс істеу мол жауапкершілікті талап ететініне көзім жетті.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Нотариат туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14шiлдедегі N 155 Заңы,
2. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
3. Нотариат туралы заңы
4. Ағдарбеков Қ. Нотариат және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
5. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
6. Қазақстан Республикасының Нотариаттық заңы, Алматы 1999 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |