1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмысы



бет19/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
1.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì áåðó æ?éåñ³.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëè

17.Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмысы
Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен жұмысының шарттары:

  • Ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі;

  • Ата-ананың педагогикалық білімі;

  • Ата-ана беделі;

  • Ата-ананың балаларға деген көзқарасы;

Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарланады:
Ашық сабақтар
Презентация
Тақырыптық кеңестер
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері
Педагогика-лық кеңестер
Педагогика -лық әңгімелер
«Дөңгелек үстелдер»

  • Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті арнауға болады);

  • Тақырыптық кеңестер (әр топта оқу жылында 3-4 рет және осынша жалпы түрде);

  • Жиналыстар (оқу жылында 3-4 рет);

  • «Дөңгелек үстелдер» (дәстүрден тыс түрде ата-аналармен өзекті тақырыптар төңірегінде әңгімелесу);

  • Ата-аналарға арналған конференция (ата-аналар, шектеулі мамандар, тәрбиешілер өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған «Анам жайлы әңмелесейікші», әкелерге арналған «Мен үшін ең қымбат жан» т.с.с.);

  • Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету;

  • Көрнекі насихаттық жұмыстар.

18.Дамудағы әлеуметтік орта мен тәрбиенің жетекшілік ролі
Орта деген ұғымға стихиялы түрде балаға ықпал ететін әр қилы сыртқы құбылыстардың жиынтығы жатады. Орта адамның дамуына елеулі әсер етіп отырады, баланың дамуы үшін: 1) табиғи орта (тамақ, ауа,жылу,жарық), географиялық орта (климат, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерісте, тау-тас, қырат, жазық, өзен, көл, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс т.б.); 2) әлеуметтік орта қажет. Оған қоғамдық өмір, адамдар, олардың саналы іс-әрекеттері, қарым-қатынастары, мәдениеті, әдебиеті, саясаты, идеологиясы, т.б. Бұлар балалар өміріне, денесі мен жүйкесінің тарихи дамуына байланысты өзгеріп отырады. Әрбір жаңа ұрпақ аға ұрпақтың күшімен құрылған жаңа қоғамдық жағдайда туып, өседі. Адам әлеуметтік ортасыз адам болудан қалады. Адам – қоғамдық қарым-қатынастың жемісі.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды.
Тәрбие бала денесінің дамуына да мәнді ықпал етеді. Мысалы: күнделікті арнаулы жаттығулар, машықтанулар жүргізу арқылы балаланың денсаулығын мықты етуге, шынықтыруға болады. Ал күнделікті ақыл-ойды шынықтыру, жағдай жасау, еңбектену арқылы баланың дарындылығын дамытуға болады. Адамның дарыны ұшқын сияқты ыңғайлы мүмкіншілік болса, ол лаулап жануы да, мүмкіншілік болмаса, сөніп қалуы да ықтимал.
Тәрбиенің тиімділігі баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін білуге байланысты. Өйткені әр жастағы баланың өзіндік даму заңдылықтары бар. Сонымен қатар әр баланы жан-жақты жете білу, зерттеу қажет. Белгілі бір жастағы балалардың бәрі бірдей емес. Әр балаланың қызығушылығы мен бейімділігін, қабілетін, талантын білудің мәні зор, бірақ оны асыра бағаламау керек.
Баланың дұрыс дамуына қоғамдағы халықтың материалдық тұрмыс жағдайының жақсаруы, хал-ахуалы мен мәдени дәрежесінің артуы жеткіліксіз, оған мақсатқа бағытталған педагогикалық байыпты қадағалау қажет. Педагог баланың бейімділігін танып, оған сүйене отырып, қызығушылығының, ынтасының нақты қабілеттілікке айналуына, жан-жақты дамуына жағдай жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет