Өзіне-өзі дұрыс баға беруді үйрену үшін бала алдымен өзге адамдарды, сырттай қарап тұрып, бақылай білуі керек. Ал мұның бірден бола қоймайтынын біз білеміз. Бұл кезеңде бала өзінің құрдастарына баға бергенде, олар жөнінде үлкендер айтқан пікірді жай ғана қайталайды. Өзін-өзі бағалауда да осылай болады.(«Мен жақсымын, өйткені апам солай дейді»).Баланың өзге адамдарды, олардың қылықтары мен қасиеттерін өздерінше бағалау бастапқыда оның осы адамдарға деген қарым–қатынасына байланысты.Бала өз қылықтарының түрткі күштері мен салдары жөнінде көбірек ойлай бастайтын болады. Бұл мектеп жасына дейінгі баланың сана–сезімінің дамуына, өзінің кім және қандай қасиеттерге ие екенін, төңіректегі адамдардың бұған деген қарым-қатынасын, ол қарым-қатынастардың неден туатынын түсінгенде ғана мүмкін болады. Сана- сезім айқын өзін-өзі бағалауынан, яғни бала өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін, өзінің сапалары мен мүмкіндіктерін қалай бағалауынан көрінеді.Сана-сезім дамуының алғышарты тіпті ерте сәбилік шақтың соңында өтетін баланың өзін-өзі басқа адамдардан бөлуі. Бірақ, бала мектеп жасына ілінісімен- ақ өзі туралы, өзінің қасиеттері жөніндегі ештеңе білмей, тек өзінің өмірінде бар екенін ғана түсінеді. Үлкендер сияқты болғысы келген кішкене балдырған өзінің шынайы мүмкіндіктерін ескере білмейді. Бұл үш жастығы дағдарыс кезеңінде мүлде айқын көрінеді.
Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының даму шарттары және оған үлкендердің ықпалы
Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар. Оның бірінші жағы - баланың қоршаған дүниені біртіндеп біліп, өзінің одан алатын орынын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа Типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы – сезім менеріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдылығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.Мектепке дейінгі кезеңде баланың сенсорлық дамуы қарқынды келеді. Бұл кезеңде баланың заттармен құбылыстардың сыртқы қаситеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауыжетіледі.Ата-ана өз баласын өнегелі сөзбен, жеке басының үлгісімен тәрбиелейді. Ойын баласындаүлкендердің сөзіне, ҚЫЛЫҒЫна, іс-әрекетіне еліктеушілік басым.Мақал-мәтелдер бұл жөніндеТөмендегіше тұжырымдалған: Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Баланың тентек болмағыүйінен, Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер, байқамай сөйлесең көрсетер бір өнер, ҚЫЗДЫ асырай алмаған күң етеді,ұлды асырай алмаған құл етеді, Ұлың өссе үлгілілермен ауылдас бол, Анаға баланың алалығы жоқ деп халық бала тәрбиесін тек құрғақ, сылдыр сөзбен жүргізгеннен гөрі іс-әрекет,үлгі өнеге арқылы жүргізудың пәлмендірек келмейтіндігін, сондай-ақ бала тәрбиесіне оның құрбы-құрдастарының, жора-жолдастары ның да ықпалы болатындығын еске алып отырған.