Балалардың еңбек тапсырмаларын орындау жағдайларын ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі кезеңде еңбекті дұрыс ұйымдастыру баланы жүйелі түрде еңбекке баулудың, еңбек дағдыларына үйретудің алғашқы қадамы. Өз-өзіне қызмет етуі балабақшада және отбасында еңбекке араласу, яғни үлкендерге көмектесуге үйренуі тиісЕртегі, әңгімелерді кейіпкерлер арқылы «Еңбек түбі - зейнет» екенін түсіндіріп отырсақ, бала еңбектің не үшін керектігін түсінеді. Бірте-бірте еңбек етуге деген қажеттілікті ояту баланың болашақ өмір сүру қажеттілігіне айналуға алғышарт болады.
ІІ-ші кіші тобындағы еңбек түрлері
Бала еңбегі, әсіресе бірінші кезеңде ойынға жақын болады. Сондықтан тәрбиеші балалардың еңбекке байланысты алғашқы міндеттерін ойынмен: құрылыс материалдарын, ойыншықтарды және т.б. жинаумен байланыстырады.
3-4 жастағы балалардың еңбек әрекеті өте шектеулі, ол өзін күтуден аспайды.Әйтсе де балалардың осы әрекетінің өзіне де жиі-жиі ойын элементтері еніп отырады.
Өзіне-өзі қызмет ету. Бұл жастағы балалар тәрбиешінің немесе басқа балалардың аздаған көмегімен киімін белгілі бір ретпен өздігінен киініп, шешіне білу; киімдерін ұқыпты жинастырып, іліп қою; киімінде байқалған кемшілікті түзеп алуға тырысу, ал қажет болған жағдайда үлкен адамға рахмет айту, қолы мен бетін жууды, қасық, шанышқы, тостағанды қалай ұстауды, үстел басында дұрыс отыруды үйренуі тиіс.
Тұрмыстық-шаруашылық еңбек. Күнделікті тұрмыста жеңіл тапсырманы орындай білуге деген ынтасын ояту; қасықты, тарелкені, сүрткішті, нан салғышты үстел үстіне ұқыптап қою. Жылдың ІІ-ші жартысынан бастап асханада кезекшілікті ұйымдастырылады оқу іс-әрекетке қажетті құралдарды алып, соңынан орнына жинап қою; ойнап болған соң ойыншықтарды жинау; өз ауласындағы қоқыстарды жинау, жүретін жолдарын, отыратын орнын қардан тазарту.
Табиғаттағы еңбек Бұл топтағы балалар ересектердің жәрдемімен балықтарға жем береді, тәрбиешінің көмегімен бөлмедегі өсімдіктерге су құю, үлкен жапырақты сүрту, гүлдердің ірі тұқымдарын себу, пияз отырғызуға, қазылып, өңделген жердегі өсімдіктерді суару, көкіністерді жинау, қар күрейді.
Үлкендермен ықыласты қарым-қатынас жасауға, олардың еңбегіне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Ортаңғы тобындағы еңбек түрлері
Өзіне-өзі қызмет ету. Бұл топтағы балаларды кіші тобындағыларға қарағанда анағұрлым таза, ұқыпты болуға, дербес әрекеттерін жетілдіре түсуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу керек.
Балалар белгіленген рет бойынша бір ізді киіну, шешіну дағдыларын меңгеруге бәтеңкесінің бауын байлау, түймелерін салу, киімдерін іліп немесе ұқыппен бүктеп қоюға, үлкендердің көмегімен киімін дер кезінде ретке келтіруге / тазалау, кептіру т.б/ тиіс.
Тұрмыстық шаруашылық еңбек. Балаларды топ бөлмесінде реттілікті сақтауға үйрету: ойыншықтарды, құрылыс материалдарын өздігінен орнына жинау, оларды сындырмау, ойыншықтардың, қуыршақтың киімдерін, төсек орындарын жуу, тәрбиешімен бірге кітап түптерін жөндеу, желімдеу үстінде ойнайтын ойындардың қораптарын бүтіндеу, үстел, орындықтардың, сөрелердің шаңын сүрту. Күз, көктем мезгілдерінде алаңды қоқыстан, тастардан, қураған бұталардан, жапырақтардан тазартуға үйрету керек. Қыста қардан тазартуға үйрету; веранданы сыпыру, ауладағы құмды қайта аудару; сыртқа шығатын ойыншықтарды мезгіл-мезгіл жуып тұру, оларды қоятын сөрелерді ретке келтіру, алаңдағы үстелдер мен орындықтарды сүрту, қыста олардың үстіндегі қарды сыпыру.Гүлзардағы, бақшадағы жұмыстарға қатыстыру / мерзімге сәйкес/, атызға бөлу, атыз араларына құм себу, суару, түбін босату, тұқым себу, көшеттер отырғызу.Еңбекке пайдаланған құралдарды ретке келтіру, тазалау, кептіру, өз орнына апарып қою.
Достарыңызбен бөлісу: |