1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет53/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
1.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì áåðó æ?éåñ³.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëè

Жеке мәдени гигиеналық машықтары: Өз бетімен ескерту жасатпай беті-қолын жуу, тамақ ішер алдында жуыну, тамақ ішіп болған соң аузын шаю.
Тұрмыстық-шаруашылық еңбек. Топ бөлмесін тазартуға қатыстыру, ойыншық бұрышындағы ойыншықтарды жуу, тазарту, жинап ретке келтіру, орындық, терезе алдының, жиһаздардың шаңдарын сүрту, қуыршақ киімдерін жуу, үтіктеу,
Жыртылған кітаптарды, ойыншықтарды жөндеу, жуынған соң еденді сүртіп тазарту.
Алаңдағы жолды сыпыру, қыста қарды күреп тазартуға әдеттендіру. Жәшіктегі құмды қопсыту, су құю, аула сыпырушыға, кіші тобының тәрбиешілеріне топтың алаңын таза ұстауға көмектесу, күтушінің төсек салуына, орамалды өз орнына ілуіне көмектесу, ұйқыдан соң төсектерін өздері жинау.
Еңбек мәдениетін қалыптастыру: белгілі бір әрекет үстінде ұқыптылық сақтау, құрал-жабдықтарды қажетіне қарай пайдалана білу, оларды дер кезінде жинастыру, жұмыс орнында тазалық сақтау.
Бөлмелердің, бақша алаңының таза, жинақылығына қанағаттана білу сезімін қалыптастыру.Оқу іс-әрекет кезіндегі кезекшілік. Бояу, қылқалам, су құйылған ыдысты, сүрткішті тарату, бояуға арналған ыдысқа су құйып әкелу, бояуды үстелдің ортасына қою, оқу іс-әрекетке керекті құралдарды тарату, оқу іс-әрекеттен соң топты ретке келтіру, үстел, орындықтарды, құралдарды өз орнына тез жинау, үстел мен орындықтарды тарсылдатпай дұрыс қою, бірге келісіп жұмыс жасау, жасаған жұмысын аяғына дейін жеткізу керек.
Табиғат аясындағы еңбек Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға үйрету, оларға жанашырлықпен қызмет көрсету рухына тәрбиелеу керек.
Табиғат бұрышындағы кезекшілік. Бөлме өсімдіктерін күту, суару егер горшоктан жәй дыбыс шықса ылғал, ал қатты дыбыс шықса құрғақ екендігін білдіреді. Гүлдерге арналған таяқшамен топырағын қопсыту, гүлдердің жапырақтарын алақанға қойып, сулы шүберекпен сүрту. Табиғат бұрышындағы жануарларға, құстарға жем беру, жем салатын ыдысты жуу, төсеніш ретінде құм және ағаш үгіндісін себу. Аквариумдағы балықтардың суын жаңарту, тастарды, ракушкаларды жуу, балықтарға ескерту жасатпай белгілі бір уақытта жем беру, балықты ұстайтын құралмен ұстап, таза су құйылған ыдысқа жіберу, егер балық судың бетінде жүзіп жүрсе, оның суын ауыстыру керектігін түсіндіру.
Топ бөлмесіндегі табиғат бұрышы, ауладағы гүлзарлар мен гүлдіктерде еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
Күзде Балаларды бақша егістігінен көкөніс, өсімдіктер тұқымын жинауға, гүлзардағы гүл отырғызатын шұңқырларды қазуға, егістіктің, ағаш, бұта түптерінің топырағын қайта қопсытып, өңдеуге үйрету, носилкамен қоқыстар, түскен жапырақтарды тасу. Гүлдейтін өсімдіктерді қазып алып, бөлмедегі табиғат мүйісіне жергілікті жердің жағдайына қарай егу, шама-шарқына қарай қысқа арнап көкөніс, жеміс дайындауға, қиярды жууға, әбден піскен таза, бұзылмаған қызанақ, сәбіздерді сұрыптауға қатыстыру.
Қыста Балаларды қыста ағаштар мен бұталарды қардан тазартуға үйрету, күректі қолданып, шанамен қарды тасу. Сыпырғымен ауызғы үйдегі /веранда/ қарды сыпыру. Қыстап қалатын құстарға жем беру, нан қалдықтары, сөк т.б. ыдыстарын тазарту. Тұқым егу, пияз егу, мерекеге арналған гүл өсіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет