60.Сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы және ауыр зардаптары.Репрессияның пайда болуы 80 жыл бұрын 1938 жылдың ақпан айы мен наурыз айының ортасына дейінгі аралықта Қазақстанның сол кездегі басшылары республикалық, облыстық, қалалық, аудандық барлық деңгейдегі партия комитеттерінің хатшылары ату жазасына кесіледі.Еліміздегі тұңғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Оның себебі 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келген Ф.И. Голощекин еліміздің саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда «Кіші Қазан революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды. Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков т.б. болды.Сталиндік репрессиялардың себептеріне бірнеше негіздерін көрсетуге болады.Алып Совет Одағынының индустрияландыру үшін тегін жұмыс күшінің қажеттілігі, бүкіл мемлекет аумағында еңбек лагерлерін құрып, өнеркәсіп және өндіріс орталықтарының маңына мыңдаған әртүрлі халық өкілдерін депортациялау әдісімен шоғырландыру арқылы тегін жұмыс күшіне қол жеткізу. Тоталитарлық билікті күшейту мен жоғарыдан түсетін шешімдерді іске асыру үшін 1939 жылдың аяғына қарай КСРО аумағында 600-ден аса жалпы және ішкі түрмелер салынды, оның ішінде, Қазақстан аумағында 23 жалпы және 11 ішкі түрме болды. Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы 32 лагерьде жазасын өтеген жазықсыз жандар әртүрлі өнеркәсіп орталықтарында еңбек еткен.
Қазақстан бойынша қамауға алынғандардың саны 105 мың адамды құрады, оның 22 мыңы ату жазасына ұшырады. Зиялы қауым өкілдерін ату – әлеуметтік қорғаудың жоғарғы деңгейі деп аталса, елді басып кеткен лагерьлер – әлеуметтік алдын-алу орны деп аталды. Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, Ұ. Құлымбетов, О. Исаев, О. Жандосов, Ә. Досов, А. Асылбеков, Ж. Сәдуәқасов, С. Сафарбеков, Т. Жүргенов және тағы басқаларына 1937-1938 жылдар аралығында «ұлтшыл-шафист» және тыңшы деген кінә тағылды. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, А. Ермеков, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы, М. Жұмабай, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров, Ж. Шанин, К. Кемеңгеров және тағы басқа да көптеген мәдениет және өнер қайраткерлері, ұлт жанашырларына «халық жауы» деп айыпталып, репрессияға ұшырады. Оларға тағылған айыптар негізсіз сандырақ болды, оларға ауыл шаруашылығының құлдырауына кінәлі, жиырмасыншы-отызыншы жылдары орын алған көтерілістерде жапон тыңшыларымен байланыс жасап, Қазақстанды бөліп алмақшы болды дегендей айыптар тағылды. Басым көпшілігі соттан тыс мекемелермен сотталды.
20 жыл, ақыр соңында, жағдайдың шиеленісуі және күдік кеңінен таралды. Орталықта троцкистік-зиновьевтік оппозицияға және "оңшыл оппортунистерге" қарсы күресті күшейту ұлттық мемлекеттердегі ұлт-азаттық қозғалыс мүшелерін жазалауда көрініс тапты. 1928 ж.Алашорданың бұрынғы қайраткерлеріне "буржуазиялық ұлтшылдар" деп аталатын 44 адам жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың ішінде А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, х. Ғаббасов және басқалары болды. М. Тынышпаев, Х. Досмұхамбетов, Ж. Досмұхамбетов, Ж. Ақпаев, К. Ұлттық интеллигенцияның тағы бір тобы (шамамен 40 адам), оның ішінде кемеңгерлер және басқалар 1930 жылы қыркүйек-қазан айларында ұсталды. Олардың он бесеуі Ресейдің орталық Қара теңіз аймағына жер аударылды. Мұның бәрі 1937-1938 жылдары болды. жазаланды.
1920 ж. 1930 жылдардың аяғы ХХ ғасырдың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының дағдарысы күшейген сайын Кеңеске қарсы элементтер мен астыртын ұйымдарды іздеу кеңейе түсті. Шахталар мен кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалар, колхоздар мен совхоздардағы малдың өлімі, өрттер мен табиғи апаттар таптық жаулардың әрекеті ретінде түсіндірілді, ал халық жаулары мен антисоветтік бүлікші ұйымдарға қарсы жалған қылмыстық іс қозғалды. 1932 ж. Семейде, Абыралы, Шыңғыстауда және облыстың кесек аудандарында "Қазақстанның шаруа партиясының" астыртын бөлімшесі ашылды, оның орталығы Алматы болды. Алайда, шаруалар көтерілістеріне және ауылдар мен ауылдардағы аштықтан адамдардың өліміне қарамастан, бұл "іс" кең таралмады. Қылмыстық жауапкершілікке 20-дан астам адам тартылды. 1933 ж.Қызылорда облысы Қармақшы ауданында "Жайлас" ұлтшыл контрреволюциялық ұйымы "әшкереленіп, жойылды. Бұл іс бойынша 55 адам жауапқа тартылды, оның 12-сі ату жазасына кесілді.
Сонымен қатар партия ұйымдары тазартылды. Сенбегендердің немесе қателескендердің бәрі шығарылды. Олар негізінен троцкистерге, оңшылдарға және "ұлтшылдарға" жатады немесе оларға жанашырлық танытады деп айыпталды.
КСРО-ның жаңа Конституциясының жобасын талқылау дүрбелең мен шиеленіс жағдайында өтті. Ол 1936 жылы қайтыс болды. 5 желтоқсанда Кеңестердің Бүкілодақтық кезектен тыс VIII съезінде қабылданды. КСРО-ның жаңа Конституциясы бойынша Қазақ КСР одақтық республика болып қайта құрылды. 1937 ж.12 желтоқсанда Қазақстан Кеңестерінің Х төтенше съезі Қазақ КСР Конституциясын мақұлдады. Республиканың Жоғарғы Кеңесіне сайлау өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан тарихындағы қаралы беттердің бірі – жаппай сталиндік саяси репрессиялар. Аталған тақырып бойынша елімізде тарихшы-ғалымдардың атқарып отырған еңбектері кең ауқымды, келешекте сол бір зұлмат заманның көптеген жасырылып келген құпиялары әлі де ашылады деген ойдамын. Ал Қазақ халқының жазықсыз ату жазасына ұшырап, репрессияланған қайраткерлерінің халық алдыңда атқарған еңбегі өзінің тиісті бағасын алуда.
61.ХХ ғасырдағы ұлттық интеллигенцияға қарсы репрессиялар. Тоқталатын жағдай қуғын-сүргін,жазалау үрдістерінің өршуі жайлы болмақ... 20 жылдардың соңында баршаға бірдей күдіктену жағдайы ушығып,шарықтау шегіне жетті.Орталықта Троцкий мен Зиновьев оппозициясымен және ұлттық республикаларда «оңшыл оппортунистермен» күрес революцияға дейінгі кезеңнің ұлт-азаттық қозғалысы өкілдеріне қарсы қудалау,жазалау түрінде жүрді.
1928 жылы «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген жалған айыппен 44 адам, бұрынғы Алашорда қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және т.б. тұтқындалды. 1930 жылы екінші топ ішінде М. Тынышпаев, Х. Досмұхамедов сынды зиялылары бар 40-тан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады. 1937-1938 жылдарда саяси қуғын-сүргін қатыгездігі жағынан өзінің шарықтау шегіне жетіп, жаппай сипатқа ие болды. Жоғарыда аталған азаматтардан басқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т. Рысқұлов, Ж. Садуақасов, О. Исаев, О. Жандосов, қазақ әдебиетінің өкілдері С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, ғалымдар Қ.Жұбанов, С. Асфендияров және т.б. ұсталып, атылды.
Тұтқындалғанға дейін олардың бәрі халық шаруашылығының әртүрлі салаларында адал қызмет етіп,Қазақстанның өркендеуіне орасан зор үлес қосқан.Зиялы қауым өкілдерінің қарсылығын түпкілікті басып тастау үшін,режим оларды «мал-мүлікті тәркілеу жөніндегі шараларға қарсы тұрды» деп айыптады.
«Ұлтшыл фашистер» деп аталып,1937-1938 жылдары қудаланғандар істерінің материалдары Н.И.Ежов пен оның сыбайластарының қылмыстық істерді оп-оңай қолдан жасаудың шеберлері болғанын дәлелдейді.
Сталиндік қуғын-сүргін саясатына байланысты Қазақстан жазалау лагерьлерінің аймағына айналды. Қазақ жерінде Дальний, Степной, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл лагерьлері, Кеңгір, Өскемен арнайы лагерьлері ашылды. Бұл лагерьлер ішіндегі ең ірілері - Карлаг (ерекше тәртіптегі Қарағанды лагері), «Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагері («АЛЖИР») болды.
1937 жылдың күзінде Қазақ өлкесіне Қиыр Шығыстан «жапон тыңшылары» деген заңсыз айып тағылып, 100 мың корей күштеп қоныс аударылды.
Сол жылдың күзінде КСРО-ның кавказдық шекарасы бойынан «шекаралық аймақты тазалау мақсатында» мыңдаған курдтар, түріктер, әзірбайжандар, ирандықтар Қазақ жеріне күшпен көшіріліп әкелінді.
1920 жылдардың соңында КСРО-да тоталитарлық жүйенің негізі толығымен орнады. Бұл 1929 жылғы 6 қарашадағы КСРО-ның БОАК мен ХКК шешімімен қауіпті қылмыскерлерді қоғамнан аластату мен күшпен еңбек еткізу және алыс әрі игерілуі қиын аудандардағы табиғи ресурстарды игеру үшін КСРО-ның шеткі аймақтарында - солтүстік аудандарда, Оралда, Қиыр Шығыста, Орта Азияда еңбекпен түзеу лагерьлерін құруынан көрінді. Бұл жерде БМСБ мен соттың ерекше қаулысы негізінде 3 жылдан 10 жылға дейін сотталғандардың еңбегін пайдалану туралы шешім қабылданды. Ол кезде еңбек лагерьлерінің және Еңбек қоныстарының бас басқармасы – ГУЛАГ құрылған болатын. 1940 жылы ГУЛАГ жүйесінде 53 лагерь болды, ал 1954 жылы олардың саны 64-ке жетті. 1930 жылы лагерьлерде 179 мың адам тұтқында болса, 1940 жылы 1344408 адам, ал 1953 жылы олардың саны 1727970 адамға жетті.
1930 жылы КСРО ХКК-нің 13 мамырдағы қаулысымен Карлаг құрылды. Қарқаралы округінің аумағынан оған 110 мың га жер бөлінді. Қарағанды лагерінің басқармасы Қарағандыдан 45 км жердегі Долинка селосында орналасты. Карлаг ашылғанда, онда 47 ұлттың 2567 тұтқын өкілі отырды. 1933 жылы олардың саны 20262 адамға жетті, оның 2943-і қазақ болды. 1937-1938 жылдары тұтқындар саны 43 мыңға жетті. Карлаг жүйесінде 292 шаруашылық лагері, 26 ерікті қоныс бөлімшесі болды. 1931-1960 жылдары Карлагта 1 млн-ға жуық адам жазасын өтеді
Мәскеу мен Ленинградтағы «дәрігерлер ісі», «Ленинград ісі» және т.б қолдан жасалған «істер» Қазақстанда да пайда болды. «Іле ісі», «Шымкенттік іс», «Қарқаралы ісі» және т.б. «істер» бойынша «контрреволюциялық топтарға қатысушылар әшкереленіп, оларға ашық соттар жүрді». Ресми құжаттарда «сот құрамын ашық процестерді тез ұйымдастыра алатын адамдардан құру туралы» бұйрықтар беріліп отырған. ІІХК «үштігі» ешқандай сотсыз үкімдер шығаруға құзырлы болды. Ал «Қылмыстық кодекстің бабы» деген орынға «шетел агенті», «контрреволюциялық үгіт», «зиянкес» деп жазылып отырған.
Қорытындылай келе, ХХ ғасырдың 20 жылдарының соңы мен 30 жылдарында тоталитарлық режим қоғамдық-саяси өмірдің барлық дерлік салаларында нық орнады.Қазақстанда ол күштеп ұжымдастыру және 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңінің қайғылы оқиғаларымен қатар жүріп,ерекше апатты сипат алды.Өлкедегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер,Қазақстанға одақтық республика мәртебесінің берілуі,мәдени құрылыс,халыққа білім беру және ғылым салаларындағы табыстар тоталитарлық режимнің қатал идеологиялық қысымы мен бақылауында болды.Осының барлығы Қазастанның КСРО құрамында ары қарай дамуын айқындап бергені туралы ой түйіндейді. Қазіргі уақытта Қазақстан тарихындағы қаралы беттердің бірі – жаппай сталиндік саяси репрессиялар. Аталған тақырып бойынша елімізде тарихшы-ғалымдардың атқарып отырған еңбектері кең ауқымды, келешекте сол бір зұлмат заманның көптеген жасырылып келген құпиялары әлі де ашылады деген ойдамын. Ал Қазақ халқының жазықсыз ату жазасына ұшырап, репрессияланған қайраткерлерінің халық алдыңда атқарған еңбегі өзінің тиісті бағасын алуда.