1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақстандағы «қайта құру» саясаты: идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер



бет128/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

72. Қазақстандағы «қайта құру» саясаты: идеологиядағы, экономикалық және саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер.
Кеңестік жүйенің жалпы дағдарысы 80 жылдардың ортасында өкімет билігін ұстап отырғандардың әсіресе экономика саласында түбегейлі реформалар жасау қажеттігін түсінуіне келтірді. 1985 жылы билік басына М.С.Горбачевтің келуі ішкі саясаттағы жаңа бағытты негізгі үш: «ашықтық», «қарқындылық» және «қайта құру» ұранымен жариялағаны арқылы ерекшеленді.
Қазақстанның қайта құру дәуіріндегі тарихын төмендегідей үш кезеңге бөлуге болады:
1-кезең - 1985 жылдың сәуірінен 1986 жылдың желтоқсанына дейінгі уақыт. Оған жұртшылықтың сана-сезімінің өсуі, жеделдету тұжырымдамасы ел ішінде жариялылық пен ашықтық элементтерін енгізу, Батысқа қатысты мазасыздық күйінің азаюы тән.
2-кезең-1986 жылдың желтоқсаны мен 1989 жылдың маусымы аралығы. Бұл кезеңде, естен тандырған желтоқсан оқиғаларынан кейін, қоғамдық сана бірте-бірте сылап-сипау шараларымен дағдарыстан шығу мүмкін емес, сондықтан экономика саласында-нарықтық қатынастарға, ал қоғамдық өмірде толыққанды демократиялануға бағыт ұстанған жөн. Деген пікірге келе бастады.
3-кезең-1989 жылдың маусымы мен 1991 жылдың желтоқсанын қамтитын уақыт. Бұл кезеңде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс тереңдей түсіп, Қазақстанның мемлекеттік мәртебесін қайта бағалау әрекетімен тұспа-тұс келді. Республиканың экономикалық және саяси құқықтары кеңейе бастады. Қазақстан жаңғыртылған одақ немесе конфедерация-қоғамдастық құру бастамасын көтерушілердің бірі болды.
КСРО басшылығының қайта құруды жариялаған бағытын және қарқындату ісін адамдар қоғамдық өмірді демократияландырудың нақты қадамдары, ел басшылығының жариялылық пен аштыққа үндеуі деп бағалады. Жұртшылық әлеуметтік-экономикалық және саяси шындықты басқаша қабылдай бастады.
КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясы одақтас республикалардың саяси құқықтарын жариялағанмен, бірақ іс жүзінде барлық одақтас республикалар одақтық орталыққа бағынды.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып заң жүзінде КСРО Жоғарғы Кеңесі танылғанмен, ал іс жүзінде елдегі барша билікті КОКІІ өз қолына алған. Мемлекеттік басқарудың одақтық жүйесі республикалар, оның ішінде Қазақ КСР-і үшін де үлгі ретінде есептелді.
1985 жылдың наурызында М.С.Горбачев партияның басты тағын иеленіп, бір мезгілде КСРО-ның нақты басшысына айналды. КСРО тарихын табанды зерттеушілердің бірі Моше Левин сол уақытта КОКП ОК Бас хатшысы болып тұрған Константин Устинович Черненко «Хатшылық мәжілістерінде М.С.Горбачевтің төрағалық етуін қолдағанын, ал ол әрекеттің, өз кезегінде, оның «екінші орындағы адам» мәртебесін айқындап бергенін» жазған-ды М.С.Горбачев іс жүзінде режимнің екінші маңызды тұлғасына айналды. М.С.Горбачевті Бас хатшы лауазымына ұсынған елдегі саяси көшбасшылардың бірі Саяси бюро мүшесі Андрей Андреевич Громыко болған еді. Нақ осы А.А.Громыко М.С.Горбачевке «Саяси бюрода ғана емес, Орталық Комитеттің хатшылары тарапынан да бір кісідей қолдауды» қамтамасыз еткен-ді. Билік басына М.С.Горбачевтің келуі сол уақыттағы саяси дегдар топтардың жеңісін, сонымен қатар ескіні жаңаның жеңгенін паш етті. Елде етек алып бара жатқан дағдарыстың партия мен мемлекет басшылыгына өзінің жастығымен қатар, демократиялық көзқарастарымен де ерекшеленіп тұратын көшбасшыны келтіргені кездейсоқ емес-тін.
1985 жылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету мақсаты қойылса, ал 1986 жылы демократиялық ұстанымдарды іске асыру, жариялылықты жариялау және «адам факторын» мойындау негізінде өмірді барлық жағынан қайта кұру міндеті алға тартылды. Алайда халықты әрдайым құлағдар етіп отырмау, әсіресе 1986 жылдың сәуірінде Чернобыль АЭС-ында орын алған апат кезінде халыққа оның егжей-тегжейін хабарламау КСРО-дағы қоғамдық-саяси ахуалға теріс әсер етіп, қайта құру саясаты мен оның көшбасшысының беделіне нұқсан келтірілуінің басы болды. М.С.Горбачев пен оның айналасындағылар партия органдарында да, Кеңестерде де демократиялық сайлау туралы бастама көтерді, бұны, жалпы, қоғам дұрыс деп қабылдады. Бірақ кадрлар өзгерістеріне қарамастан, КСРО басшылығы оқиғалар барысын толық көлемде бақылауда ұстап отыра алмады. 1986-1988 жылдарда саяси реформалардың бағыты және оларды өткізу әдістері үшін астыртын да, содан кейін ашық та күрес қызды. Балама, көпмандатты сайлау өткізу барысында пайда болған пікірталастар жылдар бойы жинақталып қорланған әлеуметтік ұлттық және өңірлік қиын мәселелерді алдыңғы орынға шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет