1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


жылдар – 1980 жылдардың ортасы мәдениет және ғылым: жетістіктер мен қайшылықтар



бет127/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

71.1960 жылдар – 1980 жылдардың ортасы мәдениет және ғылым: жетістіктер мен қайшылықтар.
Мәдени құрылыстың соғыстан кейінгі жылдардағы жетістіктері, — егер бюрократтық партия мен мемлекет аппаратының шенеуніктері тарапынан жөн-жосықсыз араласу аз болғанда, - әлдеқайда жоғары көтерілетін еді. Сол жылдардағы мәдениеттің дамуына ғылым және көркемөнер саласының зиялы қауымының жекелеген өкілдерінің «космополитизммен»' күрес туы астында шығармашылықты әділетсіз қатаң багалауы теріс әсерін тигізді. Ал Қазақстанда оған тарихи өткен заманды айыптау және әсірелеу қосылды. Осылайша, Орталықта және жер-жерлерде идеологиялық жұмыста асырасілтеушілікке жол берілді.
Білім және ғылым. Елуінші жылдарда білім беру жүйесін жетілдіру ісінде айтарлықтай ілгерілеушілік орын алып, мектептер, кәсіптік-техникалық училищелер салынды. 1946-1959 жылдар аралығында 344,5 мың білікті жұмысшы даярланып, олардың саны 1941 жылмен салыстырғанда сегіз еседен артық өсті, дәл сондай шамада қазақ мамандардың саны да артты.
1951-1955 жылдар аралығында сегіз жоғары оқу орын, жиырма екі арнаулы орта оқу орны ашылып, тиісінше 63 мың жоғары білімді және 132 мың арнаулы орта білімді мамандар даярланып, шығарылды. Жоғары оқу орындары жетпіс мамандық бойынша мамандар даярласа, ал арнаулы орта оқу орындарында 86 мыңнан асатын жастар білім алды.
Академия жүйесінде 1950 жылдың соңына қарай 50 ғылыми зерттеу мекемесі, оның ішінде 19 институт, 13 сектор, екі мұражай, обсерватория, үш ботаника бағы және сегіз ғылыми база жұмыс істеді. Академияда 500-ден астам аспирант оқыды.
Әдебиет және өнер. Соғыстан кейінгі жылдарда әдебиет пен өнердің көтерілгені байқалды. 1947 жылы Мұхтар Әуезов «Абай» романының екінші томын, 1955 жылы «Абай жолы» деп аталатын іргелі тарихи эпопеясын аяқтап, өзінің шығармашылығының ғана емес, күллі көпжанрлы қазақ әдебиетінің биік шыңға көтерілгенін паш етті.
50 жылдардың екінші жартысында қазіргі заманғы өнердің барлык жанрларының өркендегені байқалды, театрлардың шығармашыл ұжымдары қанаттарын қатайтып, тәжірибелерін шыңдай түсті. Қазақтың музыка мәдениетінің шынайы жетілгенін өнердің; опера, симфония, кантата іспетті ірі жанрларының құрылуы дәлелдей алады. М.Төлебаевтың «Біржан - Сара» операсы өзінің идеялық деңгейі жағынан да, музыкалық кұрылуының шынайылығы жағынан да әлемдік музыка өнерінің ең жақсы туындыларының қатарынан орын алды жэне 1949 жылы орыс тіліне аударылды.
Қазақ мәдениеті мен өнерінің жетістіктері 1958 жылы Мәскеуде өткен онкүндікте таныстырылды. Мәселен, 1936 жылы өткен алғашқы онкүндікте өнер көрсеткен жалғыз театрдың әртістері жас, талантты, бірақ кәсіби дайындығы, музыкалық жэне театрдағы тәжірибесі жеткіліксіз болса, ал бұл жолы өнердің барлық түрлері жоғары деңгейде көрсетілді.
Жыл өткен сайын мәдени-ағарту мекемелерін дамытуға қаражат көбірек бөлшетін болды. Әсіресе бұл жүмыс тың жерлерді игеріп жатқан жаңа өнеркәсіп орталықтары мен аудандарында қарқынды жүрді. 300 жаңа клуб, 400 кітапхана пайдалануға беріліп, 80 тұрақты және 60 жылжымалы киноқондырғы, басқа да мәдениет мекемелері жұмыс істеді. Клуб мекемелері қызықты және тиімді жұмыстар атқарды.
Жетпісінші жылдары мәдени-ағарту мекемелері жедел қарқынмен дамыды: әртүрлі типтегі 19 мың кітапхана жұмыс істесе, оның кітап қорын тоғыз миллионнан астам оқырман, яғни барша халықтың 70 проценті пайдаланды. Клуб мекемелерінің саны 8250-ге, оның ішінде ауылда 7331-ге жетті. Бір жылда екі мың киноқондырғы 290 млн. көрерменге қызмет көрсетті. Саны жағынан өскен күмәнсіз жетістіктерге қарамастан, халыққа мәдени қызметтер көрсету әлі де төмен деңгейде қалды.
Қазақстанның кәсіптік өнері 60-70 жылдары өркендеуге жетті. Музыка мәдениетін дамытудағы шығармашылық жетістіктері үшін Абай атындағы Академиялық опера және балет театрының әншілері, халық әртістері Е.Серкебаев пен Б.Төлегеноваға КСРО Мемлекеттік сыйлығы табыс етілді. Республика жұртшылығына ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де жас көркемөнер ұжымдары «Алматының жас балеті», «Гүлдер» эстрадалық ансамблі, Досмұқасан» ансамблінің орындаушылары кең танылды. Жас әншілер: Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев, дирижёр Тимур Мыңбаев және басқалары керемет таланттарымен көпшілікті тәнті етті.
Қазақ кинематографиясы да ары карай дами түсті. Қызықты да айшықты: «Атаманның ақыры», «Мәншүк туралы ән», «Қыз Жібек», Транссібір экспресі» және тағы басқа көркем фильмдер экранға шықты. Ал бүкілодақтық экранда екі сериялы «Қан мен тер» фильмі, Даладағы қуғын», «Алатаудың күміс мүйізі» фильмдері көрсетілді.
Бейнелеу өнері де қарқынды дамыды. Суретшілер, мүсіншілер Алматыда ғана емес, сонымен қатар басқа да ірі: Қарағанды, Целиіиирад, Шымкент, Павлодар қалаларында қажырлы еңбектерімен танылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет