1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу



бет10/46
Дата11.05.2023
өлшемі344,91 Kb.
#91813
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
ІІІ. Негізгі құқық
Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; заңсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам сот бар жерде 24 сағат ішінде, сот жоқ жерде бір жетіден қалмай сотқа тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанда – айып, оқығанға жаза болу.
IV. Дін ісі
Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін сжаюға ерік. Кіру – шығу жағынан бостандық. Муфтилік қазақта өз алдында болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралу.
V. Сот және билігі
Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу- тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би өәм судья болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсұну. Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.
VI. Ел қорғау
Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасқа жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
VII. Салық
Салық әл-ақуаты, табысқа қарай байға – байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.
VIII. Жұмысшылар
Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод- фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. "Алаш" партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет