1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


 1921-1922 жылдары Қазақстандағы аштық: себептері мен салдары



бет18/46
Дата11.05.2023
өлшемі344,91 Kb.
#91813
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
Байланысты:
1.?àçà?ñòàííû? ?àç³ðã³ çàìàí òàðèõûí êåçå?äåó

15. 1921-1922 жылдары Қазақстандағы аштық: себептері мен салдары.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары».

16. Голощекин Ф.И. және оның Қазақстандағы «Кіші Қазан» саясаты. 
Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.


17. Қазақстандағы индустрияландыру: барысы, ерекшеліктері және қорытындылары (1928-1940 жж.).
Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. 
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландырудыжүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақелінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. СолтүстікҚазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. 
Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. АлматыдаШымкенттежәне Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.
Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді.
1928-1940 жылдары республиканың темір жол желісі 50 пайызға өсіп, 1658 км-ге жетті. Сібір мен Орта Азияны байланыстырған Түркістан-Сібір темір жолы іске косылды.


18. 1928-1932 жж. Қазақстандағы кеңестік үкіметтің аграрлық шаралары. (бай шаруашылықтарының мүлкін тәркілеу, көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыру, ауылшаруашылық дақылдарын дайындау компаниясы). 
1928-1932 ж.ж. бірінші бесжылдық тұсын­да қазақ байларын тәркілеу саясаты күшіне еніп, кеңестік билікке қарсы «әлеуметтiк қауiптi элементтердi» iздестiруге, оларды күш­теп жер аударуға ұласты. Әсіресе, қазақ байлары, қазіргі тілмен айтқанда қазақ меценаттары қудаланды. 1932 жылы Ораз Исаевтың Сталинге жолданған хатында жазылғандай: «...Бай­лар­дың көптеген аудандарда белгілі бір табысқа жеткенін мойындау керек. Бұл 1930-1931 жылдары байлардың Алтайдан Маңғыс­тауға дейін едәуір ірі-ірі контрреволюциялық бас көтерулер ұйымдастыра алғанынан ерекше айқын көрінді. 1930 жылдары бастал­ған байлардытап ретiнде жою науқаны, 1918-20 жылдардан бастау алатын саяси қуғын-сүргiнді одан әрі өршітті. Тәркі­леугетартылған адамдар 3 кате­горияға бөлінгенеді: Біріншісі концентра­ция­лық лагерлергежабылды; екіншісі шалғай жерлерге жераударылды; үшіншісі колхоздардан тыс жерлерге қоныс аударылды. Жаппайтәркілеудің азабын өзге ұлт өкiлдерi де тартты.Қазақ даласында «оттай лаулаған» ашаршылық туралы көрнектi қазақ зиялылары Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұрмақов, Ораз Исаев, Сұлтанбек Қожанов және т.б. Мәскеуге ресми хаттар дайындады. 
Сол кездегі ресми мәлі­мет­терде 1933 жылыҚазақ­стан­ның 104 ауданын­дағы 206 мың адам азық-түлік көмегіне зәру болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет