19. Қазақстандағы ұжымдастыру: мақсаттар, іске асыру әдістері, салдары.
20. Қазақ автономиялық республикасының одақтық болып қайта құрылуы. 1937 жылғы Қазақ КСР-інің Конституциясы және шындық. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы- Қазақстанаумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы.1925 жылдың15 маусымынан1936 жылдың5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
1937 жылдың 26 наурызында Бүкіл қазақ Кеңестерінің Х төтенше съезінде Қазақ КСР-нің Конституциясы қабылданды. Конституция 11 тарауға топтастырылған 125 баптан құралды. 1-тарауда қоғамдық құрылыс анықталды. Мұнда ҚазКСР-і жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп көрсетілді (1-бап). ҚазКСР-нің саяси негізі ретінде еңбекші депутаттардың кеңестері бекітілді (2-бап). Ал елдің экономикалық негізін социалистік-шаруашылық жүйе мен социалистік меншіктегі өндіріс құрал-саймандары құрады (4-бап). Социалистік меншік мемлекет меншігі мен ұжымшардың (колхоз) кооперативтік меншігі нысанында болды. Сонымен қатар азаматтардың жеке бас қажетіне жарататын өзіндік меншігі де мойындалды.
21. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұлт мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымдары.
22. XX ғасырдың 30-жылдардың басындағы ашаршылықтың демографиялық салдары. «Бесеудің хаты». Рысқұловтың И.Сталинге хаты. Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтікөткенді бағамдау: Орта Азияқазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады.
Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған. Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды.
Елдегі қалыптасқан жағдайды, үкімет тарпынан жіберіліп жатқан өрескел қателіктерді айтып Тұрар Рысқұлов И.В.Сталинге, қазақ өлкелік комитеттерінің бірінші хатшысы Л.Мирзоянға бірнеше хат жолдайды.
Төменде Тұрар Рысқұловтың Сталинге 1933 жылдың наурызында жазған хатын жариялап отырмыз.
Қонысынан ауған қазақтарды орналастыру жөніндегі ұсыныстардың жобасын әзірлеу үшін РСФСР Халық Комиссарлары Советінің жанынан құрылған комиссияның төрағасы ретінде мен бұл мәселемен жете танысып, қонысынан ауған қазақтарды ВКП (б) Орталық Комитеті тарапынан ерекше нұсқау болмайынша, Қазақстан мен көршілес өлкелерге түгел орналастыру екіталай екенін анықтадым. Сондай-ақ қонысынан ауған қазақтарды орталықтың көмегінсіз Қазақстанның өз ішінде түпкілікті орналастыру Қазақстанның жалғыз өзі үшін, тегінде, қиын болмақ. Сіздің бұл мәселелерді таяу аралықта ВКП (б) Орталық Комитетінің алдына қоятыныңыз өзінен-өзі белгілі. Совет тарапынан да (атап айтқанда, РСФСР Халық Комиссарлары Советі тарапынан) қонысынан ауған қазақтарға көмек көрсету жөнінде дәл қазір дербес шаралар белгілеу ісімен бел¬гілі бір дәрежеде шұғылдануға тура келеді.