1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


 Сталиндікрепрессиялар, олардың көлемі және ауыр салдарлары



бет20/46
Дата11.05.2023
өлшемі344,91 Kb.
#91813
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46
23. Сталиндікрепрессиялар, олардың көлемі және ауыр салдарлары. 
1990 жылдың 13 тамызы күні Совет Одағының тұңғыш әрі соңғы президенті Михаил Горбачев Сталиндік қуғын-сүргін құрбандары болған миллиондаған адамдарды ақтау туралы жарлық берді. Сталиндік репрессия зобалаңы 1937-38 жылдары өзінің шырқау шыңына жеткен болатын, бұл кезеңді бүгінде ұлы зұлмат-зобалаң жылдары деп атайды. «Азаттық» радиосы осы террор кезеңіне арналған бірнеше бөліктен тұратын сериялы хабарларында Сталиндік репрессия саясатының құрбандарына айналған отбасылардың тағдырлары жайында сөз етеді.
Ол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Зұлмат Совет одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы азаматтардың бәрін де қамтыған болатын.

Молдованың белгілі жазушысы Владимир Беслига 1937 жылы алты жастағы бала болған. Ол өзінің кішкентай ауылындағы сол бір жаралы жылдарды былай деп еске алады:



- Ол кезде жаппай тұтқындаулар жүріп жататын, әр күні таңертеңгісін адамдар бір-бірінен бүгін түнде кімді алып кетті деп сұрайтын, ауылдастардың аузынан "қара қарға" деген сөздер түспейтін, түнде тұтқындалғандарды алып кететін машиналарды халық осылай атап кеткен.

24. ХХ ғасырдың 20-30 жж. халықтың сауатсыздығын жою. (жетістіктері, кемшіліктері және іске асыру жолдары).
Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.
1919—1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:
халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;
жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;
қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет