1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"


Қазақ этносының негізін қалыптастырудағы қазақ даласының ерте көшпенділерінің рөлі



бет3/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
75 тарих жауап

3. Қазақ этносының негізін қалыптастырудағы қазақ даласының ерте көшпенділерінің рөлі.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпІ ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы. Сондай-ақ территориясы да бірыңғай болуы тиіс. Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы айтылады. Бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтық нәсілдерге жатты. Қазақ халқының бастауына сақтар, үйсіндер, қаңлылар да кіреді. Мыңдаған жылдар бойы жергілікті халықтың өмір салты көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелі халықтар Еуразия кеңістігіндегі өркениеттің дамуына әсер ете алды. Олар бұл өлкеде көш жолдарын түзді. Ол жолдар алыс қашықтарға ақпарат жеткізу құралына айналды. Сауда дамыды. Бір құрлықты мекендеген əр түрлі аймақтардың мəдени өмірі мен өркениеттерін бір-бірімен жалғастырған, материалдық жəне рухани құндылықтарымен танысуына себеп болған осы көшпелілік мəдениеті.
Қазақстанның соңғы үш мың жылдықтағы тарихы мен мәдениеті көшпелілікпен тығыз байланысты. Ел аумағындағы халықтың тұрмысының, психологиясының және менталитетінің, мәдени дәстүр-салтының негізі көшпелі өмір салтынан бастау алады. Көш қазақ мәдениетінің көшпелі көрінісі. Салтанатты көшті өмірдің сәні ретінде бағалайтын қазақтар, көшті бір орыннан екінші орынға жұрт жаңалау үшін ғана емес, өз тұрмыс мәдениетін әйгілеп, көңіл көтерудің тамаша орайы деп білген. Сырттай сынай қарайтын ұлттар ойлағандай, көшіп-қонып, азып-тозып жүрген жоқ. Тереңрек айтсақ, қазақтың көш мәдениеті көне заманда көшпелі тұрмыс кешірген адамзат мәдениетінің соңғы сарқыны. Неше мың жылдан бері үзілмей жалғасқан мәдениетінің соңғы тынысы. Моторлы көліктердің жаппай қолданысқа енуі, адамзаттың отырықшы тұрмысқа көшуі, көшпелі тұрмыстыңда күнін батырды. Көшпелі тұрмыс тарихта өзінің айқын орынын алған үздік мәдениет. Әрине, көшпелі мәдениетке деген көзқарастар әртүрлі болды. Дәлірек айтсақ, бұл қоғамның жағымсыз жақтарына назар аудару басым болды. Мысалға, Тойнби, Ратуель деген сияқты ғалымдар: «Көшпелілер өз бетімен өркениет жасауға қабілетсіз, олар мемлекетті, басқа да өркениет жетістіктерін отырықшы елдерді жаулап алу арқылы ғана үйренді» деген екен. Менің ойымша бұл қате айтылған пікір. Көшпелілерде де жазу-сызу ертеден пайда болды. Ия, әрине көшпелілерде жазу кеңінен дами алмады, бірақ халық жадында рухани мәдениет-шежіре тарихы, өнер, фольклор ерекше сақталды. Көшпелілер мәдениеті музыкамен табиғаттың ырғағымен өмір сүрген. Жібек жолындағы түрлі ескерткіштерді қазған кезде де, музыка және театр саласындағы даму барысы мен өзара бірін-бірі байытып отырғанын, дәлелдейтін заттар осыған айғақ. Олар түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болды деп ойлаймын. Себебі, көшпелілер әр халықтың жақсы мәдени үлгілерін өздеріне алып, басқа да халықтарға жұғыстырды. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған. Ыдыс-ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет