1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"


Қазақ халқының қалыптасуының өзекті мәселелері мен тарихи кезеңдері. "Қазақ"терминінің мағынасы. Қазақ жүздері



бет6/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
75 тарих жауап

8. Қазақ халқының қалыптасуының өзекті мәселелері мен тарихи кезеңдері. "Қазақ"терминінің мағынасы. Қазақ жүздері.
Қазақ халқының құрылуы да халықтар қалыптасуының жалпы ортақ заңдылықтары негізінде жүрді. Оның басты белгілері феодалдық қатынастардың қалыптасуымен, нығаюымен, тілінің, дінінің, материалдық және рухани мәдениетінің ортақтығымен жүзеге асырылған. Халқымыздың құрылуын жеделдеткен басты фактор – ХІV-ХV ғасырларда жеріміздегі дәстүрлі шаруашылықтың (мал өсіру) дамуы және оның отырықшы-егіншілік қарым-қатынасы. Тайпалардың ұзақ уақыт бойы әртүрлі құрылымдарда болуына қарамастан, олардың бір ғана түркі тілінде сөйлеуі тайпалық санадан гөрі халықтық сезімінің жоғары болғандығын көрсетеді. ХІV-ХV ғасырлардағы әдеби ескерткіштерге қарағанда, қыпшақ әдеби тілі басым болған. Ал антропологиялық зерттеулер осы жерде ертеде өмір сүрген адамдардың түрі, түсі, тұрпаты жағынан соңғы орта ғасырлардағы қазақтармен бірдей екендігін көрсетеді. Мұндай ортақ қасиеттер халық болып қалыптасудың негізгі белгілері. Жергілікті ру-тайпалардың моңғол ұлыстарының орнында құрылған мемлекеттердің құрамында болуы этносы жағынан белгілі бір аймақта көшіп-қону бағыттарын тұрақтандырды. Бұл үдеріс этностық ортақ аумақтың қалыптасуында қазақ жүздерінің пайда болуына әсер етті. "Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді."Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі?" деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр. Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты. Жүз ұғымының пайда болуы туралы түрлі пікірлер бар. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне қоныстанды. Қазақ халқы мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі шаруашылық аймақ пайда болды. Осыған байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді. «Жүз» дегеніміз-тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі. Қазақ халқы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден тұрады. Ұлы жүзді Ақарыс деп атайды. Оның мекендеген жерлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендері, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Алатау баурайы). Ұлы жүз құрамы Дулат, Албан, Суан, Сары үйсін, Сырғалы, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы, Жалайыр сияқты рулардан тұрады. Орта жүзді Бекарыс деп атаған. Оған: Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат сияқты тайпалар енген. Бұл тайпалардың мекендеген өңірлері Орталық және Шығыс Қазақстан, Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл-Сарысу өзендерінің бойы, Алтай Тарбағатай таулары, Балқаш, Бетпақдалаға дейін созылып жатыр. Кіші жүзді Жанарыс деп атайды. Оның құрамына Табын, Адай, Шөмекей, Жағалбайлы, Алшын, Шекті, Төртқара, Тама, Серкеш т.б. тайпалары жатады. Олардың мекендеген жері оңтүстігінде Сырдария және Каспий теңізінің жағалауы, солтүстігі Жайық, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бойы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет