55. Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы жағдайындағы бұқаралық ақпарат құралдары. ҚР ақпараттық саясаты. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
Бір сөзбен айтқанда, БАҚ – күнделікті теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттар. Ал, оған қоса жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. Сарапшылар БАҚ-тың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:
- жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;
- арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;
- ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы;
- тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.
1840 жылы француз жазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады[1].
БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады[2].
Адамзат тарихы əуел бастан жəне көптеген мысалдар барысында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, əлеуметтік мəжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін де дəлелдеп келеді... Тіл, ең алдымен, нақты бір ұлттың мəдени-тарихи тəжірибесінің жиынтығы, ерекшелік белгісі жəне тұрақты атрибуты, күрделі бірегейлік рəміз жəне оның өзін-өзі өркениеттік анықтауының бастауы».
Одан ары бұл автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің жағдайына тоқталып, тілді жаңғыртудың ұлтты жаңғырту екендігін, қазақ тілінің аясының кеңеюіне орай тіл саясатын жүргізу қажеттілігін, мемлекеттік-тілдік құрылыстың өзекті мəселерін талдай келе, «тілдік манкуртизмнің тұтас қоғамды емес, эгоистік жəне тұтынушылық желіктің жетегіндегі нақты адамдардың адамгершілік кертартпалылығын жəне рухани жеңілісін білдіретін ұят құбылыс» деп көрсетеді жəне терминологиялық модернизацияда «Алаш» қайраткерлерінің тəжірибесін пайдалануды еске салады: «Мағжан Жұмабаев педагогика саласында, Жүсіпбек Аймауытов психологияда, Халел Досмұхамедов зоология мен физиологияда, Жұмахан Күдерин ботаника саласындағы терминдерді жасақтаумен айналысты. Əлімхан Ермеков математикалық ұғымдар мен терминдерден бастап, жоғары математика курсының қазақ тіліндегі тұтас жүйесін жасап шықты»[3].