1.Қазіргі жағдайда қазақстандық кәсіпорындар үшін қандай тәуекелдер болуы мүмкін?



бет5/7
Дата15.04.2023
өлшемі70,22 Kb.
#82875
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1. азіргі жа дайда аза станды к сіпорындар шін андай т уекел

Қабылданды - ҚР 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Заңын қараңыз
ҚР Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1750 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң жеделдетілген оңалту рәсімін және оңалту рәсімін қолдану, сондай-ақ борышкерді банкрот деп тану үшін негіздерді, оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу тәртібі мен шарттарын және борышкердің кредитордың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігі кезінде туындайтын өзге де қатынастарды белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы өндірушісі - жерді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылық өнімін, егер осы өнімді, оның ішінде өңделген өнімді өткізуден түсетін кірісті жылдық кірістің жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраса, өндіретін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) оңалту және банкроттық рәсіміндегі аффилиирленген тұлғалар (бұдан әрі - аффилиирленген тұлғалар) - шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оңалту және банкроттық рәсімдерінің қатысушысы қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жасалған шартқа орай әсер ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттік шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда);
3) әдейі банкроттық - заңды тұлғаның құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының және өзге органдарының іс-қимылы және (немесе) қабылдаған шешімдері нәтижесінде, сол сияқты дара кәсіпкердің жеке мүддесінде немесе өзге де тұлғалардың мүдделерінде жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы;
4) әкімші - осы Заңда құқықтары мен міндеттері белгіленген, сотта іс қарау кезеңінде және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізуде белгіленген тәртіппен тағайындалатын уақытша әкімші, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушылар;
5) әкімшілік шығыстар - оңалту рәсіміне және банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға және өткізуге байланысты шығыстар;
6) банкрот - дәрменсіздігі заңды күшіне енген сот шешімімен белгіленген борышкер;
7) банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған, оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі;
8) банкроттық басқарушы - банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін кредиторлардың жиналысымен тағайындалған адам;
9) банкроттық рәсімі - кредиторлардың талаптарын осы Заңда белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;
10) борышкер - төлемге қабілетсіздігі оған осы Заңда көзделген рәсімдерді қолдануға негіз болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
11) біртекті кредиторлар тобы - борышкерге қоятын бірдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бір-бірінің алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.
Біртекті кредиторлар топтарын:
өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтету туралы талаптар бойынша кредиторлар;
еңбек шарттары бойынша еңбекақы және өтемақылар төлеу, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді төлеу бойынша кредиторлар;
кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлар;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар;
кепілмен қамтамасыз етілмеген кредит (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар - қаржылық ұйымдар;
кредиторлар - борышкердің облигацияларын ұстаушылар құрауы мүмкін;
12) дәрменсіздік - кредиторлардың ақшалай міндеттемелер бойынша талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз етуге борышкердің сот белгілеген қабілетсіздігі;
13) жалған банкроттық - заңды тұлғаның басшысының, құрылтайшысының (қатысушысының) және өзге де органдарының әрекеті және (немесе) қабылдаған шешімдері нәтижесінде, сол сияқты дара кәсіпкердің кредиторларға тиесілі төлемдердің мерзімін кейінге қалдыруы немесе ұзартуы немесе борыштардан жеңілдік алуы үшін, сол сияқты борыштарды төлемеуі үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көрінеу жалған хабарлауы;
14) жеделдетілген оңалту рәсімі - сотқа дейінгі тәртіппен кредиторлармен келісілген оңалту жоспары негізінде борышкерге қатысты сот тәртібімен қолданылатын рәсім;
15) жоқ борышкер - тұрақты жұмыс істейтін органының, сондай-ақ борышкер оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын қатысушылары мен лауазымды адамдарының тұрғылықты жерін немесе тіркелген жерін немесе орналасқан жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін болмаған борышкер;
16) кепілді кредитор - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;
17) кредитор - еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзінің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
18) кәдімгі коммерциялық операциялар - борышкердің күнделікті жұмыс істеуін сақтап тұру мақсатында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің айналымымен байланысты, тұрақты сипаты бар іс-әрекеттер;
19) лауазымды адам - акционерлік қоғам директорлары кеңесінің мүшесі, заңды тұлғаның - дәрменсіз борышкердің басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін, заңды тұлғаны басқару жөніндегі өкілеттіктер берілген өзге де тұлға, заңды тұлғаның - дәрменсіз борышкердің бас бухгалтері;
20) мемлекеттік қолдау шаралары - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ұйымға қатысты қолданылатын, қаржылық сауықтыруға бағытталған шаралар;
21) уақытша әкімші - оңалту жоспарын әзірлеу кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін құру және кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілемелерді келісу үшін сот тағайындаған тұлға;
22) мүліктік масса - борышкердің (банкроттың) оңалту рәсімінде және банкроттық рәсімінде өндіріп алуға болатын мүлкі, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың мүлкі;
23) оңалтуды басқарушы - осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімінің кезеңіне дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік берілетін адам;
24) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
25) оңалту жоспары - оңалту рәсімін, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану кезінде борышкерді сауықтыруға бағытталған және жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлардың, біртекті кредиторлар тобының арасындағы өзара келісім негізінде жүзеге асырылатын, кредиторлар талаптарын өтеу кестесін қоса алғанда, іске асырылу мерзімдері, сондай-ақ қол жеткізілетін нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар және ықтимал тәуекелдер көрсетілетін өзара байланысты іс-шаралар кешені;
26) оңалту рәсімі - сот тәртібімен енгізілетін рәсім, оның шеңберінде төлемге қабілетсіз борышкерге борышкердің таратылуын болғызбау мақсатында оның төлемге қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастырушылық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады;
27) санация - оңалту жоспарында көзделген іс-шара, оның барысында борышкер мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар төлемге қабілетсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту жөніндегі өзге де шаралар кешені іске асырылады;
28) уақытша басқарушы - борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ банкроттықты басқарушыны тағайындағанға дейін банкроттық рәсімін жүргізу үшін сот тағайындаған адам;
29) кредиторлар талаптарының тізілімі - оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерінде қалыптасатын олардың мөлшері, негіздері мен туындау күні көрсетіле отырып, кредиторлардың борышкерге қойылатын талаптарының тізбесі;
30) камералдық бақылау - әкімші ұсынған рәсімді жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, әкімшінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерттеу, талдау және салыстыру негізінде уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау;
31) бірыңғай өндірістік кешен - жиынтығында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу немесе өткізу кезінде бірыңғай циклді қамтамасыз ету үшін қажетті мүлік.
2-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда көрсетілген шарттың қағидалары қолданылады.
Кредиторлар ретінде шетелдік тұлғалар қатысатын осы Заңмен реттелетін қатынастарға, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, осы Заңның ережелері қолданылады.
3. Шет мемлекеттері соттарының оңалту және банкроттық туралы істер бойынша сот актілері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес танылады.
3-бап. Заңның қолданылу ерекшеліктерi
1. Осы Заң қазыналық кәсіпорындардан және мекемелерден, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғаларды жеделдетілген оңалту және оңалту, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады.
Сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оларды тарату банк заңнамасына, сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсімдерін өндіріс циклі үздіксіз мақта өңдеу және нан қабылдау ұйымдарына, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлерге қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленуі мүмкін.
2. Банкроттық, оңалту немесе жеделдетілген оңалту туралы істерді сот оңалту және банкроттық туралы заңнамада белгіленген ерекшеліктермен азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
3. Табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын не республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті, сондай-ақ мемлекеттің бастамасы бойынша банкрот деп танылған ұйымдар мен дербес кәсіпкерлер банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында мүліктік массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде мүліктік массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдауға құқылы.
4. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес олардың қызметіне міндетті экологиялық аудит жүргізіледі.
4-бап. Банкроттықты тану
1. Банкроттық борышкердің сотқа берген өтініші негізінде өз еркімен белгіленеді.
2. Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкілеттік берілген өзге тұлғалардың сотқа берген өтініші негізінде мәжбүрлеп белгіленеді.
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда борышкер сотқа өзін банкрот деп тану туралы өтініш беруге міндетті.
4. Егер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен тарату туралы шешім қабылданған заңды тұлға мүлкінің құны кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болса, мұндай заңды тұлға осы Заңда белгіленген қағидалар бойынша сот тәртібімен таратылуға тиіс.
5. Сот тәртібімен борышкерді банкрот деп жариялауға оның дәрменсіздігі негіз болып табылады.
Дәрменсіздік фактісін айқындау кезінде борышкердің орындау мерзімі жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындауындағы міндеттемелері ескерілуге тиіс.
5-бап. Оңалту немесе банкроттық рәсімдерін қолдану негіздерi
1. Борышкердің төлемге қабілетсіздігі кредитордың борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
Борышкер мына:
1) кредитордың өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу, алименттерді өндіріп алу, еңбекақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар және жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары жөніндегі, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар жөніндегі талаптары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрау;
2) кредитордың салық берешегі борышкердің филиалдары мен өкілдіктерінің берешегін қоса алғанда, салық және басқа да бюджетке түсетін төлемдер бойынша талаптары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрау;
3) өзге кредиторлардың борышкерге қатысты талаптары дара кәсіпкерлер үшін жиынтығында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз айлық есептік көрсеткіштен кем емес, заңды тұлғалар үшін - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес соманы құрау шарттарының бірі міндеттемелер туындаған сәттен бастап үш айдың ішінде оларды орындамаған жағдайда, ол төлемге қабілетсіз болып табылады.
Осы тармақтың талаптары жоқ борышкердің банкрот деп тану туралы өтініш беру жағдайларына қолданылмайды.
2. Борышкердің қалпына келтірілу мүмкіндігі болмаған кездегі төлемге қабілетсіздігі оның өзін банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
3. Борышкердің қалпына келтірілу мүмкіндігі болған кездегі төлемге қабілетсіздігі немесе борышкерге таяу он екі айда ақшалай міндеттемелерді орындау мерзімі басталғанда оларды орындайтындай күйде болмайтын төлемге қабілетсіздік қаупінің төнуі оның оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінуіне негіз болып табылады.
9.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет