1.Қазіргі жағдайда қазақстандық кәсіпорындар үшін қандай тәуекелдер болуы мүмкін?



бет3/7
Дата15.04.2023
өлшемі70,22 Kb.
#82875
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1. азіргі жа дайда аза станды к сіпорындар шін андай т уекел

Физикалық-химиялық процестерге материалдардың физикалық-механикалық және механикалық қасиеттері, олардың ішкі құрылымы өзгеріске ұшырайтын процестер жатады (химиялық, жылу, диффузиялық, еріту, электрохимиялық және басқа да процестер).
Сонымен қатар, еңбек заттарының орнын ауыстыру бойынша транспорттықпроцестерді және олармен байланысты тиеу-түсіру процестерін; дайындалған еңбек заттарының белгіленген стандартқа немесе техникалық жағдайларға сәйкестігін сынау және тексеру бойынша бақылаупроцестерін; өндірістік процестердің жекелеген түрлерінің жүру жағдайлары мен параметрлерін зерттеу бойынша зерттеужұмыстарын; жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау бойынша геологиялық барлау процестерін ажырату қажет.
Өндірістік процестің негізгі бөлігі кезеңінің ұзақтығы бойынша үздіксіз және үзілісті процестерді ажыратады.
Үзілістіпроцестер процестердің кезеңділігімен және қайталануымен сипатталады. Оларға, мысалы, геологиялық барлау және бұрғылау жатады.
Үздіксіз өндірістік процестерде кезеңділік белгісі болмайды, технологиялық процесс үздіксіз жүреді, процестің үзілстілігі мен қалпына келтірілуі оның технологиялық ұзақтығымен емес, мысалы, мұнай өндірісіндегі секілді, жабдық жұмысының жөндеу аралық мерзімінің ұзақтығымен анықталады.
Осылайша, өндірісті ұйымдастыру – бұл еңбек процестерін және өндірістің материалдық элементтерін уақыт ағымы мен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығы.


3. Еңбек ресурстарының дамуы еңбек өнімділігін арттыруға қалай әсер етеді
Кәсіпорындарда еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады.
Еңбек өнімділігі - өндіріс процесіндегі еңбектің тиімділігі. Өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді. Еңбек өнімділігі динамикасының деңгейінен адамның әл – қуат деңгейінен қоғамның дамуымен тәуелді. Сонымен қатар, еңбек тиімділігі деген түсінік бар. Ол экономикалық аспектімен қатар психофизиологиялық және әлеуметтік аспектіні қосып қарастырады. Еңбектің психофизиологиялық тиімділігі адамның организміне еңбек процесінің әсерімен анықталады. Ол еңбек зиянсыз болса, қауіпсіздік жақсы санитарлық гегиеналық жағдай. Әлеуметтік – ол әрбір адамның жағдайы жақсы болғанда квалификация жоғарылату, ұжымның ішіндегі қарым - қатынастың жақсы болуы. Осы шарттар орындалмаса онда еңбек өнімділігі төмендейді. Сондықтан тиімділік пен өнімділік тығыз байланысты.
Еңбек өнімділігін жоғарылату қоры – ол өндіргіш күштерін толық пайдалану мүмкіндігі. Сонымен қатар, барлық факторлардың өнімділігін, еңбекті басқаруды, өндірістің ұйымдастаруын жақсарту, технология мен техниканың жетілдіруімен байланысты жоғарлату.3
Еңбек өнімділігін жоғарылату қорының бірнеше классификациясы бар. Олар үлкен екі топқа бөлінеді:
1. еңбек күшін пайдалануды жақсарту қоры ( ұйымдастыру, еңбек жағдайы, жұмысшының жұмыс жасауын жоғарылату, кадрлардың құрылымы, үздіксіз жұмысқа қажетті ұйымдастыру жағдайын жасау, еңбек нәтижесінің жоғары дәрежеде материалдық және рухани мүдделерін қамтамасыз ету );
2. негізгі және айналым қорларын тиімді пайдалану ( резерв, машина, механизм және т.б. уақытқа, шарттарға байланысты жақсы пайдалану, шикізат, материалдарды, энергияны үнемді және толық пайдалану ).
Қорлар пайдалану мүмкіндігі бойынша жиналған қорға және жойылған қорға бөлінеді.
Пайдалану уақытына байланысты ағымды және перспективалыққа бөледі.
Ағымды қор – ол техникалық процесті өзгертпей, қосымша капиталды енгізбей жүргізеді.
Перспективалық қор - өндірісті өзгертуді, жаңа құрал – жабдықтарды орнатуды, капитал шығындарды және дайындыққа көп уақытты қажет етпейді.
Пайдалану орны бойынша: халық шаруашылық, салааралық және өндірістің ішіндегі қорға бөлінеді.
Халық шаруашылық қорлар: табиғи ресурстар, оларды пайдалану т.б.
Салааралық қорлар: кәсіпорынды мамандандыру, өндірісті бір жерге жинақтау, техника мен технологияны жақсарту.
Өндіріс ішіндегі қорлар: бұл қорлар өте маңызды болып табылады. Оларды кәсіпорында пайдаланады.
Ағымды және перспективалық қорлардан басқа олар екіге бөлінеді.
Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету қоры;
Жиынтық жұмыс уақытын жақсы пайдалану қоры.
Тәжірибеде еңбек өнімділігінің динамикасы мен өнімділікті анықтау үшін әртүрлі әдістер қолданылады:
1. Еңбек өнімділігін өлшейтін деңгейі бойынша біртекті өнім шығаратын жеке жұмыс орындарын қарастыруға болады. Өндірілген өнімнің көлемін анықтау үшін натуралдық әдісті қолданады ( дана, тонна, метр,). Бірақ бұны өте сирек қолданады. Себебі, біртекті өнім бір жұмыс орында, бригадада сирек өндіріледі. Сондықтан көлденең шартты натуралды әдісті қолданады. Онда өнімнің бір түрі немесе басқасымен салыстырмалы еңбек сыйымдылығы бойынша теңестіріледі.
2. Еңбек әдісі жұмыс орында бригадалар әртүрлі көп өнім өндірсе олардың барлығы номенклатуралы белгілі бір натуралды өлшеуішке санаудың қажеті жоқ. Өнім мен қызметтің көлемін еңбек өлшеуішпен анықтайды (жұмыс көлемі уақыт өлшеміне көбейтіледі, ал қорытындылары қосылады).
3. Кәсіпорынның деңгейі халық шаруашылығы салаларымен бірдей өздерінің көлемімен еңбек өнімділігін өлшеу үшін көбіне құндылық әдісі қолданылады. Барлық жұмыстың, қызметтің, өнімнің көлемі мен түрлері бірдей ақша өлшеуішпен көрсетіледі.
4. Өңдеудің нормативтік құн әдісі жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемі мен еңбек өнімділігін анықтау үшін қолданылады.
Еңбек өнімділігі көптеген факторлардың әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Кейбіреуі еңбек өнімділігін жоғарылатады немесе төмендетеді. Сонымен қатар, еңбек өнімділігіне еңбек жағдайы да әсер етеді. Мысалы, табиғи, қоғамдық, өндірістің техникалық жағдайы, санитарлы гегиеналық жағдайлар, жұмыс уақытының номиналдық қорын пайдалану жұмыс жасаған уақыттың номиналды уақыт қорына қатынасын анықтайды.
Ішкі факторлар кәсіпорынның техникамен қамтылуы, қолданған технологияның тиімділігі мен өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, жағдай жасау, жұмысшыларды оқыту, квалификациясын жоғарылату және т.б. Бұл факторлар ұжым мен жұмыс берушіге байланысты.

4. Коммерциялық ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалардың міндеттері


Құпиялы ақпаратты қорғаудың құқықтық реттеу жүйесі екіге бөлінеді: біріншіден, кәсіпорынның коммерциялық құпияны қорғау көлемін,субъектілердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер. Екіншіден, қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелерін қамтитын нормативтік құжаттар. Олар: кәсіпорын мақсаттарын, құқықтарын анықтайтын кәсіпорын жарғысы;
құпиялы ақпаратты қорғау шараларын көздейтін тараптардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін келісім-шарт;
ішкі тәртіп ережелері; ережеде қызмекерлерге кәсіпорын мүддесін сақтау үшін коммерциялық құпияны таратпау міндеті жүктелуі мүмкін;
ақпаратты сақтау тәртібі бойынша нұсқаулар;
коммерциялық құпия санаттарын көрсететін құжаттар, реестр түрінде болуы мүмкін.
Сондай-ақ кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелері қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін реттейтін әртүрлі ережелер болуы мүмкін. Мысалы, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібінің ережелері, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтермен танысу жүйесі туралы ережелер және т.б..
Жалпы тәртіп бойынша қорғалатын ақпаратпен жұмыс істейтін қызметкер мұндай ақпаратты тасушы болып есептеледі және ол ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті тұлға болады.
Коммерциялық құпияны сақтаудың ұйымдастырушылық материалдық, инженерлі-техникалық қамтамасыз етілуі барсында кәсіпорын коммерциялық құпияны сақтау үшін әртүрлі тәсіл қолдана алады. Осылардың ең негізділерін атап айтсақ:
кәсіпорында қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру;
коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізімін жүйелі түрде қайта қарау;
коммерциялық құпиямен танысуға рұқсат жүйесін тексеру;
кәсіпорынмен коммерциялық құпияны қорғауға, сақтауға жұмсалатын шығындарды есептеу;
ақпаратты қорғауға арнай жабдықтар алу және осы бағыттағы қажеттіліктерді анықтау;
арнайы кадрларды даярлау .
Қауіпсіздік қызметінің функционалдық міндеттері кең ауқымды. Бұл қызметтің басты мақсаты коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауды ұйымдастыру. Жалпы, қызметкерлерді құпияны сақтауға үйрету; арнайы әдістемелік құжаттарды әзірлеу (мысалы, коммерциялық құпияны сақтау ережелеріне арналған плакат) арқылы көрініс табады.
Коммерциялық құпияны құрайтың мәліметтердің тізімін жүйелі түрде қайта қарау кәсіпорын басшыларының біреуімен басқарылып отырған және арнайы құрылған комиссиямен жүзеге асады. Бұл қызметтін басты мақсаты – маңыздылығын жоғалтқан мәліметтерді алып, жаңа мәліметтерді тізімдерге қосу. Комиссияның жұмыс нәтижелерімен тиісі орындаушылар хабардар етіледі.
Коммерциялық құпияға рұқсат жүйесін тексеру, атқаратын қызметіне байланысты қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді көдейді. Құпиялы ақпаратқа рұқсат жүйесі – бұл әкімшілік құқытық нормалардың жиынтығын құрайды, қызметіне байланысты қажетті ақпаратпн қамтамасыз етуді реттейді. Жүйенің мақсаты – қажетті көлемде құпиялы ақпаратқа заңды рұқсаты болуы. Аталған жүйе құрамына:
құжаттандырылған құпиялы ақпаратқа рұқсат жүйесі;
құпия жұмыстары жүргізілетін ғимаратқа, кәсіпорын аумағына арнайы рұқсаттама және шифр жүйесін қолдану кіреді.
Құпиялы ақпараттың толықтығын сақтау сейф, темір шкаф, терезеге темір тор қою, арнай рұқсаттама жүйесін енгізу арқылы жүргізіледі.
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері де қалыптасқан. Азаматттық құқықтық тәсілдер арқылы қорғау қажеттілігі қызметкер мен кәсіпорын арасында туындайды. Бұл тәсіл өте қажет, себебі кейбір жағдайларда кәсіпорынның коммерциялық құпиясына оның бәсекелесімен сатылып алынған қызметкерлер үлкен қауіп туындатады. Кәсіпорын құпиясының қауіпсіздігі қорғау қызметінің негізгі объектісі, сондықтан құпияландырылған ақпараттармен жұмыс істеуге моральдық жағынан тұрақты және материалдық жауапкершіліктің туындау салдарын түсіне білетін қызметкерлер жіберілуі тиіс.
Кәсіпорынның құпия ақпараттарын тек қана жақсы тексеруден өткен, оқытылған және моралдық, материалдық жауапкершілікті сезінетін қызметкерге сеніп тапсыруға болады. Ол үшін кәсіпкер мынадай шаралар жүйесін іске асыруы тиіс:
еңбек шартында құпияландырылған ақпараттарды жарияламау туралы міндеттемелерді қарастыруы тиіс;
ақпараттар ағымын анықтау, барлық қорғалатын ақпараттар, құжаттардың барлығы құпиялылықтың тиісті белгісімен белгіленуі тиіс;
тапсырысшымен, сатып алушымен келісімдерде коммерциялық құпияны сақтау мәселелерін қарастыруы тиіс.
Дамыған мемлекеттерде коммерциялық құпияны қорғаудың негізі бұл заң актілері мен келісім шарттар болып табылады. Коммерциялық құпияны сақтау туралы заң актілерінің болуына қарамастан жұмыс берушілер еңбек шартында қызметкерлеріне сеніп тапсырылған құпия ақпараттарды жарияламау туралы міндеттемелерді міндетті түрде енгізіп отырады. Мұндай шарттар еңбек қатынастары орнатылғаннан кейін немесе қызметкер құпия ақпараттардың мазмұнымен еркін танысу құқығын алғаннан кейін бекітіледі. Жұмыс берушіге өзінің қызметкерімен шарт жасасу оған әррбір бөлек жағдайларда өздерінің арасындағы құқықтық қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Шартта қандай ақпарат ашық ақпарат екендігі және қандай ақпараттардың жариялануға жатпайтындығы көзделуі тиіс .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет