1.Қазіргі жағдайда қазақстандық кәсіпорындар үшін қандай тәуекелдер болуы мүмкін?



бет2/7
Дата15.04.2023
өлшемі70,22 Kb.
#82875
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1. азіргі жа дайда аза станды к сіпорындар шін андай т уекел

Технологиялық процесс – бұл адамның қандай да бір еңбек құралын қолдана отырып, еңбек затына әсер етуі нәтижесінде орын алатын еңбек затының сапалық (физикалық-химиялық және механикалық) өзгерісі. Еңбек затының өзгерісі адамдардың тікелей қатысуынсыз, табиғат күштерінің әсерінен де, яғни табиғи процестер нәтижесінде де орын алуы мүмкін.
Әрбір өндірістік процесте негізгі процесс маңызды орын алады. Негізгі процесс -бұл еңбек затының кәсіпорынның мамандануына сәйкес дайын өнімге айналуы. Негізгі өндірістің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жүзеге асатын процестер көмекші процестер деп аталады.
Өндірістік процесті ұйымдастыру мақсаттары үшін жұмысшының оны жүзеге асыруға қатысу сипатын, өндірістік процестің сипаты мен мазмұнын, оған материалдық элементтердің қатысуын, өндірістік процестің қайталану кезеңі мен ұзақтығын, өндірісті ұйымдастыру әдістерін білу өте маңызды болып табылады. Бұл жерде, өндірісті ұйымдастыру дегенде еңбек процестерін және өндірістің материалдық элементтерін уақыт ағымы мен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығын түсінеміз.
Қол процестері – бұл жұмысшының механизмдердің (жабдықтардың) қатысуынсыз орындайтын жұмысы; мысалы, кілттердің көмегімен құбырларды немесе шлангыларды бұрау, тесіктерді қолмен тесу және басқалар.
Механикаландырылған қол процестеріқандай да бір механикаландырылған инструменттің көмегімен қандай да бір энергия көзін қолдану арқылы тікелей жұмысшымен орындалады, мысалы, гайкаларды бұрау, тесіктерді бұрғымен тесу, резервуардағы мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеу және басқалар.
Машиналық - қолпроцестері жұмысшының тікелей қатысуымен машинамен орындалады; мысалы көтергіш тракторда жұмыс жасау және басқалар.
Машиналықпроцестер жабдықтың жұмыс бөлігімен жұмысшының қатысуынсыз жүзеге асады; мысалы, жер асты жөндеуде немесе бұрғылау процесінде құбырларды ұңғыдан көтеру және т.б.
Автоматтандырылғанпроцестер адамның қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асады; мысалы, қашауды ұңғы забойына автоматты түрде беру, парафинді тазалау үшін қырғышты автоматты түрде беру және басқалар.
Аппараттық процестер ыдыстар мен аппараттар жүйесінде орын алады, және де еңбек заты технологиялық режимнің қатаң белгіленген көрсеткіштерінде өзгеріске ұшырайды. Мұнда жұмысшы (немесе жұмысшылар тобы) аппараттар жұмысын бақылайды және оларда жүріп жатқан процестерді бекітілген тәртіпке сәйкес реттеп отырады. Мұнай өндірісінде бұған мұнайды электрлік тұссыздандырғыш қондырғыда (ЭЛОУ) диэмульсациялау мысал бола алады, ал кейбір мұнай базаларында майларды өндіру процесі аппараттық болып табылады; бұрғылауда – балшық зауытындағы жуу сұйықтарын өндіру; мұнай өңдеу және мұнай-химиялық процестер де аппараттық процестерге жатады.
Мазмұны мен сипаты бойынша өндірістік процестер механикалық және физикалық-химиялық процестерге бөлінеді.
Механикалық процестер – бұл механикалық күштердің әсерімен еңбек затының формасы, мөлшері, жағдайы мен орналасуы қандай да бір өзгеріске ұшырайтын процестер. Оларға шикізатты немесе өнімді басқа физикалық жағдайға өңдеу немесе қайта өңдеу, форма қалыптастыру, жинақтау, өндіру процестері, тасымалдау, сақтау және мұнай өндірісіндегі секілді т.б. процестер жатады. Бұрғылау процесі де механикалық процестерге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет