5. Қазақстан Республикасының қандай заңдары коммерциялық құпияны сақталуын қамтамасыз етеді?
Коммерциялық (кәсiпкерлiк) құпия заңмен қорғалады. Кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялығын қорғауға шаралар қолданады. Ақпаратты қолжетімділік санаттарына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын кәсіпкерлік субъектісі айқындайды.
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау бойынша кәсіпкерлік субъектісі қолданатын шаралар:
1) коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат тізбесін айқындауды;
2) осы ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін және осы тәртіптің сақталуын бақылауды белгілеу арқылы коммерциялық құпияға қол жеткізуді шектеуді;
3) коммерциялық құпияға қолжетімділік алған адамдарды және (немесе) осы ақпарат ұсынылған немесе берілген адамдарды есепке алуды қамтуы мүмкін.
5-тармақ , 10-бап «Кәсiпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау», Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_
28-бап «Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау». 2015 жылдың 29 қазанындағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z28
115-бап, 3-тармақ «Азаматтық құқық объектілерінің түрлері» Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_
50-бап «Банк құпиясы». «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002444_
201-бап «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу». «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231
389-бап «Үкім шығару құпиясы». «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ. Кодекс мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000231
3-бап «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155 Заңы. Заң мәтініне сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000155_
6. Коммерциялық құпияны қорғау
Коммерциялық (кәсіпкерлік) құпия заңмен қорғалады.Коммерциялық құпияны құрастыратын мәліметтерді белгілеу тәртібі, оны қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына кіруге тиіс емес мәліметтер тізілімі заңнамамен белгіленеді. Коммерциялық құпияға мемлекеттік бақылау функцияларын, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін орындау арқылы, қызмет жағдайымен және т.б. қол жеткізе алатын тұлғалар оны басқа тұлғаларға жарияламауға міндетті.Кәсіпорын басшылығы коммерциялық құпияға жататын мәліметтердің сипаты мен көлемін өзі анықтайды және бұл мәліметтерді жария болудан қорғайды.Құпия мәліметті білетін адамдардың тізімін белгілейді.Мемлекет үкімет органдары коммерциялық құпияны анықтау мен сақтауда заңда көрсетілген жағдайлардан басқа уақытта араласа алмайды.Коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорын әкімшілігі мыналарды белгілейді:
1.Мәліметтің коммерциялық құпияға жату ережесін.
2.Коммерциялық құпияны білетін адамдардың тізімін.
3.Құпиялық режимін,коммерциялық құпия істерді жүргізу тәртібін, оның есебін, құпиялылығын сақтау, көбейту, жою мерзімі мен тәртібін.
4.Құпия мәліметті қорғаудың техникалық шарттарын. Арнайы бұйрықпен басшы кәсіпорынның коммерциялық құпия мәліметтің тізімін бекітеді. Коммерциялық құпияға қатысы бар адамдар қолхат беру арқылы бұйрық пен және оның қосымшаларымен таныса алады. Кәсіпорынның құпия мәліметтері туралы ереже жасалуы да мүмкін. Құпия мәліметтердің үлгі тізімі мынадай түрде рәсімделуі мүмкін. Кез келген ұйымның комерциялық құпиялығын құрайтын мәліметтердің тізімі:
• Несиелердің мөлшері, тауар өндіру мен қызмет көрсетудің көлемі, әріптес фирмалардың атауы, табыстың мөлшері оның бөлінуі, келіссөз құжаттары, коммерциялық келісім, төлем, қызмет көрсету шаралары;
• Қызметкерлердің еңбекжалақысы, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәлімет, өткізу жүйесі, өткізу ауданы;
Содан соң директордың қолы, тегі, есімі, әкесінің аты-жөні жазылады. Әріптестермен қызметкерлермен келісімшарттарда коммерциялық құпияны білудің тәртібі және оның сақталуына жауапкершілік ескеріледі. Құпия мәліметтері бар құжаттарды есепке алу жеке журналдарында тіркеледі және олда құпия жүргізіледі. Коммерциялық құпия кәсіпорынның меншігі болып табылады. Онын мақсаты - кәсіпорынға бәсекелестік күрес жағдайында экономикалық артықшылықтарды қамтамасыз ету. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат,төмендегі талаптарға жауап беруі тиіс:
1. Ақпаратты ашық түрде қолдану кәсіпорынға зиян келтіруімен байланысты.
2. Заңдық негізде ақпарат жалпыға белгілі немесе жалпыға тиімді болмайды.
3.Ақпарат қорғалуды қажет етеді, ол себебі мемлекеттік секрет болып табылмайды және авторлық және патенттік құқықпен қорғалмаған.
Кәсіпорын экономикалық немесе басқа пайда бойынша.
5.Бұл мәліметтердің жасырылуы қоғамға зиян келтірмейді.
Төмендегі ақпараттар коммерциялық құпияны құрайды:
-Фирманың сауда қатынастары;
-Ұйымдар мен қаражат айналымының өлшемі;
- Өткізу нарығының жағдайы;
- Банк операциялары;
-Жеткізушілер мен тұтынушылар;
-Патенттер мазмұны;
-Капитал құрылымы;
- Инвестициялар жоспары;
-Келісім шарттары;
-Тауар бағасының құрылуы;
-Пайда көлемімен өндіріс көлемі;
Өндірістік құпия мына ақпараттарды қорғайды:
-Өндіріс тәсілі мен технологиясын;
-Еңбек ұйымын;
-Техникалық ашылулар мен өнертабуларды;
-Зерттеу жұмыстарының сипатымен мақсатын.
7. Кәсіпкерлік субъектілерінің дәрменсіздігі
Дәрменсіздігі (банкроттығы, заңды тұлғаның
қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың және қазыналық кәсіпорындар, тұтыну кооперативтері, қайырымдылық және өзге де қорлар сот шешімі бойынша банкрот деп танылуы мүмкін, егер олар адамдарды қанағаттандыру үшін талаптар кредиторлар.Аталған заңды тұлғалар бірлесе отырып, кредиторлар туралы шешім қабылдауға жариялау туралы банкроттық және ерікті тарату туралы. Негіздер тану сот заңды тұлғаны банкрот немесе хабарландыру оларға туралы банкроттық, сондай-ақ тәртібі жою осындай заңды тұлғаның заңмен белгіленеді Мемлекет субъектілері, муниципалдық білім субъектілері — кәсіпкерлік құқық
Ерекше орын арасында кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын иеленеді.Тең негізде азаматтық және заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарда болып табылады.Республика, өлке, облыс, автономды округ, сондай-ақ қалалық, ауылдық елді мекендер мен басқа да муниципалды білім беру. Жиынтығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін құрайды, нақты азаматтық құқықтық қатынастар, мысалы, меншік құқығы, басқа да заттық құқықтар, құқығы талаптар (құқықтары мен міндеттері, туындайтын келісім-шарт және өзге де міндеттемелерді).
8.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Оңалту және банкроттық туралы
Достарыңызбен бөлісу: |