1.Қазіргі жағдайда қазақстандық кәсіпорындар үшін қандай тәуекелдер болуы мүмкін?


Бизнестің ішкі әлеуметтік жауапкершілігі



бет7/7
Дата15.04.2023
өлшемі70,22 Kb.
#82875
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1. азіргі жа дайда аза станды к сіпорындар шін андай т уекел

Бизнестің ішкі әлеуметтік жауапкершілігі




Бұл компанияның өз жұмыс ортасында жауапкершілікті қалай басқаруы, және ол қызметін жүзеге асыратын адамдар (мысалы, ол адамдар ресурстарын, клиенттермен қарым-қатынастарды, байланыстарды, корпоративтік этиканы және инвесторлармен қарым-қатынастарды қалай басқарады). Сонымен қатар, олар мүдделі тараптың заңды мүдделерін назарға алатын басқару жүйесін құрады және компания стратегиясын қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағыттайды.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің принциптерін мойнына алған компаниялар өздерінің шаруасына оң эффективті әсерін береді, егер компаниялар өз еркімен, адал әрекет етсе. Компаниялар қоғамның қай тұстарына (жергілікті жердің немесе халықтың қай әлеуметтік тобына) әлеуметтік көмек көрсететінін өздері шеше білу керек. Ірі ұлттық компаниялар, трансұлттық корпорациялар әлеуметтік жауапкершілікке ерекше көңіл бөлу қажет. Себебі, қазіргі таңда, олар – Қазақстан экономикасының негізгі тірегі болып есептеледі. Бұл ірі компаниялар әлеуметтік жауапкершілік бойынша белгілі бір деңгей есебінде әрекет етіп жатыр. Алайда, бұл әрекеттер көбіне қайырымдылықпен бітуде.Кіші және орта бизнеске әлеуметтік жауапкершілікті артудың орны жоқ, себебі, бұлар қоршаған ортаға аса экологиялық зиянын тигізіп жатқан жоқ. Елбасымыз айтқандай, кіші және орта бизнес – мемлекет локомотиві болып табылады. Бірақ, бұл бизнес өкілдері өздері орналасқан жергілікті жерде қайырымдылық, спонсорлық көмек көрсетіп жатса, нұр үстіне нұр болмақ!Әлеуметтік жауапкершіліктің үш бұрышында: мемлекет, бизнес, азаматтық қоғам болса, осындағы азаматтық қоғам – ең әлсіз тұс. Себебі, азаматтық қоғамның түсінігінде әлеуметтік жауапкершілік мемлекет тарапынан, ал бизнес өкілдерінің тарапынан қайырымдылық, спонсорлық көмек болу керек деген түсінік жатыр
Әлеуметтік жауапкершіліктің үшінші бұрышындағы қарастыратын субъект – кәсіпкер. Ең алдымен, кәсіпорындарға КӘЖ беретін мүмкіндіктерге тоқталайық:

  • Сатулардың көлемін арттыру;

  • Шығындарды азайту;

  • Қызметкерлерді тарту, сақтау, ынталандыру және дамыту;

  • Капиталға қол жеткізуді жақсарту;

  • Басқа компаниялармен альянстар мен серіктестіктер құру;

  • Қауіп-қатерлерді басқаруды жақсарту;

  • Беделді қалыптастыру және айрықша басымдылықтарды құру;

  • Қызметкерлер мен клиенттердің неғұрлым жоғары берілгендігін қалыптастыру;

  • Сауда маркасының беделін нығайту.

Мемлекеттің тарапынан болатын әрекеттерге беретін ұсыныстар келесідей:

  1. Мемлекет КӘЖ жөнінен «Парыз кодексін» енгізу керек (бұл кодексте идеалды бизнестің портреті сипатталады);

  2. Арнайы «Бизнес» телехабарын құру керек («Парыз Кодексін» орындамайтын компаниялар өздерінің сыртқы имиджінің түсуіне, сондай-ақ, сол компанияларға тұтынушылар тарапынан сұраныс азаятынына алып келетінін түсінеді, ал керісінше, орындаушылар қосымша пайдасына алып келеді);

  3. Мемлекет КӘЖ жүйеленуінде нақты ережелер мен нормаларды бекіту керек, заңнамалық базасын құрастыру керек;

  4. Жергілікті жердегі мемлекеттік органдар мен кәсіпорын, фирма,

компания сол жердегі әлеуметтік нысандарға белгілі көмек көрсету керек;

  1. Облыс көлемінде КӘЖ жөнінен Кеңес құру қажет (яғни бұл кеңеске облыс көлеміндегі билік органдары, ірі кәсіпорындар кіреді);

  2. Кеңес аясында әр түрлі әлеуметтік бағыттарда «қайырымдылық», «әлеуметтік жауапкершілік» қорларын құру қажет (мысалға: бұл қордан төтенше жағдай орын алған нысандарға кідірместен қаржы жіберіледі);

  3. Мемлекет түрлі кәсіпорындардың әлеуметтік мәселе жөнінен серіктестігіне алып келуін қамтамасыз ету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет