ханның Қазақ хандығына жорығы. Қазақ хандығының Дешті Қыпшақ үшін
күресі. Жәнібек хан. Дешті Қыпшақта Қазақ хандары билігінің орнауы. Қазақ
хандығының құрылуының тарихи маңызы. Сыр бойы. Тарихи-географиялық
сипаттама. Сыр бойы – дәстүрлі өркениет ошағы. Сыр бойы қалаларының
қазақ қоғамының саяси-әкімшілік, экономикалық, әскери-стратегиялық және
діни-мәдени өміріндегі орны. Сыр бойының қысқы жайылым мен қыстау
ретіндегі маңызы. Қазақ хандығының Сыр бойы үшін күресінің басталуы,
оның кезеңдері. Бұрындық хан. ХҮ ғ. 90-шы жж. шиеліністі жағдайлар және
1495/96 жж. келісімдер.
ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстанда отаршылдық кезеңнің басталуы.
Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ жүздерінің жағдайы. 1697 жылғы
Галдан Бошоктың билік басына келуі. ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында
Ресей үшін Қазақстанның мәні. І Петр патшаның «Шығыс саясаты»
жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы.
Бухгольц экспедициясы ( Ямышевск бекінісі – 1 қазан 1715 ж., Омбы бекінісі
– 20 мамыр 1716 ж.), А.Бекович–Черкасскийдің, П.Северскийдің (Железинск
бекінісі – 1717 ж.), И.М.Лихаревтің (Өскемен бекінісі – 1720 ж.)
экспедициялары. Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың Ресей патшалығымен
дипломатиялық келіссөздері. 1723 жылғы қыркүйектегі Әбілхайыр ханның
Еділ қалмақтарына жорығы. 1726 ж. Күздегі Әбілхайыр, Сәмеке ханжардың,
Есім, Барақ сұлтандар басқарған қазақ жасақтарының Лобжы Назаров тайшы
билейтін қалмақ ұлысына жорығы. Құтлымбет Қоштайұлының бастауымен
елшілерін Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысымен
Ресейге жіберуі. Императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей
империясының құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қоюы.
А.И.Тевкелевтің елшілігі. Әр түрлі саяси топтардың Тевкелев елшілігіне
қатынасы. Кіші жүз (1731 ж.) және Орта жүз (1734 ж.) қазақтарының Ресей
бодандығын қабылдауы.
Достарыңызбен бөлісу: