1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет5/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

Түргеш қағанаты (704-756 жж.).
Түргеш қағанатының құрылуы. Үш-Елік 
қаған және түргештердің Батыс Түрік мемлекеттігін қайта қалпына келтіруі. 
Суяб қаласы қағанаттың саяси орталығы. Ішкі құрылымы: қара және сары 
түргештер, тұтықтарға бөлінуі. Қағанаттың Сақал тұсындағы нығаюы, оның 
жүргізген шаралары. Шығыс түркілерінің түргеш мемлекетіне басып кіруі, 
қағанаттың уақытша құлдырауы. Қапағанның батысқа жорығы туралы Орхон 


жазбаларының мәліметтері. Сұлу (Сұлұқ) қағанның билік құрған кездегі 
Түргеш қағанаты. 
ҚАЗАҚСТАН ОРТАҒАСЫРЛАРДА
Қазақстан монғол шапқыншылығы дәуірінде (ХІІІ ғ.) 
Алтын Орда (1243 – ХҮ ғ. ортасы
). Монғол тайпалары жөніндегі жазба 
дерек мәліметі, олардың түрлері. Шыңғыс ханның Монғол мемлекетін құруы, 
оның саяси-әкімшілік құрылымы. Шыңғыс ханның «Ұлы Жасағындағы» 
«Жасақ» және «Білік». Шыңғыс ханның билік құрған жылдары. Алғашқы 
жаулап алу соғыстары. Шыңғыс ханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды 
басып алуы. Монғол әскері және Хоремшахтың армиясы Қазақстан жерінде 
алғаш кездесуі. 1218 ж. «Отырар оқиғасының» Шыңғысханның 
Мәуереннахрға жорығын жеделдетуі. Хорезм шах мемлекетін талқандау 
Орта Азиянының жаулануы. Дешті Қыпшақты бағындыру. Қазақстан 
территориясы Шыңғысхан империясының құрамына енуі. Монғолдардың 
жаулап алған елдерді ұлыстарға бөлуі, ол ұлыстардың территориясы, 
этникалық құрамы. Қазақ жерлері монғол хандары құрған ұлыстар 
құрамында. Жошы, Шағатай,Үгедей ұлыстарының территориялық аймағы. 
ХІҮ –ХҮ ғғ. монғол шапқыншылығынан кейінгі Қазақстан 
территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер.
Орда Ежен ұлысын құраған Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері. Орда 
Ежен ұлысы, территориясы мен тайпалық құрамы. Ұлыстың алғашқы саяси 
орталығы. Саяси орталықтың Сыр бойына ауыстырылуы, оның себептері, 
салдары және маңызы. Сығанақ – астана. Сасы Бұқа, Ерзен хандар саясаты. 
Ақ Орданың Алтын Ордамен қатынасы. Мүбәрәк хан «бүлігі». Шымтай хан 
(1344-1361). Алтын Ордадағы «дүрбелең кезең» және Ақ Орда. Ұрыс ханның 
тұсында Ақ Орданың Алтын Ордадан тәуелсіз хандық болып жариялануы. 
Ақ Орданың Алтын Орда құрамына енуі. Барақ хан (1423-24-1428) 
тұсындағы Ақ Орда. Ақ Орданың күйреуі. Ақ Орда тарихының Қазақстан 
тарихында алатын орны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет