1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ даласы



Pdf көрінісі
бет20/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

9. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ даласы. 
Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы 
шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, 
ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. 
Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. 
Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. 
Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, 
мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар 
үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл 
шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, 
өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Сонымен қатар 
Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. 
Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. 
Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан 
өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-
Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – 
саяси жағдайына әсер етті. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы 
шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола 
облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен 
бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа 
пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы 
қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты 
әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға 
арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер 
лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты 
тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді. 1916 жылғы ұлт-азаттық 
қозғалыс.Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың 
аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл 
барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі 
еді.Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. 
Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті 
үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет