Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша
үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы
реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде
қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкіметі Қазақстанның
байырғы халқы сайлауға қатысуға әлі дайын емес деп санады. Сондықтан да
1907—1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған
жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды.
1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Костанай сияқты тағы да басқа
қалаларда наразылық митингілері болып өтті. 1908 жылы Ә. Бөкейханов
Выборг үндеуіне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына
қарсылық ретінде қабылданған болатын.
Келесі шақырылған Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының мүдделерін Т.
Седелъников, В. Недоносков, Н. Бородин, И.И. Космодемияновский, А.
Виноградов, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады.
Достарыңызбен бөлісу: