1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


 «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің қоғам өмірінде алатын орны



Pdf көрінісі
бет17/55
Дата14.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#114132
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

7. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің қоғам өмірінде алатын орны. 
XX ғасырдың басында қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының 
өрістеуімен байланысты ресми емес қазақ баспасөзінің қалыптасуы орын 
алды. 1911 жылғы 10 қаңтарда Тройцкіде бірінші қазақ журналы «Айқап» 
жарық көрді. Журналды ұйымдастырушы-баспагері және редакторы 
Мұхамеджан Сералин болды. Ол демократияшыл зиялыларды либерал-
революциялық ниеті бар студент-жастарды топтастырып, олардың назары 
мен жігерін жалпы ұлттық проблемаларды шешуге бағыттады. «Айқап» 
журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін алғашқы 
кездк айына бір рет, ал кейін екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі 
шығып, таралымы 1000 данаға дейін жетті. «Айқап» жер мәселесіне зор көңіл 
бөліп отырды. Өйткені патша үкіметі орыс және украин шаруаларын өлке 
жеріне көптеп қоныстандыру мақсатында қазақтардың құнарлы жерлерін 
тартып алуды өрістетті, арнайы «қоныс аудару» қорын құрды. Журнал ағарту 
ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. Айқаптықтар өздерінің жазған 
мақалаларында еңбекші бұқараның арман-тілектері мен ойларын көрсете 
білетін демократтарға дейін көтерілді. "Айқап" қазақтың қоғамдық 
санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты. 
Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, 
отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға 
қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Сондай-ақ «Айқап» 
журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, 
шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындыларын жариялап, 
әдебиеттерінің рухани мұрасын насихаттауда айтуға тұрарлық істер атқарды. 
Журнал жұмысына Ж. Сейдалин, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Қ. 
Кеменгеров, М.Ж.Көпеев белсене қатысты.


ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстан коғамы өмірінің барлық 
жақтарын қамтып жазуда апталық басылым «Қазақ» газетінің рөлі зор болды. 
Газеттің 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейін 3 мың дана 
таралым мен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8 мың данаға 
дейін жетті. «Қазақ» газетінің редакторы аса көрнекті ақын, түркі тілінің 
маманы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. Газеттің негізгі 
идеалық- теориялық салмағын біртұтас болып біріккен ғажайып үштік А. 
Байтурсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов көтерді. Олар «Қазақ» газетінде 
жарияланған материалдардың жартысынан астамын өздері жазды. Тек Ә. 
Бөкейхановтың өзі газет үшін 200-дей мақала жазыпты. Ал А. Байтұрсынов 
алғашқы бағдарламалық мақаласында газет «ұлттың көзі, құлағы және тілі»- 
деп жоғары бағалады. «Қазақ» газеті ХХ- ғасырдың басындағы ұлт-азаттық 
қозғалысының стратегиясын анықтап берді. Газетте жарияланған 
материалдарында олар қазақ халқының өркениетінің, түрік дүниесі 
тарихында алатын орнын анықтап көрсетті. Бұқара халықты топтастыру, 
оның ежелгі мәдениетін және Ресей құрамындағы қазақ ұлттық мемлекетін 
қайта құру мәселесі газет қызметінің өзегіне айналды. «Қазақ» газетінің 
беттерінде патша өкіметінің аграрлық саясатындағы отаршылдықтың мәнін , 
қазақ шаруаларының құнарлы жерлерін алып қою көне қоныс аудару қоры 
құрылуының нәтижесінде шаруалардың жерсіз қалу үрдісі ашып көрсетілді. 
Газет қазақтардың отырықшылық өмір сүруге көшуін, сөйтіп егіншілік 
мәдениетін меңгеруін жақтады . «Қазақ» басылымы сонымен катар әйел және 
ұлт меселелерін батыл көтерді, дәрігерлік, агрономиялық білімдерді таратты. 
Газет дінді мемлекет пен мектептен бөлудi жақтап, діни экстремизмге қарсы 
шықты. Газет Бүкілқазақстандық съез шақыру идеясын колдады. «Қазақ» 
басылымының жұмысына Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ғ. Қарашев, 
М.С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов, С.Дөнентаев, 
М.Шоқай, М.Тынышбаев және тағы көптеген қазақ зиялылары белсене 
қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет